«Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарды тиімді басқару»




18.05.2011

2011 жылдың 28 наурызынан бастап С.Ж Асфендияров атындағы ҚазҰМУда Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің базасында тұрақты түрде «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» мамандығы бойынша 6 күндік біліктілікті көтеру циклы өтіп жатыр.

Цикл тақырыбы: «Шаруашылық жургізү құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарды тиімді басқару».

Тыңдаушылар құрамы: Республикалық, облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі медициналық мекемелердің бас дәрігерлері/ бас дәрігер орынбасарлары, бас экономистер, бас бухгалтерлер.

Аталған циклдың негізгі мақсаты – кадрлардың медициналық ұйымдарды басқару ресурстары төңірегіндегі білімін, денсаулық сақтаудағы мемлекеттік қазыналық мекемелерді және мемлекеттік  мекемелерді шаруашылық жургізү құқығындағы кәсіпорындарға қайта құру  мәселелеріндегі білімі мен дағдыларын жетілдіру.

2011 жылдың 28 наурызы бен 14 мамыры аралығында барлығы 238 маман білімін жетілдірді. (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыстары).

Пікірлер

Оқу процессі жоғары дәрежеде өтті, материалдар ұғыныңқы, жалпыға бірдей түсінікті берілді.

Оңтүсік Қазақстан облысынан келген курсанттар.

 

Университет ректоры А.А Ақанов мырзаға, ҚДСМ директоры Қ.А Төлебаев мырзаға , барлық лекторларға жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылықпен өткен курс үшін алғысымызды білдіреміз.

Ақтөбе облысынан келген курсанттар.

 

Осы өткізілген лекциялар мен семинарлар арқасында біз өзімізге қажетті ақпараттарды алдық және оны іс барысында жүзеге асыратын боламыз.

Маңғыстау облысынан келген курсанттар.