Цифрландыру департаменті

 

 

 

 

 

 

Альчимбаев Арман Булатович – Цифрландыру департаментінің басшысы-цифрлық офицер

e-mail: [email protected]
тел: 8(727) 338-70-77, вн. 7070
Кабинет номері: корпус №1, кабинет № 249
Қабылдау уақыты: дүйсенбі – жұма, с 8.3018.00

Департаменттің орналасқан жері: №2 оқу ғимараты, 3 қабат, кабинеттер № 308, 309, 302, 303, 10.

Департамент туралы:

Цифрландыру Департаменті «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті» КЕАҚ (бұдан әрі – Университет) дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Цифрландыру Департаменті тікелей Университеттің ғылыми-клиникалық қызмет және цифрландыру жөніндегі проректорына бағынады. Цифрландыру Департаменті Университетті цифрландыру бойынша іс-шаралар жоспарларын және бағдарламаларын әзірлеуді және жүзеге асыруды басқарады.

Департамент қызметінің негізі бағыттары, міндеттері мен мақсаттары.

ЦД негізгі мақсаты Университеттің процесстерін тиімді ақпараттық және бағдарламалық қолдауды қамтамасыз ету, университет ұсынатын білім беру және басқа да қызметтерінің сапасын арттыру үшін заманауи сандық технологияларды пайдалана отырып бағдарламалық-ақпараттық технологиялық ортаның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Департаменттің қызметі қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыру және әкімшілік шығындарды азайту арқылы үдерістердің неғұрлым жоғары тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін озық цифрлық шешімдерді әзірлеуге және қолдауға бағытталған.

Цифрландыру Департаментінің негізгі міндеті:

  • Университетті цифрландырудың стратегиялық бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру.
  • Техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етуді, компьютерлік техниканы және желілерді, телекоммуникация және байланыс құралдарын, заманауи цифрлық және қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалануда бірыңғай саясатты іске асыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
  • Білім берудің цифрлық/электрондық ортасын құру және оны жетілдіру, қашықтықтан оқыту технологияларын дамыту.
  • Университеттің ақпараттық жүйелерін (оның ішінде «Сириус» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін, қашықтықтан оқыту порталын және т.б.) құру, пайдалану, сүйемелдеу және дамыту, INTERNET жаһандық желісіне және басқа да корпоративтік, аймақтық және салалық желілерге, соның ішінде жалпы университеттік және жергілікті компьютерлік желілерге шығу.
  • Университетті басқару мен оқу үрдісі үшін цифрлық технологияларды дамыту және жетілдіру.
  • Профессор-оқытушылар құрамын, қызметкерлерді және білім алушыларды Университеттің бірыңғай басқару жүйесі мен электронды оқыту нысандарымен байланысқан заманауи компьютерлермен жұмыс орындарын қамтамасыз ету.
  • Оқу үрдісін және ғылыми зерттеулерді цифрлендіру, цифрлендіру аумағында салалық және университеттік стандарттарды енгізу, нормативтік-анықтамалық ақпаратты біріктіру, аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді ведомстволық, факультеттік және интерактивті компьютерлік зертханалар арқылы сатып алу мен пайдалануды әдістемелік бағыттау және үйлестіру.
  • Сапа менеджменті жүйесінің нұсқаулығында сипатталған «Ақпараттық- телекоммуникациялық қызмет көрсету» процедурасының жоғары сапалы орындалуын қамтамасыз ету.

Цифрландыру Департаментінің құрылымына кіреді:

  • Бағдарламалық қамтамасыз ету басқармасы;
  • Цифрлық қызмет көрсету орталығы;
  • Қашықтықтан білім беру технологиялар бөлімі;
  • Тестілеу орталығы;
  • Сервистік, техникалық және телекоммуникациялық қамтамасыз ету бөлімі.

Департамент құрамы:

Қаленова Бақытгүл Советқызы – Цифрландыру департаменті басшысының орынбасары, ф-м.ғ.к., доцент.

e-mail: [email protected],

тел: 8(727) 338-70-70, ішкі 7777

Кабинет нөмері: №2 оқу ғимараты, № 308 кабинет

Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 08:30-18:00


Жансаров Еркебулан Айбекович – Цифрландыру департаменті басшысының орынбасары
тел: 8(727) 338-79-44, вн. 7744
e-mail: [email protected]
Кабинет нөмері: №2 оқу ғимараты,  кабинет № 312
Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 08:30-18:00


Жайлау Эльмира Мырзаханқызы – Қашықтықтан білім беру технологиялар бөлімінің басшысы.
e-mail: [email protected]
тел: 8(727) 338-79-76, ішкі 7776

Кабинет нөмері: №2 оқу ғимараты, кабинет № 312
Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 08:30-18:00


Сыдыкова Толкын Дуйсенгаликызы – Бағдарламалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы
e-mail: [email protected]
тел: 8(727) 338-70-59, вн. 7783
Кабинет нөмері: №2 оқу ғимараты, кабинет № 302
Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 08:30-18:00


Жұмахан Айбол Амангелдіұлы – Цифрлық қызмет көрсету орталығының басшысы
e-mail: [email protected]
тел: 8(727) 338-70-59, вн. 7577
Кабинет нөмері: №2 оқу ғимараты, кабинет № 302
Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 08:30-18:00


Шонбасова Марал Бейбитжановна – Тест орталығының басшысы
e-mail: [email protected]
тел: 8(727) 338-70-90, вн. 7032
Кабинет нөмері: №2 оқу ғимараты, кабинет № 10
Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 08:30-18:00