Ұзақ өмір сүрудің сыры




04.06.2013

Ұзақ өмір сүрудің сыры

2013-06-04 Жаңалықтар, Денсаулық, Аймақтар Қарау 42

Алматыдағы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Ұзақ ғұмырдың сыры неде?» тақырыбында халықаралық форум өтті.

Басқосуға АҚШ, Австрия, Ұлыбритания, Жапония және ТМД елдерінің сарапшылары қатысты. Жиналғандар өмір сүру ұзақтығымен қатар, оның сапасын жақсарту мәселесін де сөз етті. Елімізде қазір орташа өмір сүру ұзақтығы 69 жасқа жетті. Бірақ әліде болса бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан Еуропа, Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен артта қалып отыр. Бүгінгі отырысқа осы мәселе негіз болған. С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті ректорының айтуынша, отандық сарапшылар өмір сүру ұзақтығын арттыру  мәселесі бойынша 2 жылдан астам уақыт бойы зерттеу жүргізген. Көптеген қазақстандық түрлі себептермен орта жасқа да жетпейтіндігі белгілі болды.

Ақан АЙХАНОВ, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры:

— 2,5 жыл бойы ғылыми зерттеу жүргіздік. Қазір сол мәлеметтерді ортаға салып отырмыз. Тұрғынның көбі орта жасқа жете алмай отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қазір Қазақстанда 65 жастан асқан тұрғындардың саны 7%-дан асқан. Бұл елімізде қартаю процесінің үдемелі түрде жүріп жатқандығын көрсетеді. Осы ретте қарт адамдардың өмір сапасы мен белсенділігін арттыру мәселесі туындап отыр.

Камал ӘЛПЕЙІСОВА, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілі:

— Өмір сүру ұзақтығын аттыру үшін бізге құқықтық негіз керек. Сондай жоспар жасу туралы ҚР Президенті әкімшілігі тапсырма берді. Сол жоспарға сүйене отырып іс-қимыл жасаймыз. Денсаулық сақтау саланын қалай күшету керек? Инфрақұрлымды қалай жасу керек? Қарт адамдарды белсенді өмір сүруге, оларды дәрменсіз адамдар сияқты емес, белсенді өмір сүретіндей жағдай жасау қажет.

Демографиялық болжам бойынша 2050 жылға таяу елімізде 65 жастан асқан тұрғындардың саны 3 есеге артады. Бұл медицналық әлеуметтік көмекті қажет ететіндердің саны болашақта артады деген сөз. Сондықтан мамандар қазірден бастап елімізде геронтологиялық орталықты көптеп ашу керектігін айтуда.

Вера ЧАЙКОВСКАЯ, Украинаның бас гериатр дәрігері, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессоры:

— Біз бүгінде тәжірибе ретінде алғашқы гернотологиялық орталықты аштық. Ол толықтай еуропалық стандарт негізінде жұмыс жасайды. Орталықта медициналық көмек алумен қатар, адамның биологиялық жасын анықтауға болады.

Пилоттық геронтологиялық орталық Алматыдағы ардагерлер үйінде ашылды. Алдағы уақытта мұндай бөлмелерді республиканың өзге өңірлерінде де ашу жоспарда бар.

Авторлар: Ғайни Дәулетбаққызы, Ғалым Шалабаев