Құрметті әріптестер!




13.06.2014

Маусым айының үшінші жексенбісінде біз дәстүр бойынша өзіміздің кәсіби мерекеміз – Медицина қызметкері күнін тойлаймыз.

Денсаулық – басты байлық, онсыз бақытты және толымды өмір сүру мүмкін емес, сондықтан, сіздердің еңбектеріңіз әрқашан сұранысқа ие .

Бүгін еліміздің барлық медицина қызметкерлерінің үйлесімді және тынымсыз еңбегінің арқасында Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Стратегиясы – 2050: қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» атты Халыққа Жолдауында біздің алдымызға қойған міндеттерін ойдағыдай орындаудамыз.

Отандық денсаулық сақтаудың сапалы дамуы, халық денсаулығының жағдайын жақсарту бізден барынша жан-тәнімен берілуді және ең жақсы адами қасиеттерді талап етеді.

Медицина қызметкерлерінің еңбегі – бұл адамдар үшін қызмет ету. Медицина персоналы адамға берілген ең үлкен құндылықтар – өмір мен денсаулықты қорғайды.

Мен, шын жүректен барлық медицина қызметкерлерін біздің кәсіби мерекемізбен құттықтаймын және денсаулық, шығармашылық ізденіс, табыс, бақыт және отбасыларына саулық тілеймін!

Сіздерге құтқарылған өмірлер үшін алғысымды білдіремін! Гиппократ Антына адал болыңыздар. Өздеріңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің

Жауапты хатшысы                         С.Р. Мусинов