С.Ж.Асфендияроват.ҚазҰМУ-ның«Білім және Маңсап 2015»XVI Қазақстандық халықаралық көрмесіне қатысуы бойынша ЕСЕБІ




15.05.2015

С.Ж.Асфендияроват.ҚазҰМУ-ның«Білім және Маңсап 2015»XVI Қазақстандық халықаралық көрмесіне қатысуы бойынша

ЕСЕБІ

2015 жылдың сәуір айының 9-11 аралығынды Алматық. «Атакент-Экспо» ХКК  «Білім және Маңсап 2015».Көрме Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің және Алматы қ. Әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Көрмеде дүниежүзінің 15 мемлекетінен 150 аса жоғары оқу орындары қатысты, сонын ішінде Қазақстан, Израиль, Канада, Қырғызстан, Латвия, Литва, Малайзия, Польша, БеларусьРеспубликасы, Ресей, Румыния, Сингапур, Словакия, АҚШ, Швейцария.

Көрме күндері келушілер қатысушылардың ақпараттық сессияларына, семинарларға қатысып, сонымен қатар білім беру саласында жетекші мамандардан барлық қызықты сұрақтар бойынша кеңес алуға мүмкіндіктері болды. Көрменің үш күнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық тестілеу орталығы мектеп, лицей, колледждердің оқушыларынаҰБТ бағдарламасы бойынша тегін сынама тестілеу өткізді. Сонымен қатар көрмедеоқыту үдерісін ұйымдастыруға оқу – көрнекі құралдары, кеңсе тауарлары, оқу техникалық құралдарының кең спектрі ұсынылды. Көрме білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың кеңеюіне, жастарға елімізде және шетелде білім алудың түрлі формаларымен әртүрлі бағыттары туралы ақпарат берілді.

С.Ж.Асфендияров ат.ҚазҰМУ де көрме жұмысында белсенді қатысты. Жәрмеңкеге қатысу үшін алдын ала дайындық жұмысы жүргізілді. 12 стендтің мазмұнын толтыру бойынша ақпаратты ОӘЖД дайындады. Стендтерге келесі ақпарат жиналды: білім беру бағдарламалары, университеттің инфрақұрылымы, ҚазҰМУ клиникалық базалары, студенттік ұйымдар туралы.

Көрмеорнының ұсынылуы туралы келісім – шарт жасағаннан кейін, стендтердің мазмұнын орналастыру, түзету, дизайнын дайындау және соңғы нұсқасын келісу жұмыстарын Стратегиялық жоспарлау бөліміжүргізді. Көрме басталуынан бір күн бұрын 12 стендті және байланыс жабдықтарын көрме экспонентінде орналастыру жұмыстарын бөлім ұйымдастырды. Сонымен қатар Стратегиялық жоспарлау бөлімі университет және оның инфрақұрылымы туралы жалпы ақпараты бар жарнамалық модуль дайындады, ол  көрменің ресми каталогында басылып шығарылды.

Көрме күндері, С.Ж.Асфендияроват.ҚазҰМУ интерндерімен«Өзіңнің артериалдық қысымынды өлше» акциясы барлық қалауы бар келушілер үшін ұйымдастырылды. Факультет декандары талапкерлер арасында ағарту жұмыстарын жүргізді, көрме келушілері үшін УДИ дайындаған сауалнамасымен университет студенттері сауалнама алып, ҚазҰМУ барлық мамандықтары бойынша бүктемелерді таратты (бүктемелерді ОӘЖД әзірледі). Сонымен бірге көрме кезінде ҚазҰМУ қызметі және жетістіктері туралы бейне ролик, әсіресе келушілердің көпшілігінің назарын аударған университеттің гимні болды.

Үш күнде көрмеге 8000 – ға жуық адам келді. Көрмеге келгендер: оқушылар, студенттер, ата-аналар, әртүрлі саланың мамандары, әртүрлі қысқамерзімдік курстармен тренингтерде оқуға қызығушылар, МВА және басқа да қосымша білім бағдарламаларының ықтимал тыңдаушылары (біліктілікті көтеру, кәсіби қайта дайындау және т.б.), жоғары оқу орындарының, колледждердің, мектеп, интернаттардың және т.б. оқытушылары, тренингтік  компаниялардың, қызметкерлерді іріктеу бойынша компанияларының оқытушылары, жұмыспен камту орындары, баспалар, туристік компаниялар, жетекшілер және кітапхана қызметкерлері және т.б.

Көрме келушілерге келесі мүмкіндіктерді ұсынды:

  • Оқу бағдарламаларын және қызметтерінің барлық спектрін ұсынды
  • Нарыққа жаңа оқу бағдарламаларымен қызметтерін көрсету және ұсыну
  • Жасалған оқу бағдарламаларына талапкерлермен көрмеге келушілердің назарын аудару
  • Өзін табысты мекеме/кәсіпорын ретінде мәлімдеу
  • Талапкерлер және олардың күтулері туралы көбірек білу
  • Оқу нарығын және ондағы бәсекелестікті зерттеу
  • Инновациялармен жаңа технологиялармен қатар жүру
  • Нарықтағы өзінің орнын сақтау
  • Мүмкін болатын уәкілдермен серіктестерді анықтау
  • Жаңа кадрларды іздеуді іске асыру
  • Өзінің мекемесінің беделін жасау
  • Клиенттердің түзу ниетін жоғарылату
  • Бұрынғы тапсырыс берушілермен байланысты жаңарту
  • Нарыққа жаңа тауар немесе қызметтерді шығару
  • Сатылым үдерісін тездету
  • БАҚ жағынан қызығушылық тарту
  • Болашаққа тұжырымдар жасау

 

«БІЛІМ ЖӘНЕ МАҢСАП 2015» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНЕ КЕЛУШІЛЕРДІҢ САУАЛНАМА НӘТИЖЕЛЕРІ,  9-11 СӘУІР 2015Ж.

Мақсаттық топ:орта мектеп түлектері, колледж, жоо оқушылары, көрме қатысушылары, басқа жоо қызметкерлері, ата-аналары.

Ақпарат жинау тәсілі:сауалнама қағаз түрінде.

Зерттеу нәтижесі:

Зерттеуде ҚазҰМУ экспоненттерінің 70 келушілері қатысты.

Сұхбаткерлер жасы 13 пен 21 жас (61 адам), 33 пен 49жас (4адам)арасында болды.

Тұрғылықты орны бойынша:Алматық. 60 адам, 4 – Талдықорған, Алматы обл., 1- Шымкент.

Сұхбаткерлердің 70%көрмеге қатысумақсаты болып университеттер туралы ақпарат  алу. Сұхбаткерлердің52 % біздің университет туралы ата-анасынан және таныстарынан, 32%  интернеттегі жарнамадан білді.

              ҚазҰМУ көрме экспозициясын 77 % үздік, 15% жақсы деп бағалады. Баспа өнімдерін (мамандық бойынша бүктемелер)72% үздік, 15% жақсы деп бағалады.Университеттебілім алу жағдайлары және медициналық білім туралы алған ақпарат бойыншаҚазҰМУ қызметкерлерінен сұхбаткерлердің75 % толық қанағаттанған. Сұхбаткерлердіңбасым көпшілігі университеттің бакалавриат бағдарламасы қызықтыратынын көрсетті. Сұхбаткерлердің64% Қазақстанда, ал 12% ғана шетелде білім алғысы келеді.Сауалнама нәтижелері бойынша болашақта сұхбаткерлер фармацевт және хирург (7%), тіс дәрігеріжәне кардиолог (4%)болып жұмыс істегісі келеді.

Медициналық (фармацевтикалық) мамандықты көпшілігі балалық арманы және достарының ұсынысы, сонымен қатар ата-анасының сұрауы болғандықтан таңдайды. Сұхбаткерлердіңойынша ҚазҰМУ-дағы ең қызықтыратын мамандықтар: Жалпы медицина-48%,           Фармация-19%, Стоматология -17%, Қоғамдық денсаулық сақтау-5,7%,Медико-профилактикалық іс -2,8%,Медицина-8,5%,Мейіргерлік іс-2,8%,Менеджмент-2,8%.

Сұхбаткерлердіңкөпшілігі оқу тілін қазақ және ағылшын тілдерін таңдады. Сұхбаткерлердің көпшілігі ағылшын тілінде еркін сөйлейді, оқиды және жазады. 66 % ҚазҰМУ басқа ЖОО серіктестермен өткізетін студенттердің академиялық мобильдігі туралы біледі.

 

Дайындаған: Стратегиялық жоспарлау бөлімі

Итоги участия КазНМУ на выставке Образование и карьера 2015