С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ бітіруші магистранттарына диплом берілу салтанаты өткізілді




11.07.2014

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ  бітіруші магистранттарына диплом берілу салтанаты өткізілді

 2014ж  4 шілде айында  С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 54 магистрантқа магистр атағын және дипломын, оқу бағдарламасын орындап және Қортынды Мемлекеттік Аттестациядан өтіп толық құқылы маман болуын«Сoncordia»  театрында диплом берілу салтанаты өткізілді.2013-2014 оқу жылында 6 мамандық бойынша жүзеге асырылды. Атап айтсақ, келесі мамандықтар бойынша:6М110100-«Медицина», 6М110200-«Қоғамдық денсаулық сақтау», 6М110300- «Мейірбике ісі», 6М110400-«Фармация», 6М110500-«Медициналық-профилактикалық іс», 6М074800-«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы».

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ магистранттарға диплом беру салтанатында университетіміздің проректоры, профессор Тулебаев К.А., ЖММ директоры А.В.Балмуханова, денсаулық сақтау және басқару саясаты кафедрасының меңгерушісі профессор Турдалиева Б.С., фармацевтикалық факультетінің деканы фарм.ғ.д., Датхаев У.М. бір қатар аға оқытушылар өз ықыластарын білдіріп құттықтады және дипломды магистранттарға марапатты түрде берілді.

Медицина және қоғамдық денсаулық сақтау мамандықтары бойынша 2007ж. бастап магистранттар дайындау жүзеге асырылды, алғаш рет 2009 жылы 14 магистрант магистр атаған алды. Жыл сайын магистратураға тапсырушы түлектердің саны асуда және де басқада мамандықтар ашылуда. Қазіргі уақытта 6 мамандық бойынша 54 магистрант магистр атағына ие болды.

         Магистранттар оқу барысында ғылыми стажировкаға және де академиялық мобильность бойынша, екі дипломдық оқу бағдарламасы бойынша жақын және алыс шет елдерде өз білімдерін шыңдады. Айта кетсек, Чехия, Польша, Испания, АҚШ, Қытай, Мәскеу, Украина, Өзбекістан т.б. елдерде ғылыми тәжірибиелерін жоғарлатты және білімдерін көтерді.

1

234567