«Салалық терминдерді қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында республикалық терминологиялық конференция өтеді




03.04.2019

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ҚР  Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы №38 бұйрығының 8- тармағына сәйкес 2019 жылдың 12 сәуірінде «Салалық терминдерді қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында республикалық терминологиялық конференция өткізіледі.

Конференцияға ҚР ДСМ терминологиялық комиссиясының мүшелері, қоғам қайраткерлері, өңірлік салалық терминологиялық топтардың мамандары, лингвист-ғалымдар,  аудармашылар, әдіскерлер, тіл мамандары, практикалық мамандар шақырылады.

Мамандар талқысына медицина саласы бойынша терминдер,  оқу-әдістемелік құралдар ұсынылып отыр. Сонымен қатар, конференцияда медициналық терминдерді аудару әдістері және біріздендірудің өзекті мәселелері талқыланады.

Конференция жұмыстарының бағыттары:

  • салалық терминдерді аударудың өзекті мәселелері;
  • медициналық терминдерді біріздендіру әдістері;
  • республикадағы медициналық жоғарғы оқу орындарының және басқада медициналық мекемелердің терминологиялық жұмыс топтарының өзара тұрақты байланыстарын жолға қойып, жұмыстарын жандандыру;
  • медициналық қазақ тіліндегі оқу құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері;
  • конференция материалдары бойынша ғылыми мақалалар жинақ түрінде жарық көреді.

Конференцияға қатысуға қойылатын талаптар:

 

Конференция материалдарын жариялау үшін 2019 жылдың 25 наурызына дейін [email protected] электронды поштасына қатысу үшін толтырылған өтініш (тіркелген үлгі бойынша), шрифт Times New Roman, кегль – 14 Microsoft Оffice Word (2003, 2007, 2010) редакторының мәтінінде терілген, А4 форматындағы 3-4 беттен аспайтын мақаланы және төленген түбіртек көшірмесін қоса сканерлеп жіберілу қажет. Конференция жинағына мақала  жариялау жарнасы – 3000 теңге. Мақала жарнасын автор аты-жөнін көрсетіп, «Конференция жинағы» деп жазылып төмендегі есепшотқа аударуы керек.

Реквизиттер:

«Ұлттық медицина университеті»

Акционерлік қоғамы

050012,  Алматы қ., Толе би көш., 88

БИН: 990240007246

Банк: АО «Банк Центр Кредит» г. Алматы

ИИК: KZ848560000000063180

БИК: KCJBKZKX, КБЕ: 16

Конференцияға қатысушылардың барлық шығындары жіберуші тараптың есебінен.

          Әрбір жіберілген мақала  файлы мақала авторының тегімен       аталуы тиіс. Ғылыми мақала конференция тақырыбына сәйкес         болып, өзекті, ғылыми жаңалығы бар, ғылыми дәйектелген тұжырымдарды ұсынған мазмұнда әрі орфография, пунктуация мен төменде көрсетілген рәсімдеуге қойылатын талаптарға сай болуы қажет.

          Мақала мәтініне қойылатын талаптар:

  • Times New Roman қарпі (қаріп өлшемі – 14 pt, жоларалық қашықтық – 1, сол жағы – 3 см, оң жағы – 2 см, жоғары жағы -2,5 см, төменгі жағы – 2,5 см, жаңа жол бойынша шегініс – 1 см);
  • Бірінші жолда бас әріптермен мақаланың жазылған тілінде баяндама тақырыбы (қою қаріппен), бір жол төмен – мақаланың жазылған тілінде автордың аты-жөні және ғылыми атағы, мекеме, қала, бір жолдан кейін мақала мәтіні беріледі.
  • Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішінде), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Сілтемені қолданған жағдайда дерек көз бетін көрсету қажет. Мысалы: [1, 12 б.].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Баяндаманы дайындау үлгісі:

 

ТЕРМИНДЕРДІ   БІРІЗДЕНДІРУ   МӘСЕЛЕЛЕРІ

Ж.Б. Ахметов, м.ғ.к., профессор

С.Ж Асфендияров атындағы «ұлтық медицина университеті»

Алматы қаласы

 

Баяндама мәтіні ……………………………

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

Конференцияға қатысуға өтініш беру

 

Тегі: _______________________________________________

Аты: _______________________________________________

Әкесінің аты________________________________________

Ғылыми дәрежесі, атағы:______________________________

Жұмыс орны (мекеме), қызметі_________________________

Байланыс телефоны __________________________________

Электронды пошта (E-mail)____________________________

Қатысу түрі(ауызша баяндама/тек жарияланым):___________

Керекті техникалық құралдар:__________________________

Қосымша баяндамашылар_____________________________

                   

Барлық сұрақтар бойынша конференцияның ұйымдастыру комитетінің хатшысы: Оналбаева Гульнур Орынбасаровнаға (ұялы тел: 87471418138)    хабарласуларыңызды сұраймыз.

              

 

Өткізілетін уақыты: 2019 жылғы 12 сәуір, сағат 09-00

Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Төле би көшесі 94,

С.Ж Асфендияров атындағы «Ұлттық медицина университетінің» бас ғимараты, Даңқ залы.