Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаменті

Департамент басшысы:

Степкина Елена Леонидовна

фарм.ғ.к., денсаулық сақтау үздігі

Телефон:8(727) 3387000 (іш. 7019)

E-mail[email protected]

 

Департамент туралы

Департамент Университеттің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Департамент Университеттің стратегиялық даму мәселелері бойынша Басқарма Төрағасы – Ректорға және Департаменттің құзыреті шеңберіндегі басқа мәселелер бойынша Университеттің бірінші проректорына тікелей бағынады.

Департамент  қызметінің негізгі мақсаты:

Қазақстан Республикасының білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларын дамытудың басым бағыттарын ескере отырып, университет қызметін стратегиялық жоспарлау, шетелдік серіктестермен сыртқы байланыстар мен ынтымақтастықты орнату және дамыту.

Департамент құрылымы:

  1. Стратегиялық даму және мониторинг басқармасы.
  2. Халықаралық ынтымақтастық басқармасы.

Департамент қызметінің негізгі бағыттары:

  • Қазақстан Республикасының Білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларын дамытудың ұлттық жобаларына сәйкес университет қызметінің стратегиялық даму бағыттарын әзірлеу;
  • Университеттің даму бағдарламасы бойынша қызметіне жүйелі түрде мониторинг жүргізу және Департаменттің қолда бар кадрлық, техникалық және функционалдық мүмкіндіктері шеңберінде қызметті жақсарту, оның ішінде нысаналы индикаторларға қол жеткізу мүмкіндіктерін анықтау;
  • жауапты құрылымдық бөлімшелерден алынатын деректерді жинау, жинақтау, салыстыру және талдау жолымен жүзеге асырылатын университет пен еншілес ұйым қызметінің стратегиялық индикаторларын, негізгі көрсеткіштерін мониторингтеу және бағалау жүйесін жетілдіру;
  • Университеттің басым бағыттары, ұйымдастырушылық және функционалдық құрылымы бойынша жұмысты жетілдіру бойынша ұсынымдарды талдау негізінде әзірлеу және ұсыну;
  • Университетті дамыту Бағдарламасы шеңберінде халықаралық ынтымақтастық және Қызметті интернационалдандыру саласындағы міндеттерді іске асыру;
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беруді дамытудың негізгі әлемдік үрдістері туралы ақпарат жинау, талдау материалдарын зерделеу және құрастыру;
  • білім, ғылым және клиника саласындағы шетелдік әріптестермен ынтымақтастық туралы келісімдерді әзірлеу, жасасуды сүйемелдеу және іске асыру мониторингі;
  • Университеттің білім беру жүйесіне әлемнің ең дамыған елдерінің білім беру жүйелерімен салыстырмалы талдау (бенчмаркинг) жүргізу.

Департаменттің құрамына кіреді:

Байланыс ақпараты:
Мекен-жай: 050012, Алматы, Төле би, 94
Ректорат КазНМУ, 2-қабат, №№ 218, 229, 235 каб.
Жұмыс уақыты: 8:30-дан 18:00-ге дейін
Үзіліс: 12:30-дан 14:00-ге дейін