ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ НАУҚАСТАРДА АРТЕРИАЛДЫ ГИПЕРТЕНЗИЯ АҒЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

13 Mar 2013

УДК 616.12-008.331.1:616.248]-053.9.

А.И. Қарабаева, А.Н. Шаметова, Н.А. Сарманова, У.А. Дайымбаева,

А. Дұрбаев (6 курс «Жалпы медицина» студенты),

Ф. Ақжолбаева (6 курс «Жалпы медицина» студенты)

С.Д. Асфендияров атындағы   ҚазҰМУ,  ЖМЖБ  кафедрасы.

МКҚМ «ҰОСА емханасы», Алматы, Қазақстан

 

 

Мақалада Алматы қаласының Алмалы ауданының  АГ-мен  егде жастағы науқастарының  клиникалық ағымының ерекшеліктеріне анализ жасалды. 01.12-12.12 ж. аралығындағы егде жастағы науқастарға  ретроспективті тексеріс өткізілді. Нәтижесінде, егде жастағы науқастарда АГ аз симптомды және латентті ағыммен өтіп, асқынулар жылдам дамиды. Бұл өз кезегінде ерте диагностиканы қиындатып, ауруханаға дейінгі геронтологиялық көмек көрсету қызметіне скрининг бағдарламаларын белсенді енгізуді қажет етеді.

Түйінді сөздер: артериалды гипертензия, егде жастағы науқастар, клиникалық ағымы.

Қарт және егде жастағы адамдар арасында қанайналым жүйесінің ауруларының (ҚЖА) артуы Республиканың Денсаулық сақтау жүйесінде өзекті мәселелердің бірі болып табылады.  ҚЖА аурушылдық көрсеткіші динамикада  2007-2009 жылдар ішінде 100 мың. ересек тұрғынға шаққанда 1,1 есе жоғарлаған [1]. Қарттардың ҚЖА-нан  негізгі өлім себебі 1,4 есе артқан  артериальды гипертензия  (АГ) болып табылады.

Осыған байланысты геронтологиялық тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмек, осының ішінде ауруханаға дейінгі кезеңдегі көмек сапасы маңызды.

Зерттеудің мақсаты Алматы қаласының белгілі-бір ауданының қарттарында АГ клиникалық ағымының ерекшеліктерін зерттеу болып табылды.

Материалдар және әдістер:01.01.12-нен  31.12.12-дейінгі аралықта МКҚМ «ҰОСА емханасына» тіркелген Алмалы ауданының егде жастағы науқастарының статистикалық карталарына жалпы анализ жүргізілді.  Алынған мәліметтерге сүйенсек күндізгі стационарда  қанайналым жүйесінің ауруларымен 828 науқас емделген. Оның ішінде 12 (1,5 %) науқас жүрек жеткіліксіздігі жоқ жүректің басым  зақымдалуымен қосарласқан артериалды гипертензиямен және 52 науқас  гипертензивті энцефалопатиямен тіркеліп жалпы санның 6, 3  % құрады.

Нәтижелер және талқылаулар: тексерілген науқастардың басым көпшілігінде «себепсіз» әлсіздік, нашар көңіл-күй, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, баста ауырлық және кернеу сезімі, сирек-бас ауру анықталған. Кейіннен үдемелі атеросклероздың негізгі симптомдары қосылған:ұйқының, есте сақтау қабілетінің, көрудің  бұзылуы, бас айналу, құлақтағы, бастағы шу, жүрек тұсындағы ауру сезімі, ентігу,  жүрек ырғағының бұзылыстары, эмоциональды тұрақсыздық. АГ-мен ұзақ ауыратын егде жастағы науқастар соңғы болған оқиғаларды есте сақтаудың, жаңа оқиғаларды игерудің, зейіннің төмендегенін, адекватты емес эмоционалды ракциялардың пайда болғандығын байқаған.

Гипертоникалық криздердің (ГК), әсіресе I типті (симпато-адреналды) (жастармен салыстырғанда) азайғандығын атап көрсету қажет. Егде жастағы науқастарда криздер жиілігі сирегенмен ағымы жастармен салыстырғанда ауырлау өтті. ГК ағымының ауырлығы гериатриялық науқастарда ырғақ бұзылыстары, күш түсу стенокардиясы, МИ, жедел сол қарыншалық жүрек жетіспеушілігі (ЖСҚЖЖ), ми қанайналымының динамикалық бұзылыстары немесе ми инфаркті сияқты асқынуларға алып келген [2].

Осылайша тексерістен өткен науқастарда АГ келесі клиникалық ерекшеліктерге ие:

1. Сырқат жиі адам өмірінің кеш кезеңдерінде (6-7-8 он жылдықтарда) пайда болады. Сирек өмірдің ерте кезеңінде басталған аурудың жалғасы болып табылады, бірақ АГ кеш кезеңіне тән ерекшеліктермен жүреді.

2. Клиникасында ауру сезімінің айқындылығы төмен болғандықтан, ерте диагностиканы қиындатады.

3. Артериялық тамырлардың және гемодинамиканың жасқа байланысты өзгерістеріне байланысты салыстырмалы САҚ- жоғары деңгейде, ДАҚ- төмен деңгейде болуы ПҚ жоғарлауына алып келеді.

4. Жастық өзгерістерге және үдемелі атеросклерозға байланысты  маңызды мүшелердің және жүйелердің функционалды жетіспеушілігінің белгілері өте жылдам қосылады.

5.Жастарға қарағанда МИ, инсульт, ЖСҚЖЖ, бүйрек жетіспеушілігі сияқты асқынулар аздаған қосымша қолайсыз әсерлер нәтижесінде жиірек дамиды.

6. ГК симпапато-адреналды (I) типі  салыстырмалы сирек анықталған Жиі криз ағымы су-тұз типі бойынша өтеді және сол қарынша жетіспеушілігімен және қанайналымының бұзылыстарымен қатар өтеді [3].

Қорытынды:

АГ егде жастағы науқастарда минмальды клиникалық көріністермен жүреді, бірақ асқынулардың жылдам дамуымен ерекшеленеді. Егде және қарт науқастарда  АГ  белгілерінің аздығы, латентті ағымы  ерте және  өз уақытындағы диагностика мүмкіндіктерін қиындатып, осы категориядағы АГ нәтижелі емдеу мүмкіндігін азайтады [4].

АГ  диагностикасының сәттілігін арттыру мақсатында геронтологиялық тұрғындарға көрсетілетін көмек көрсету кезінде әртүрлі  диагностикалық скрининг бағдарламасын белсенді енгізу қажет .

әдебиеттердің тізімі

1        «Саламатты Қазақстан»  ҚР денсаулық сақтаудың 2011 – 2015 жылдарға мемлекеттік бағдарламасы.

2       Филатова С.А., Безденежная Л.П., Андреева Л.С. Геронтология: оқулық. –  5-ші басылым. – Ростов н/Д.: Феникс, 2009. – 510 б. – (СПО).

3       Воробьева Т.Е., Куницына А.Я., Малеева Т.Ю. Гериатрия. – Ростов н/Д.: Феникс, 2009. – 152 б.

4       Сагындыкова А.Ж. Организация медицинской помощи пожилым – важная задача здравоохранения // CONSILIUMMEDICUM. – 2010. – Т. 27, № 3. – C. 94-95.

А.И. Қарабаева, А.Н. Шаметова, Н.А. Сарманова, У.А. Дайымбаева, А. Дурбаев, Ф. Ақжолбаева

Особенности течения артериальной гипертензии у лиц пожилого возраста

Резюме:  В статье пронализированы особенности клинического течения АГ у   пожилых пациентов Алмалинского района г. Алматы. Проведено ретроспективное обследование пожилых пациентов за период 01.12-12.12. г.  В результате выявлено, течение АГ у пожилых характеризуется малосимптомным и латентым течением с быстрым развитием осложнений, что обуславливает затруднение ранней диагностики и диктует необходимость активного внедрения скрининговых программ  в геронтологической службе на догоспитальном этапе.

Ключевые слова: артериальная гипертензия, пожилые пациенты, клиническое течение.

The features of clinical current of arterial hypertension in persons of elderly age

Resume: In the article features of clinical current had analysed of AG at elderly patients of Almaly district of Almaty. Retrospective examination had conducted of elderly patients during 01.12-12.12. It is as a result revealed, AG current at the elderly is characterized by a little symptoms and latenty current with fast development of complications that causes difficulty of early diagnostics and dictates need of active introduction of screening programs for gerontological service at a pre-hospital stage.

Keywords: arterial hypertension, elderly patients, clinical current.

 

ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ НАУҚАСТАРДА АРТЕРИАЛДЫ ГИПЕРТЕНЗИЯ АҒЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жаңалықтар

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индекстелген

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

© 2021 ҚазҰМУ