Қан кету, қан кету түрлері және қан ағу кезіндегі алғашқы медициналық көмек




04.06.2014

Сәуір айының 17- сінде  С.Д. Асфендияров атындағы  КазҰМУ- да Валеология модулінің ұйымдастыруымен  «Қан кету, қан кету түрлері және қан ағу кезіндегі алғашқы медициналық көмек» тақырыбында ашық сабақ жүргізілді.

Әр қоғамдағы ең басты және бағалысы – адам. Сондықтан барлық қорғану шараларында адамдардың кауіпсіздігін ескерту – негізгі мақсат. Адамды қорғай білу – мемлекет үшін маңызды. Сондықтан халықты қорғау адамның өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы болып табылады.

«Алғашқы көмек – адам жарақат алған кезде, адам өміріне, денсаулығына қауіп төнген кезде дәрігер келгенше немесе ауруды ауруханаға жеткізгенше тез арада көрсетілетін көмек.» Ашық сабақтың мақсаты: жарақат алған кезде көрсетілетін алғашқы көмектің негізгі әдіс — тәсілдерімен таныстыру;
алғашқы медициналық көмектің практикалық дағдысын қалыптастыру;
достыққа, адамгершілікке, біріне — бірі көмек беруге тәрбиелеу.
Ашық сабақты ЖМ 13-10-2 тобының студентері көмегімен жүргізілді.

Алғашқы сөз:

  1. «Қан кету, қан кету түрлері және қан ағу кезіндегі алғашқы медициналық көмек» ашық сабағын Валеология модулінің оқытушысы Асан Г.К. ашты.
  2. Ермахан Нурила «Қан кету, қан кету түрлері» тақырыбында баяндама қорғады.
  3. Мырзашева Ақбота, Торжан Улбосын, Пейсенов Сайфулла және Асқанбеков Мақсат « Әртүрлі қан кету түрлерінің алдын алу шараларын тақырыбында көріністер көрсетті».
  4. Базет Дана, Шажаева Іңкәр, Бекенова Әсемкүл және Момбекова Жібек «Төтенше жағдай аумағында құтқару және басқада шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру» тақырыбында баяндамалар оқып, көріністер көрсетті.
  5. «Қан кету кезіндегі алғашқы көмек» тақырыбында 10 минут видеоролик көрсетілді
  6. Нұргожа  Айдана – викториналық  сұрақ — жауап жүргізді.

 

Қан кету

Valeologia