Международный медицинский факультет.

13 сәуір күні С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің Этикалық кеңесі мен Қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен кітапхана залында РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ аясында «Ұлы адамдар достығы» атты әдеби-танымдық кеш өтті. «Рухани жаңғыру – ол біздің асыл қасиеттерімізді, яғни төл мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, тарихымызды бойымызға сіңіре отырып, жаңа өзгерістерді қабылдай білу, оны одан ары кейінгі ұрпақтарға жеткізу. Сондай қасиеттеріміздің бірі – достықты қадірлей білу. Адал достығымен белгілі болған ата-бабаларымызды халқымыз қадірлей білген, үлгі-өнеге тұтқан» — деп, кешті қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасының доценті Балдырған Жармұхаметқызы Доскеева ашты.

Кеште жалпы медицина факультетінің 1курс студенттері адал достықтарымен тарихта аты қалған «Ағынтай батыр мен Қарасай батыр», «Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы», «Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мыржақып Дулатұлы» т.б. достықтары туралы дайындап келген тақырыптарын презентациялады.

Сондай-ақ, осы кештің қадірлі қонағы болған қазақтың классик жазушысы Ғабиден Мұстафиннің қызы, белгілі дәрігер, профессор Жанар Ғабиденқызы Мустафина «Ғабиден Мұстафин және достары» деген тақырыпта халқымыздың ұлы тұлғалары Ғабиден Мұстафин, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқановтардың достықтары туралы қызықты естелік-әнгіме айтып берді.

Кешті қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, доцент Зәуреш Абдрахметқызы Абдуллина достықты әрқашан сақтай білу және аялау керектігі  туралы жазылған өлең жолдарымен қорытындылады.

 

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *