Quaсquarelli Symonds Asia (QS Asia) ынтымақтастық




06.04.2016

ҚазҰМУ Quaсquarelli Symonds Asia (QS Asia) ынтымақтастық аясында қазақстандық университеттердің брендингі және маркетингі бойынша стратегия әзірлеуге, жоғары білім беру саласында тәжірибе алмасуға, Азия елдерінің ТОП университеттерінің, Қазақстанның 9 ұлттық және жетекші университеттерінің қатысуымен Азия аймағында әлемдік деңгейдегі университет құруға бағытталған әрі университеттерді стратегиялық басқару және дамыту мақсатында «QS Xсhange Seminar» өткізілді: Гаосюн,Тайвань медицина университеті; Ньюкасла, университеті, Австралия; Амити университеті, Индия; Перлис университеті, Малазия; Гонг Конг  политехникалық университеті, Гон Конг; Аджу университеті, Оңтүстік Корея.

2

Халықаралық семинар қорытындысы бойынша QSAsia бас директоры Манди Мок ханым ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова ханыммен, ҚР Білім және ғылым министрінің Қазақстан университеттерінің танылуы және брэндингі, Азиялық ТОП университеттердің және Қазақстан Республикасы университеттерінің серіктестігін дамыту мәселелері бойынша вице-министрі Т.Балықбаев мырзамен кездесу өткізілді.