АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫ МЕДЕУ АУДАНЫНЫҢ 2012 ЖЫЛҒА ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУРУШАҢДЫҚ КӨРСЕТКІШІ

15 Mar 2013

УДК 614.7:574:546.3-053.2

 

Г.Ю. Даутова, М.А.Алимкулова, М.Р.Хаджиева, И.Е.Алыбаева

Медеу ауданының санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Төмендегі мақалада Алматы қаласының Медеу ауданының туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіштері берілген. 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы туберкулез жағдайының саны азайғанын байқауға болады.

Алматы қаласында туберкулез ауруының тіркелген жағдайлары туралы мәліметтер берілген, оның ішінде Медеу ауданы туралы мәлімет талқыланып, ашық жазылған.

Жыл сайын жер шарының 2 миллион тұрғынын өмірін қиятын ауру – туберкулез. Туберкулез қоздырғышын неміс дәрігері Роберт Кох 1882 жылдың 24 наурыз күні анықтаған. Осы жаңалығы үшін 1975 жылы Нобел сыйлығына ие болған, ал 24 наурыз Дүниежүзілік туберкулезбен күресу күні болып бекітілген.

Қазіргі уақытта жер шарында 9 млн. Адам туберкулез ауруына шалдыққан екен, бұл тек тіркелген науқастар саны, ал тіркелмеген науқастардың саны одан да көп болуы мүмкін. Негізінен ауру әлеуметтік жағдайларға байланысты дамиды.

Туберкулездің негізгі алдын алу шаралары болып сәбилерді дер кезінде екпе жұмыстарын жүргізу. Екпе  жұмысы сәби өмірге келгенен 4 күн аралығында , үйіне шығарылғанға дейін перзентханада жасалады (БЦЖ). Әрі қарай екпе календарына сәйкес ревакцинация жасалып отырады (30 жасқа дейін). Ревакцинация жасау алдында календарға сәйкес осы жас шамасындағыларға міндетті түрде Манту сынамасы жасалады, осы сынама қорытындысы бойынша ревакцинация жасалатын топтар іріктелініп алынады.

Алматы қаласы бойынша 2012 жылы 927 жағдай тіркелген(туберкулез). 2011 жылмен салыстырғанда 5,5% азайғанын көреміз.

 

1 кесте – 2011-2012 жыл аралағындағы туберкулезбен  аурушаңдық

Ауданның аты

 

2011 жыл

2012 жыл

Абсолюттік көрсеткіш Аурушаңдық көрсеткіші Абсолюттік көрсеткіш Аурушаңдық көрсеткіші
Алатау

168

104,2

165

103,2

Алмалы

117

57,0

103

49,2

Әуезов

193

57,7

176

53,7

Бостандық

99

37,1

109

39,3

Жетісу

140

75,8

126

73,6

Медеу

101

58,5

91

53,1

Түрксіб

163

79,5

157

79,6

Барлығы

981

63,8

927

60,9

Қаламызда туберкулезге шалдыққан адамдардың көбі жұмыссыздардың қатарынан табылған. Халықтың ұйымдастырылмаған топарының  көрсеткішін төмендегі графиктен көре аламыз.

 

 

Туберкулезбен ауырған адамдар арасында балалардың көрсеткіші:

  • 14 жасқа дейінгі балалардың саны -22( 3-еуі 1 жасқа дейінгі балалар)
  • мектепте оқитын балалар саны – 23
  • ұйымдастырылмаған балалар -13

 

 

 

Туберкулезді анықтау үшін 14 жасқа дейінгі балаларға Манту сынамасы, одан жоғары жастағыларға жылына 2 рет флюорграфия жасалады. Балаларды Манту сынамасы жоспарлы түрде және қауіп-қатер топтары байланысты жүргізеді. Жоспарлы түрде Медеу ауданы бойынша 16142, ал қауіп-қатер тобы бойынша – 3456 сынама жасалған. Қаламыздағы  74%(84 адам) студентімізде туберкулез ауруын кезекті медициналық тексеру кезінде анықталған, оның ішінде өздері келіп қаралғандар – 28. Статистикалық мәлімттерге жүгінсек, қазіргі таңда төменгі(I,II,III ) курс студенттері жиі ауырады. Үй жағдайында жұқтырған студенттер саны – 5.

2012 жылы бактериоскопиялық әдіспен 341(37%), флюорография барысында – 473(51%)  науқас анықталған. Флюорография әдісімен өткен жылда 982659 адам қамтылған, шара барысында 605 науқас анықталып отыр.

2012 жылы Алматы қаласы Медеу ауданында туберкулез ауруына шалдыққандар саны   91(абс.көрсеткіш).

Қаламыздың барлық, яғни 4  туберкулезді емдейтін мекемелері Медеу ауданда орналасқан. 2012 жылы медицина қызметерлері арасында туберкулез ауруы тіркелмеген.  Бір ғана науқас тіркелген, ол Медеу ауданының тұрғыны, бірақ Алмалы ауданының емханасында жұмыс істейтін медицина қызметкері.

Медеу ауданында тіркелген 91 жағдайдың ішінде -78-і тыныс алу жолдарының, ал 13-і ағзаның басқа тіндерінің туберкулезіне шалдыққан.

Ауданымызда туберкулездің алдын алу үшін Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес профилактикалық және санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Санитарлық ағарту жұмыстарына халықтың көптеп жиналған жерлерінде туберкулез туралы мәліметтер жазылған санитарлық бюллетендер ілу, балалар мен жасөсіпірімдер, өндірістік мекемелерде, аурухана  мекемелерінде семинар және лекция жүргізу.

Кодекстің 5-бөлімі 18-тарауында туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету туралы нақты жазылған. Осы кодекс бойынша Қазақстан аумағындағы барлық тұрғындар туберкулезден тегін, яғни мәжбүрлеп және өз еркімен ем ала алады. Осы кодекстің 105-бабында туберкулезбен ауыратын науқастар міндетті түрде медициналық байқауда болуға және емделуге жатады, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастар міндетті түрде ауруханаға жатқызылып, емделуге және оңалтылуға тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

әдебиеттер тізімі

1      ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі. – Алматы: Юрист,  2009. -109б.

2       Перельман М. И., Корякин В. А., Богадельникова И. В. Фтизиатрия.  – ОАО Издательство «Медицина». – 2004. – С.15-17.

3      Руководство по лечению лекарственно-устойчивых форм туберкулёза. Издание ВОЗ.

4      Сайт ВОЗ. Руководство по программному ведению лекарственно-устойчивого туберкулёза

5      Туберкулёз. Вопросы и ответы. Всемирная организация здравоохранения

6      Факты о туберкулёзе. Сайт Всемирной организации здравоохранения

 

 

 

Резюме: В Статье представлены сведение о выявлений туберкулеза среди районов города Алматы, полное описание по Медеускому району.

 

 

Resume:  In the article provides information on the identification of TB in areas of the city of Almaty, a full description on Medeu district.

 

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫ МЕДЕУ АУДАНЫНЫҢ 2012 ЖЫЛҒА ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУРУШАҢДЫҚ КӨРСЕТКІШІ

News

All


Video


Gallery

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Useful databases

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


About the journal

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Indexed by

Asfendiyarov Kazakh National Medical University

© 2021 KazNMU