День учителя!!!




12.10.2012

5 октября 2012 года в Казахском национальном университете имени С.Асфендиярова было проведено  торжественное мероприятие, посвяшеннное  Дню учителя.  Ректор университета А.Аканов поздравил всех преподавателей и вручил ценные подарки ветеранам, а также обьявил благодарность преподавателям,  внесшим  вклад в развитие образовательного процесса в университете. Проректор по учебно-воспитательной работе К.А.Толебаев в своем выступлении поздравил праздником всех ППС университета.

 

Құрметті  оқытушы-профессорлар және ұстаздар,

 

әріптестер, қонақтар!

 

Құрметті ұстаздар, жас ұрпақты тәрбиелеу барысында Сіздердің еңбектеріңіз өте маңызды. Сіздер шығармашылық тұрғыдан өзіндік жеке ой-пікірі  қалыптасқан дербес тұлға тәрбиелейсіздер.

Бұл тұрғыдан алғанда Сіздердің еңбектеріңіз шынында да баға жетпес, бірақ сонымен қатар аса ауыр екенін де атап өткім келеді.

Ыбырай Алтынсарин: «Ұстаз мектептің жүрегі» деп айтқан.

Өйткені талантты және білімді талапкерлер болғанда ғана, университетте маман даярлаудың халықаралық сапасына қол жеткізуге болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев бізге дәл осы міндетті жүктеп отыр.

Альберт Энштейн: «Бізді игілікті істер мен ойларға тек ұлы және тұла-бойы таза тұлғалар ғана бағыттай алады» деген.

Біздің замандастарымыз үшін, өзінің болашағын білім және ғылыммен байланыстырғысы келетін жас ұрпақ өкілдері үшін қымбатты ұстаздар қауымы Сіздер үлгі әрі өнегелі тұлға болып табыласыздар.

 

Уважаемые коллеги и гости!

Сегодня, отмечая один из важных для нас с вами праздников —  День учителя, хочу поздравить вас и пожелать вам здоровья и творческих успехов в вашем нелегком труде.

Именно знания и образование в решающей степени определяют сегодня экономический потенциал страны, ее положение в мировом разделении труда и международной торговле. Об отраслях, производящих знание для непосредственных нужд экономики и производства, уже давно принято говорить как об «индустрии знаний», а с недавних пор образование рассматривают как отрасль экономики .

Образование по своей сути является инновационной сферой, поскольку основывается на постоянном использовании новых знаний, продуцируемых научными учреждениями и вузами.

Кадры образовательной системы — важнейшая часть интеллектуального потенциала страны, которая,  выполняет такую социальную функцию, как воспитание обучающихся, а также тиражирование уже известных теоретических положений, концепций, выводов.

Сегодня именно в День учителя хочется отметить заслуги всех педагогов, которые трудятся в стенах нашего университета. Нас более 1,5 тысяч!

 

Университетіміздің негізгі капиталы  — жоғары дәрежедегі оқытушы-профессорлар құрамы.

Бүгінде бізде мың жарымнан астам оқытушы-профессор — ғылым докторлары мен кандидаттары, философия докторлары жұмыс істейді.

Бұл тұрғыда ҚазҰМУ-дың жолы болған деп айтуға болады. Университетіміздің ардагер ұстаздары академик ағамыз Төрегелді Шарманов, Қаниса Қанышовна Сатпаева, Альбина Леоновна Котова, Камал Саруарович Ормантаев, Радюк Мария Ивановна, Орымбаева Қатира Өмірзақовна, Светлана Михайловна Плешкова, Р.И.Семенова, Алшынбай Рақышұлы Рақышев, Мариям Ильясовна Дәулетбақова, Лидия Яковлевна Зазулевская, Мезинова Надежда Илинична, Қуаныш Мүбаракұлы Маскеев және тағы да басқа оқытушыларымыз бүкіл саналы ғұмырларын университетке арнап, ұстаздық жолын жалғастырып келеді. Міне осы «алыптардың» арқасында универсиетіміздің ғылыми мектебі қалыптасты.

 

Ол жылдар бойы дамып, көптеген бағыттар бойынша нығайып, халықаралық деңгейге көтерілді.

Бүгінде университетімізде 80-нен астам кафедра мен модульдар ғылыми әлеуеттің негізі болып табылады.

Олардың барлығы да медициналық ғылымның озық үлгісімен жұмыс істейді, аса бай дәстүрлері мен тәжірибесі, ғылыми беделі бар.

Миреева А.Э., Наумова Р.П., профессор Б.А.Рамазанова, доцент Ү.А.Алтынбекова, аға оқытушы Л.С.Бекпентаева,  профессор З.С.Абишева сияқты ұстаздарымыз білім берудің заманауи үлгілерін өз тәжірибелерінде шебер қолданады.

 

Мұндай кафедралар бірнеше он жылдықтар негізінде қалыптасады.

Бұл біздің мақтанышымыз және ҚазҰМУ түлектерінің заманауи білім алуының негізі. Университетте іргелі ғылымның дамуына арналған қомақты база қалыптасқан.

 

В развитии образования большую роль играют интеграционные процессы, что подразумевает  развитие  академической мобильности обучающихся  и преподавателей, формирование  триединства науки, образования и инноваций, обеспечение реализации принципа «образование через всю жизнь». Здесь особенно хочу отметить вклад профессора Карлыгаш Кабдешевны Тогузбаевой.

 

Наш  университет сотрудничает с более 70 вузами из разных стран. Это дала возможность профессорам нашего университета Есенгельды Усербаевичу Куандыкову и Бахыт Жакипбаевой читать лекции студентам в известных университетах Америки и Японии.

 

Сегодня в этом зале присутствуют наши визитинг-профессора:  Орвил Адамс (Канада), Андерсон Сандра (США), ПлихМихаэл (Израиль), Мейманалиев Т.С.(Кыргызстан), Джусупов К.О (Киргизстан), Кудайбергенова Т. (Киргизстан), Ибраимов А.И.(Киргизстан), Абакиров М. (Россия), FedericoMariaRubino (Италия), ЖуаХонжо (Япония), ЖаоХуа (Китай), WulanAbubakeer (Китай), Канушина М.А. (Чехия), Кисельникова Л. (Россия).

 

Құрметті ұстаздар, әріптестер!

Сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Бүгін шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп жүрген эдвайзер-куратор А.Д.Сағатбекова, факультеттің үздік кураторы Нүргүл Ахмад студенттердің бойына  жақсы қасиеттерді дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруші ұстаздар,академиялық мобилділікті ұтқырлықпен ұштастырушы Н.С.Таубекова да өз ісінің майталманы екендігін атап өткім келеді.

 

Университетімізде медициналық жоғары білім берудің жаңа модулі қабылданғанғаны мәлім. Осы модульді енгізіп, дамытуға атсалысып жүрген әріптестеріміз Абирова Мейрамгүл Айтбаевна, Сарсенбаева Сауле Серғазықызы, Асимов М.А., Камалиев М.Ә., Славко Е.А., Мұстафина К.К., Исина З.Б., Үстенова Г.Ө., Жұмашева Р.Т., Жангелова Ш.Б., Баскакова И.В., Алима Бөжекееваның еңбектері зор.

 

Ғылым иесі ғалым да, дертіне шипа беретін дәрігер де, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар СІЗДЕРГЕ бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

С гордостью хочу назвать имена наших лауреатов, которые в разные года были победителями конкурса МОН РК «Лучший преподаватель вуза» — Зита  Хамитовна Мажитова, Тасбулат Досаев, Амангельды Кулимбетов, Сакен Амиреев.

 

Также хочу отметить что сегодня стартуют 3 конкурса:

1. «Лучший преподаватель вуза» — конкурс обьявлен министерством образования и науки РК;

Наши традиционные конкурсы:

—      «Лучший преподаватель университета» и

—      «Лучший факультет КазНМУ»

 

 

Ардақты ұстаздар қауымы!

 

Қазақстан мемлекеті тұрақтылық пен келісім, бейбітшілік пен түсіністік орнаған ел ретінде әлемдік білім беру үдерісіне еніп отырған кезеңде сапалы, білікті мамандар даярлау ісінде жоғары жетістіктер мен творчестволық ізденістеріңізге үлкен табыстар тілеймін және биік белестерге шығуларыңызға тілектеспін!

 

Барлығыңызды Ұстаздар қауымының төл мерекесімен тағы да шын жүректен құттықтаймын, еңбектеріңізге жеміс, шығармашылық шалқар шабыт, жанұяңызға бақ-дәулет тілеймін!

 

Назарларыңызға рахмет!