5 Денсаулық және білім беру контекстіне үлес қосу

Еліміздің денсаулық сақтау, медициналық және фармацевтикалық білім беру салаларының тиісті дамуына үлес қосу керектігін түсіне отырып, университет өз жұмысын жүргізетін болады.
Университет алты жылдық білім беруге көшуді, резидентура мен докторантураны ұйымдастырудағы жаңа тәсілдерді енгізуді ескере отырып, өз жұмысын құратын болады. Оқу аяқталғаннан кейін жаңа жағдайларда дайындалған медицина кадрлары халыққа медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға және тиісінше денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға елеулі әсер етуі тиіс. Университет сондай-ақ жаңа әлеуетке айналатын, оның ішінде денсаулық сақтауды басқару жүйесіне кіріктіруге арналған халықаралық тәжірибені ескере отырып, қоғамдық денсаулық сақтау мамандарын даярлауға күш-жігер жұмсайтын болады.
Университет Назарбаев Университетінің қолда бар тәжірибесін ескере отырып, жоғары оқу орындарын дамытудың құқықтары, жауапкершілігі, басқару сияқты стратегиялық мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге белсенді қатысатын болады.
Университет білім беру, ғылым, клиникалық практика саласында ұйымдастырушылық-әдістемелік құрамдастарды жетілдіруде, сондай-ақ оларды интеграциялауда және ұлттық деңгейде қабылдау үшін талап етілетін нормативтік-құқықтық құжаттар бойынша ұсыныстар әзірлеуде жетекші рөл атқарады. Бұл рөлді нығайтуға тиісті үлес «ҚазҰМУ»КЕАҚ жалпы жетекшілігімен, өз бағыттары бойынша республикалық консультативтік, ұйымдастырушылық-әдістемелік, білім беру және ғылыми орталықтар болып табылатын тиісті ҒЗИ мен ҰО-ның синергиялық әрекеті атқаруы тиіс. Университет қажетті есептеулерді жүргізеді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға осы бағытты орындауға арналған шығындарды өтеу бойынша ұсыныстар береді.
Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің ДДҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросымен, атап айтқанда, университет аумағында орналасқан МСАК бойынша ДДҰ-ның географиялық жағынан қашық орналасқан офисімен, сондай-ақ басқа да мүдделі халықаралық және билатералдық ұйымдармен, білім беру, ғылым және денсаулық сақтау ұйымдарымен, басқа елдердің жетекші академиялық және ғылыми мамандарымен ынтымақтастығын нығайтуға қосқан үлесі университеттің халықаралық қызметінің назарында болады. Шетелдік студенттерді тартумен қатар, бұл жұмыс «ғылыми дипломатия» деп аталатын мемлекеттің имиджін нығайтуға, халықаралық байланыстарды дамытуға, көпвекторлы сыртқы саясаттың тағы бір дәлелі болады.
Университет бірыңғай денсаулық сақтау («Onehealth») тәсіліне жататын, мысалы, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, зооноздарды зерттеу және олармен күрес, экология саласындағы шектес салалардағы академиялық қызметті кеңейту аясында мүмкіндіктерді зерттеу және оларды іске асыру бойынша қадамдар жасайды. Университет спорттық медицина сияқты бағыттарға кеңінен тарту бойынша өз мүмкіндіктерін қызығушылықпен қарайды. Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің ұлттық деңгейде тұрған денсаулық мәселелерін зерделеудегі ашықтығы мен мүдделілігін қолдай отырып, университет жаһандық денсаулыққа байланысты мәселелерді зерттеу саласында күш-жігерін салады. Осыған байланысты жаһандық денсаулық орталығын құру және дамыту мүмкіндігі қаралатын болады.
Әлемдегі қазақстандық медициналық және фармацевтикалық білім беру ұстанымдарын нығайту және мойындау, оның имиджі мен танымалдылығын арттыру мақсатында Университет сапаны қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруді жалғастырады, оның ішінде институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімдері, танылған ұлттық және шетелдік/халықаралық агенттіктер өткізетін жоғары оқу орындарының академиялық рейтингтеріне және білім беру бағдарламаларына қатысу арқылы.