КӨП ДӘРІГЕ ТӨЗІМДІ ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

27 Nov 2014

УДК 616.24-002.5-053.6:579.873.21                         

 

Г.С. Еркенова  

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті,

Алматы қаласы

 

 

Зерттелген 65 науқас  салыстырмалы сипаттамалары бойынша екі топқа бөлінді: негізгі I топ — 34 науқас дәріге төзімді туберкулез микобактериясы (ТМБ) бөлушілер,  II топ- 31 науқас дәріге сезімтал ТМБ бөлушілер).Зерттеу өткізген науқастар  арасында 75,0% мультирезистентті туберкулез тіркелді, клиникалық формалары бойынша өкпенің инфильтративті туберкулезінің үлесі жоғары — 56,3 %, ТМБ бөлу қарқындылығы айқын (++,+++) -38,0% микроскопиялық, ал- 34,0%  себу әдіспен). 

Түйінді сөздер: науқас, дәрі, туберкулез

 

Алғы сөз: дәріге төзімді туберкулез, туберкулез микобактериясын (ТМБ) бөлушілер,жасөспірім, микроскопиялық, себу әдісі.

Өзектілігі: Соңғы жылдары дәріге тұрақты туберкулез дүние жүзінде жыл сайын көбеюде, жыл сайын анықталатын 9 миллион  науқастар арасында дәріге тұрақтылық 5% құрайды, барлық туберкулезбен ауыратын науқастардың ішінде дәріге тұрақтылық 25-30% анықталады (1,2,3)

Зерттеу мақсаты: Қазіргі кезендегі көп дәріге төзімді туберкулездің ерекшеліктерін анықтау.

 

Кесте 1 — ҚР бойынша біріншілік және жүре пайда болған дәріге төзімділік көрсеткіштері

Біріншілік ДТ

Екіншілік ДТ

Материалдар және әдістері: Қазақстан Республикасының Ұлттық туберкулез мәселелері орталығының балалар бөлімшесіндегі 66 науқастың сырқатнамасына сараптама жүргізілді.  Бұл  сараптама 2008-2011 жылдар аралығын құрайды (сурет 1).

Барлық науқастар салыстырмалы сипаттамалары бойынша екі топқа бөлінді: негізгі I топ — 34 науқас дәріге төзімді туберкулез микобактериясы (ТМБ) бөлушілер,  II топ- 31 науқас дәріге сезімтал ТМБ бөлушілер (2 кесте)

 

Кесте 2 — Науқастарды жасына және жынысына сәйкес топтастыру

Топтар Науқастар саны Жынысы Жасы
ер әйел 15-16 17-18
ДТТ 34 (100%) 11     (32,4%) 23 (67,6%) 6    (17,6%) 28  (82,3%)
ДСТ 31 (100%) 14   (45,1%) 17  (54,8%) 8  (25,8%) 23   ( 74,1%)
Барлығы 65 (100%) 25   (38,4%) 40   (61,5%) 14    (21,5%) 51    (78,4%)

 

Кестеде көрсетілгендей,  екі топтағы зертелген науқастардың басым бөлігі әйелдер (67,6% және 54,8%). Екі топтағы науқастардың жартысынан көбі 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер құрайды. Екі топтағы науқастардың  туберкулездің құрылымдық түріне және клиникалық-рентгенологиялық көріністеріне қарай зерттелген топтар бірдей болды. Науқастарды клиникалық түрлеріне сәйкес топтастырдық .

Екі топта да өкпенің инфильтративті туберкулезінің үлесі жоғары болды, I топта — 56,3 %, ал  II топта- 69,0% дейін құрады.

Зертелген топты  ТМБ бөлу қарқындылығы бойынша салыстырдық (Сурет 3).

Микроскопиялық    әдісімен   I топта  аса айқын емес (ТМБ +) – 12,5 %,  ал  II топта –бұл науқастар 41,4% дейін анықталған. ТМБ бөлу қарқындылығы жоғарырақ (ТМБ++)   I топта   — 18,7 %,   II топта -41,4% дейін құрады.  Айқын (ТМБ +++) бөлүшілер  I топта  жиі кездесті — 68,8%, ал  II топта сирек анықталды — 1,8%. Науқастардың себу әдісімен анықталған ТМБ нәтижесін   сараптадық.Себу    әдісімен   I топта  аса айқын емес (ТМБ +) – 12,5 %,  ал  II топта –  бұл науқастар басым болды – 62,1% дейін анықталған. ТМБ бөлу қарқындылығы жоғарырақ (ТМБ++)   I топта   — 15,6 %,   II топта – 27,6% дейін құрады.  Айқын (ТМБ +++) бөлүшілер  I топта  жиі кездесті – 71,9%, ал  II топта сирек анықталды — 10,3%.

Туберкулезге қарсы дәрілерге резистенттілігі.

I топтағы науқастар арасында  монорезистенттілік  2(6,25%), полирезистенттілік у  6(18,7%), мультирезистенттілік  24(75,0%) науқаста дамыған. 1 топтағы науқастардың туберкулезге қарсы дәрілерге резистенттілігі талқылап қарағанда науқастар арасында басым бөлігі негізгі дәрігерлерге тұрақтылық дамытқанын байқауға болады .

Оның ішінде Н-62,1%, R-52,4%, E-33,1%, S-60,5% дейін  тұрақтылық құрады. Сонымен қатар резервті препараттарға тұрақтылық дамығанын байқауға болады, яғни Cm-8,2%, Of-6,4%, Eto-16,4% .

Жоғарыда көрсетілген  науқастар арасында қалдық өзгерістер аз мөлшерде  I топта — 21,9%,  орташа   — 56,2%,  айқын -21,9% болса,  II топта  — 51,8%,  орташа   — 41,3%,  айқын -6,9% байқалған.

Қорытынды:

Өткізген зерттеуді нәтижеле келіп КДТТБ науқастар арасында 75,0% мультирезистентті туберкулез тіркелді , жоғарғы көрсеткішті 65.6% әйелдер, 83,6%  16-18 жастағы жасөспірімдер құрайтыны анықталған.Клиникалық тұрлеріне тоқталса өкпенің инфильтративті туберкулезінің үлесі жоғары болды — 56,3 %, науқастар арасында ТМБ бөлу қарқындылығы айқын (++,+++) болды (38,0% микроскопиялық, 34,0%  себу әдіспен).

 

әдебиеттер тізімі

  • Ерохин В.В., Земскова З.С. Современные представления о туберкулезном воспалении // Пробл. туб. – 2003. — № 3. – С. 11-21.
  • Исмаилов Ш.Ш., Турсынбаева А.С., Аденов М.М. Эпидемиологическая оценка больных туберкулезом с лекарственной устойчивостью, зарегистрированных в национальном регистре Республики Казахстан за 2003-2006 гг // Фтизиопульмология.- — №2 (12). – С. 14-17.
  • Сахелашвили М.И..,Балита Т.М.,Структура и течение химиорезистентного течения туберкулеза у детей и подростков. // Туберкулез и болезни легких. – 2010. — №8. – С. 46.

 

 

 

Г.С. Еркенова

Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова,г.Алматы

 

Особенности течения мультирезистентной формы туберкулеза

 

Резюме: В результате проведенных исследований можно сделать следующие выводы:

  1. Среди мультирезистентных форм туберкулеза 83,6% составляют подростки 16-18 лет, из них 65.6%составляют пациенты женского пола.
  2. 56,3 % составили пациенты с инфильтративным туберкулезом легких.
  3. В 38,0% бактериовыделение (2+ и более) установлено, бактериоскопическим ,а, в 34,0% бактериологическим методом.
  4. В 75,0%случаев среди всех впервые выявленных пациентов,  установлена мультирезистентная форма туберкулеза.

Ключевые слова: мультирезистентный туберкулез, подростки, бактериовыделение

 

 

 

G.S. YERKENOYA

The Kazakh National Medical University named after S.D. Asfendiyarov, Almaty c.

 

COURSE MDR-TB

 

Resume: Research results showed that multiresistant tuberulisis more often met in age 16-18, the stake of infiltration tuberculosis of  56,3% increased, that is characterised the sharp beginning of disease.  By widespread processes  with destruction, bacterioselection (38% by a microscopic method , 34% method of sowing) . At primary medicamental  stability for teenagers monoresistance made -2( 6,25%), polyresistance for 6 (18,7%) and multiresistance for 24(75,0%).  The height of number of the first educed teenagers is marked with medicinally- steady tuberculosis  of breathing organs – 75 % of cases.

 

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ