Новости.

2018 жылдың 2 сәуірінде  АҚ және ТЖ бойынша  жауапты кафедра қызметкерлері доцент Адибаев Б.М, оқытушы Жыланбаева Б.К. және кафедра ұжымы  Стоматология- 005(1,2), Жалпы медицина-015, Фармация-001,002  мектептерінің  топ  студенттері арасында ашық сабақ жүргізді. Ашық сабақ кезінде студенттер АҚ және ТЖ туралы мағлұматтар беріп, әр түрлі тақырыптарда табиғи және техногенді апаттарға мысал ретінде көріністер көрсетті. Ойын түрінде сұрақ жауаптар арқылы білімдерін толықтырды. Дыбыстық және бейне фильмдер қойылып, презентациялар көрсетілді. Сабақ «Табиғи және техногенді апаттардың зардаптары» тақырыбына сәйкес көршілес Ресей мемелекетінде орын алған сауда орталығындағы өрт туралы бейне баспа мен қойылымдармен де толықтырылды. Ашық сабаққа АҚ және ТЖ бөлімінен  инспекторлар Тасекеева Б.Ж.,  Елубаев Т.С., Уалиев С.Д. келіп қатысты. Студенттердің зілзала, су тасқыны, сел жүру қауіпі, өрт қауіпі туралы қойылымдары көрсетілді. Сабақ соңында АҚ және ТЖ бөлімінің инспекторы Тахир Сейлгазыұлы төтенше жағдайлар кезінде қорғану құралдарын пайдалану ережелерімен таныстырып, студенттерге оқытушылар құрамына мағлұматтар берілді. Инспектор Б.Ж.Тасекеева студенттердің көріністері мен қойылымдарына баға беріп, барлық қатысушы студенттерге мақтау қағаздарын табыстады. Сабақ өте әсерлі және көңілді өткізілді. Ашық сабақ кезінде суреттерге түсіріліп бейне материалдар жазылды.

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *