Жаңалықтар.

№1 хирургиялық аурулар кафедрасы (бұрынғы факультеттік хирургия) 1933 жылы ұйымдастырылған. Кафедраның алғашқы меңгерушісі болып Санкт-Петербург әскери-медициналық академиясының түлегі, профессор Илья Симович Баккал (1878ж.т.) тағайындалды.

1951 жылдан кафедраны Одесса медицина институтын тәмамдаған, ғылымға еңбегі сіңген қайраткер, м.ғ.д., профессор Аркадий Борисович Райз басқарды. А. Б. Райз 25 жыл бойы үздіксіз кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Оның басшылығымен кафедрда оқу, ғылыми жұмыстары алға басты. Кафедра қызметкерлері кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғап өзалды үлкен хирургтер мектебі құрылды. Олардың арасында елімізге танымал хирургтар–академик М.Ә.Әлиев, профессорлар А.А.Сүлейменов, И.И.Володько, Э.А.Апсатаров, доценттер Н.С. Әлмұхамедова, К.И. Ибраев, М.С.Сәбитов, Қ.Т. Қалиев және т.б. бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *