ЕСЕП (ЦДМ)




16.07.2012

ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің 11.06.2012 жылдың № 402 бұйрығына сүйене отырып,  тренирлардың тренингі Астана қаласы Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы мен «Сanadian Society for International Health (CSIH, Канада)» консалтингті компаниясымен бірігіп  2012 жылдың 25 мен 29 июнь аралығында өткізілді.

54 сағаттық  болатын «Дәлелді медицина саласындағы мәліметтерді іздестіру негіздері» тақырыбының семинарына дәледі медицина орталығының жетекші маманы Омарова Д.Б. және денсаулық сақтау саясатты және басқару кафедрасының оқытушысы Жүністаева Ж.К. қатысты.

Семинарды Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығындағы стандарттау орталығының хаттамалары мен клиникалық нұсқауларды әзірлеу бөлімінің бастығы Горкалов Константин  Анатольевич ұйымдастыруымен жүргізілді. Тренерлардың тренингін жүргізгендер: Канада каласынан келген Dr. Jessie McGowan, PhD CSIH consultant, д-р Горкалов Константин, д-р Сергей Муратов.

Семинардың жүргізілу уақытысы сағ 9.00-17.00-ге дейін өтті. Оқу барысында дәледі медицина орталығының жетекші маманы Омарова Д.Б. және денсаулық сақтау саясатты және басқару кафедрасының оқытушысы Жүністаева Ж.К дәлелді медицина саласында білімдерін тереңдеттіп және көптеген мәліметтерді меңгерді.

1-ші күні семиннарға оқуға келген барлық Қазақстандық медицина университетінен келген әріптестермен таныстық. Содан кейін Д-р Джесси МакГоуанның дайындаған «Клиникалық  эпидемиологияның компетенциялары» және « Дәлелді медицинаны іздеу» тақырыптарында презентацияларын тындадық.

2 –ші күні Джесси МакГоуан және Сергей Муратов оқыған «Болжамдық зерттеулерді критикалық бағалау», « Жүйелік бақылауды критикалық бағалау», «Клиникалық зерттеулердің нұсқауларын критикалық бағалау»,

«Биостатистикадағы компетенция» тақырыптарында презентацияларын тындадық.

3-күні д-р Сергей Муратов «Дәлелді Медицинадағы компетенция» тақырыбында оқыды.

4-ші күні Д-р Джесси МакГоуан және Сергей Муратов дайындаған «Клиникалық нұсқауды критикалық бағалау», «Клиникалық нұсқаулықты және тәжірбиелік құралдарды оқу барысында енгізу», « Клиникалық нұсқаулықтың енгізу форматтары (хаттамалар, алгоритмдер, стандарттар, науқастарда жүргізу жолдары), «Клиникалық нұсқаулардың енгізу қажеттілігі» тақырыптарында презентацияларын тындадық.

5-ші күні Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының дайындаған  Дәлелді медицина туралы документальды фильімін Горкалов Константин  Анатольевич көрсетті.

Соңында семинарда өткізілген барлық мәліметтерді электронды түрде ұсынды және барлық қатысушыларғы (адам саны 18 ) сертификаттармен марапатталды.

Сонымен қатар осы семиннарда өткізілген барлық сабақтар С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ –де 3 курс студенттерінде болатын «Дәлелді медицина негіздері» пәніндегі оқудың жұмыс бағдарламасына қосып, оқытамыз.