Құрметті әріптестер!




16.05.2014

2014 жылдың 23-24 мамыр аралығында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде халықаралық деңгейдегі өкілдердің қатысуымен С.Ж. Асфендияровтың 125 жылдығына арналған «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дағы Медициналық білім беру моделі: студенттік әлеуетті дамытудың тәжірибесі және басым бағыттары» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өткізіледі.

Конференцияда Университетіміздің оқытушы-профессорлары С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Медициналық білім беру моделін жүзеге асыру тәжірибесімен, медициналық білім беру барысына кредиттік жүйені енгізу практикасымен, білім алушылардың  өзін-өзі дамытуы және тұлғалық өсуін оңтайландыру тәжірибесімен  шетелдік мамандармен, Қазақстан Республикасының басқа жоғары оқу орындарынан келген әріптестерімен бөліседі.

Конференция жұмысына қатысуға ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, ҚР және шетел жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамы және қызығушылық танытқан барлық тұлғалар шақырылады.

 

 

АЖД

Бағдарлама