Абдрасилов А.А.




25.07.2011

Абдрасилов А.А.

Әбдірәсілов Әбдірахман Әбдірәсілұлы – аға оқытушы, тарих ғылымдарының кандидаты (1981 ж.).  Қазақстан қалаларының тарихын тұңғыш зерттеуші ғалымдардың бірі. Оның 100-ге тарта ғылыми зерттеу мақалалары, әдістемелік ұсынымдары бар. 2008 ж.«Әулиеата қаласының тарихы» атты монографиялық зерттеу еңбегі жарық көрді. Республика өмірінде алғашқы ғылыми анықтамалық зерттеу еңбектері Қазақ Совет Энциклопедиясы, Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы авторларының бірі. Әбдірәсілов Ә. — Қазақстан Республикасы гуманитарлық ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі. Ол тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін 2001 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен», 2008 ж. белсенді ғылыми-педагогикалық қызметі және білікті мамандарды даярлауға қосқан мол үлесі үшін Алматы қаласы әкімшілік «Құрмет грамотасымен» марапатталған. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінде 2008 ж. бастап Қазақстан тарихы, мәдениеттану, философия, саясаттану және әлеуметтану кафедрасында аға оқытушыболып қызмет істейді.

Биография Әбдірәсілов Әбдірахман Әбдірәсілұлы