Новости.

Білім беру барысында студенттердің оқу мотивациясын, ұйымдастыру қабілеттерін жоғарлатудың тиімді әдістерінің бірі – мерекелік іс – шараларды дұрыс ұйымдастыра білу.
Осыған орай, коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасында оқытушысы К.Т. Қашағанованың басқаруымен 1, 2 курс студенттерімен біріге отырып «Қош келдің, мерейлі әз Наурыз!» атты наурыз мейрамы өткізілді.
Мерекелік іс – шараға кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор М.А. Асимов, оқу ісінің меңгерушісі Р.Н. Алибаева, аға куратор Г.П. Абсатарова, барлық топ кураторлары және жалпы медицина факультетінің мейрамының тарихын таныстырумен басталып, түрлі көріністер көрсетіліп, ән шашу ұйымдастырылды.
Қазақтың «Қыз ұзату», «Келін түсіру» дәстүрлі қойылып, қазақтың ұлттық тағамдары дайындалды.
Мейрам өте қызықты, тартымды өтті. Абсатарова, барлық топ кураторлары және жалпы медицина факультетінің мейрамының тарихын таныстырумен басталып, түрлі көріністер көрсетіліп, ән шашу ұйымдастырылды.

Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері,
жалпы және медициналық психология кафедрасы

Наурыз мейрамы
Халқымыздың маусымдық мерекелерінің бірі — жыл басы тойы — Наурыз болып саналады. «Наурыз» деген сөзі иран тілінің ноу —«жаңа», руз —«күн» деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген.
Көшпенділердің байырғы астрономиялық түсінігі бойынша, әрбір жыл алты ай жаз бен алты ай қысқа бөлінген. Тіліміздегі «алты ай жаз бойы», «ала жаздай», «алты ай қыс бойы», «ала қыстай» секілді сөз оралымдарын осы бір түсініктің жаңғырығы десек болады. Жаз айларының басы -Наурыздан бастап дүние кеңейіп, шаруадан мойын босап, жер бетіне қуаныш, шаттық жайылады:
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан, —
деп халық ақыны С. Оңғарбаев жырламақшы, көшпендіілер жыл басын Наурыздан бастайды.
Бүл күні аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан — жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Григориан календары бойынша ескіше 9 март, жаңаша 21 — нен 22 — не қараған түн осы күнге сәйкес келеді.
Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні — ұлыс күн» деп атаған.
2010 жылдың 8 сәуірінде иммунология және аллергология кафедрасында «жалпы медицина» факультетінің 3 курс студенттері, емдеу факультетінің 6 курс студенттері мен оқытушылардың ұйымдастыруымен «АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» атты Наурыз мейрамы өткізілді.
Кафедрада қазақтың ұлттық тағамдары – шұбат, қоспа, бауырсақ, бал-бауырсақ, наурыз көже әзірленіп, дәстүрлі дастарқан жайылды.
Студенттер қазақтың салт-дәстүрінің бірін – «Беташар» қойылымын көрсетті. Беташар көрінісіне 07-006 тобының студенттері: қалыңдық рөлінде — Исмаилова Альфира, жеңгелер рөлінде — Әсілбекова Д., Естемесова Г. және енесі рөлінде – кафедра ассистенті Нурмухамбетова А. А. қатысты.
Мерекелік бағдарлама барысында студенттер халқымыздың ескі әндерін, ел аузындағы қазіргі әндерді орындап, би өнерлерін көрсетіп, жиналған көрермендерді таң- тамаша етті. 07-006 тобының студенті Динара Қыдырбаева өзінің «Наурыз» атты өлеңін тұнғыш рет көпшілікке ұсынды. Талантты студенттің шығармашылық өнері үлкен ықыласпен қабыл болды. Орнекешова Раушан (07-023 топ, ЖМ) «Көңіл толқыны», Махмутова Сафура (07-020 топ, ЖМ) «Ерке сылқым» және Рысбаев Өміржан (07-001- топ, ЖМ) «Әлқисса» күйлерін жоғары дәрежедегі өнерлікпен орындады. Және де студенттер мен оқытушылардың қатысуымен мақал-мәтелдер, жұмбақтар және көне-сөздер білімін сынайтын қызықты сайыс өтті. Жеңіп шыққандар қазақи дәстүрінде жасалған сувенирлермен марапатталды.
Сонымен қатар, мейрамға қатысушылардың аса қызығушылығын тудырған қол күресу сайысы ұйымдастырылды. Бұл сайыста 07-001 топ студенті Батырбеков Дінмұханбет топ жарып шықты.
Наурыз мерекесі Қызыр атаның ақ ниетті батасымен аяқталды.

Иммунология және аллергология кафедрасы


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *