ВРАЧ ДОЛЖЕН ГОВОРИТЬ НА ЯЗЫКЕ ПАЦИЕНТА




13.02.2012

Больные в нашей стране говорят на 2 языках, поэтому врач должен уметь говорить на языке больного – русском и казахском

ДӘРІГЕР НАУҚАСТЫҢ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУГЕ МІНДЕТТІ

БІЗДІҢ ЕЛІМІЗДЕ НАУҚАСТАР ЕКІ ТІЛДЕ СӨЙЛЕЙДІ, СОНДЫҚТАН ДӘРІГЕР НАУҚАСТЫҢ ТІЛІНДЕ – ОРЫС ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕ СӨЙЛЕЙ БІЛУІ ТИІС 

 Как известно, общение между врачом и пациентом — важная часть лечебного процесса, которую нельзя недооценивать. Языковой барьер очень мешает диагностике, поэтому будущий врач должен приложить все усилия для того, чтобы проблем в понимании не возникло. Как сказал Айкан Аканов, «Врач должен говорить языком своих пациентов. Если врач не может помочь пациенту, это не врач. Больные в нашей стране говорят на 2 языках, поэтому врач должен уметь говорить на языке больного – русском и казахском».

Зачастую незнание врачом языка населения может привести к врачебной ошибке с возможным летальным исходом. А пока представляем вашему вниманию материал о том, как не знающий русского языка пожилой пациент остался без надлежащего лечения.

 

Орысша түсінбеген Тараз қаласының ақсақалы емдеусіз қалды

Таяуда жасы жетпістен әлдеқашан асқан, байырғы мұғалім, жуырда ғана атамекеніне оралған ақсақалдың мұңына ортақ болдым, деп хабарлайды «Алтын Орда» басылымының тілшісі.

Ал, Отанына өткен жылдың көктемінде бүкіл отбасымен қоныс аударған. Атай біраздан бері «созылмалы экзема» деген тері ауруына шалдыққан екен.Құрманалы Аймұрзаев көп жылдар бойы көрші Өзбекстанда ұстаздық қызмет етіп, мыңдаған шәкіртті тәрбиелеп шығарыпты.

Сол сырқаты биыл да жанын көзіне көрсетіпті. Екі аяғын тұтастай жара басып, былайша айтқанда, шіруге айналған. №8 Тараз қалалық емханасы атайды түпкілікті емделу үшін облыстық тері-венерологиялық диспансеріне жолдайды. Айтуынша, бар қызық та осында басталған.

— Маған диспансерде «сенің қан қысымың 260-қа жеткен, барып терапияға жатып, укол салдыр» деді. Сосын терапевт дәрігерді шақырып, дәрінің күшімен қан қысымымды төмендетті. Бірақ, сонда да алмады. Ақыры бас дәрігер күндізгі стационарға жат деді, – деп күрсінеді қария.

Бірақ, өзі тұратын Шалғай Қарасу ауданынан Асқаров көшесінің соңына дейін күн сайын сабылып жүруді қаржылық жағдай мен онсыз да ту-талақайы шыққан денсаулық көтере ме?! Ондай мүмкіндік жоқ. Сосын әлдебір дәрігерді үйіне шақыртып, өз қаржыларына дәрі-дәрмек алып, емдеу ісін жүргізген.

Бұған облыстық тері-венерологиялық диспансерінің бас дәрігері Д.Абдусаметов мынадай жауап берді: «Пациент Қ.Аймұрзаев бізде тіркеуден өтіп, дәрігер С.Романованың қабылдауында болған және дәрігер оған «Екі аяқ пен оң қолдың экземасы» деген диагноз қойған.

Соңынан дәрігер науқасқа сол кездегі қан қысымының жоғары болуына байланысты терапевт дәрігерден кеңес алып келуі керек екендігін түсіндірген, себебі біздің мекемеге емделуге жатқызу және жүргізілген ем тиімді болу үшін жоғарыда аталған азаматқа тек терапевт маманнан кеңес алып келу керек еді.

Бұл азамат сол күні бас дәрігердің немесе оның емдеу ісі жөніндегі орынбасарының қабылдауында болғанда, оның мәселесі оң шешімін тауып, ұлты қазақ немесе қазақ тілін меңгерген мамандар тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілген болар еді».

Ал, ақсақал бас дәрігердің де, оның орынбасарының да қабылдауында болғанын, бірақ, екеуі де қазақ тілін білмейтіндіктен, ештеңені толығымен, дұрыс түсіне алмағанын айтады. Тіпті, қабылдаған дәрігер де (С.Романова) мемлекеттік тілден мақұрым. Біздегі бар мәліметтер бойынша бұл емдеу мекемесіндегі басшылық қызметтерде бірыңғай өзге ұлт өкілдерінің отырғанын ескерсек (бір ғана бөлімнің бастығы қазақ ұлтынан), бұл түсінікті де сияқты.

Сондай-ақ, ақсақалдың айтуынша, дәрігерлер оған «терапияға барып жат, алдымен қан қысымыңды емде» деген, ешқандай да «кеңес алып, қайтып өзімізге кел» демеген.

— Қартайған кісілерді жатқызуға қорқа ма, әйтеуір, олар үшін біз секілділер үлкен жауапкершілік артатын секілді, – дейді атай сөзін жалғап, – барынша ат-тондарын ала қашты ғой. Содан қолымды бір сілтеп, өлсем өз үйімде өлейін деп шештім.

Әлбетте, бүгінде атайдың жарасы жазылып, беті бері қараған. Бірақ, Отанына орала салысымен өз тілінде ешкіммен түсінісе алмағанына, емдеу орнында тиісінше қызмет көрсетіп, жанға батқан ауруын уақытында жазып беруге ешкімнің құлық танытпағанына налиды ақсақал. Әйтпесе, өткенді қозғамай-ақ, жылы жауып қоя салуына да болар еді.

Біз екі жаққа да құлақ қойып, барынша объективті болуға тырыстық. Кімнің сөзіне сену өз еркіңізде. Дегенмен, осында салқын бюрократизмнің иісі сезілетіндей ме, қалай өзі?