СЕМІЗДІК ПЕН АРТЫҚ САЛМАҚТЫҢ ӘЛЕМДЕГІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАРАЛУЫНЫҢ СЕБЕП-САЛДАРЫ

17 Oct 2014

УДК 636.294:637.03

 

Т.Ш. ШАРМАНОВ, С.Т. АЛЛИЯРОВА

С.Ж.Асфендияроватындағы ҚазҰМУ, нутрициология кафедрасы,

Алматы қ., Қазақстан Республикасы

 

 

Мақалада семіздік пен артық салмақ мәселесінің өзектілігі мен артық семіздік пен артық салмақтың  қауіп-қатер факторлары көрсетілген, сонымен қатар әлемдегі және Қазақстандағы таралуы жайлы айтылған.

Түйінді сөздер: артық салмақ, семіздік, ДДҰ, ДСИ, диабет, жүректің ишемиялық аурулары.

 

Артық салмақ және семіздік деп денсаулыққа кері әсер ететін нормадан ауытқыған, артық май қоры жиналуын айтамыз [1]. Дене массасының индексі – семіздік пен  артық салмақты классификациялау үшін жиі қолданылатын, салмақтың бойға қатынасы. Индекс килограммен өлшенген дене салмағының метрмен өлшенген бойдың квадратына қатынасымен есептелінеді (кг/м2).

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтауы бойынша:

Дене массасының индексі 25 тен артық немесе тең болса – артық салмақ

Дене массасының индексі 30 дан артық немесе тең болса – семіздік болып есептелінеді[1].

Қазіргі кезеңдегі семіздік мәселесінің өзектілігі бұл аурудың таралуының күрт өсуімен және артық салмақтың түрлі аурулар қаупінің себебін құрауымен байланысты.

Барша әлемде жеткіліксіз салмаққа қарағанда артық салмақ пен семіздік өлім-жітімге көбірек ұшыратады. Диабет ауруының –44%, жүректің ишемиялық ауруының 23%, кейбір қатерлі ісік ауруларының 7-41% жағдайлары артық салмақ пен семіздік әсерінен туындаған [2].

ДДҰ деректеріне сай планетамызда артық дене салмағы бар, яғни,  ДСИ >25 (ДСИ = дене салмағы,кг / бой, м²) құрайтын адам саны – 1,7 млрд. Бұл топтардағы адамдардың  250 миллионы созылмалы семіздік ауруы мен оған қосарлана жүретін кең таралған ауруларға шалдыққан. Әлемдегі мезгілінен бұрын болатын әр үшінші өлім-жітімнің семіздік пен адамның аз қимылдауынан туындайтын аурулармен байланысты екендігі анықталған. Қазіргі кезде әлемде семіздіктің таралуының қарқындылығы соншалық, ДДҰ сарапшыларының болжамына сай бұл сандар 2025 жылға таман екі еселенбек. Әр 10 жыл сайын артық дене салмағы мен семіздіктің таралуы 10% өсіп отырады [1,3].

Семіздік – Қазақстан Республикасында да аса маңызды мәселелердің бірі. Мысалы, елімізде 90-жылдары халықтың 15 жастан асқан топтары арасында ДСИ >25 кг/м²шамасын құраған үлесі – 36,1%, оның ішінде, семіздікке шалдыққандар үлесі -17,3% болған. Ал 1999 жылы Қазақстан Профилактикалық медицина академиясы өткізген Медициналық-демографиялық зерттеулер деректері бойынша бала өрбіту жасындағы әйелдер арасында (18-49 жас) ДСИ >25 кг/м² шамасын құраған үлесі – 32,5%, семіздікке шалдыққандар – 12,7% болған [4,16].

Семіздік және артық салмақтың негізгі себебі – ағзаға келіп түсетін калориялар арасындағы энергетикалық теңсіздік.

Глобалды масштабта төмендегілерді атап өтсек болады:

Құрамында май, тұз және қанты көп, бірақ дәрумендері, минералдық заттары және басқада микроэлементтері аз тағамдарды көп қолданғаннан.

Қозғалмайтын қызметке байланысты физикалық белсенділіктің төмен болуынан[1-4].

РМҒА мәліметтерінесүйенсек семіздік дамуының  бірден бір себебі 80% жағдайда– тағамды артық тұтыну және осы орайда, тазартылған, жоғары калориялы өнімдер үлесінің артуы орын алады. Ауқаттық үйлесімсіздік көбінесе жануар тектес майлар және қарапайым көмірсулар есебінен калориялықты арттыруда байқалады, сонымен қатар, тамақтану тәртібінің бұзылыстары – кешкі уақытта негізгі тағамды тұтынудың да ролі бар. Семіздікке шалдыққандардың ішінде   60% тәуліктік рационының калориялылығы 3000 ккал, 1/3 –не майлар мен қарапайым көмірсуларды артық тұтыну, тағамды сирек қабылдау және кешке мол тағам ішу тән. Мысалы, Мәскеу қаласы тұрғындарының нақты тамақтануын зерттеу нәтижесінде майдың, нанның, ұн өнімдері мен жармалардың тәуліктік нормаларының едәуір асуы мен көкөністер мен жемістердің жеткіліксіз тұтынылуы анықталған, және майлар мен көмірсуларды артық тұтыну салмағы қалыпты адамдар арасында да байқалған[4-16].

Тамақтану тәртібінде және физикалық белсенділікте өзгерістердің болуы денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, транспорт, қоршаған ортаны қорғау, тамақ өнеркәсібі, бөлістіру, маркетинг және білім саласын дамыту мен байланысты экологиялық және социалдық өзгерістер нәтижесінде болады[1-3].

Эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша, артық салмақпен ауыратындар арасында омыртқа остехондрозы және дистрофикалық алмасу полиартриті, өт қабының дикинезиясы, созылмалы холецистит және өт-тас аурулары, өкпенің қатерлі ісігі, сүт безінің, жатырдың және аналық бездің қатерлі ісігі сияқты аурулар жиі кездеседі[5-6].

Семіздікке шалдыққан әйелдерде етеккір функциясының бұзылуы және бала көтере алмау жиі кездеседі.  Дене салмағын уақытылы коррекциялау ұрықтану циклінің қалыпты болуына және қайта тіктелуіне септігін тигізеді[7].

Семіздікпен ауыратындар көп уақытын ауруханаларда өткізеді, наркоздан кейін асқынуларға ұшырайды, сондай-ақ жол апатында, катострофаларда көп жағдайда қаза табады [8].

Семіздік орта есеппен өмір сүруді 3-5 жылға қысқартады. Қоғамда 3/2 жағдайда адам өлімнің себебі май алмасудың бұзылуынан және семіздік салдарынан болады. Егерде адамзат семіздіктің проблемасын шешкен жағдайда өмір сүру 4 жылға ұзарған болар еді, ал қатерлі ісік проблемасын шешкенде өмір сүру 1 жылға ғана ұзарады[9].

Семіздік проблемасы өте өзекті, өйткені артық салмаққа шалдыққандар  саны күн санап өсуде. Әр 10 жылда 10 пайызға өсіп келеді. Егер осы қарқынмен өсе берсе келесі жүз жылдықтың ортасында дамыған елдер халқының бәрі дерлік семіздікпен ауыратын болады[10].

Эпидемиологиялық жағдайларды ескере отырып экономикалық дамыған елдерде, соның ішінде ТМД елдерінде әр бір 3-ші адам өте жақсы, дұрыс дене салмағына ие екенін көруге болады [11].   Әр түрлі елдердегі аурулар көрсеткіштері өмір сүру жағдайларына, тамақтану дәстүріне байланысты ерекшеленеді.

Семіздік туралы  эпидемиологиялық зерттеулер кең ауқымда жүргізілуде және бұл зерттеулердің нәтижесі көңілге қонымсыз[12].

Біз бұл аурудың індетімен күресіп келеміз. Қазіргі уақытта АҚШ-та 34 млн нан астам адам семіздік дертіне шалдыққан[13]. Еуропада семіздіктің таралуы АҚШ –қа салыстырғанда аз болғанымен, қуанатындай жағдай емес. Экономикалық дамыған елдер семіздікті емдеуге көңіл бөле бастады[14]. Семіздік проблемасын шешу – бұл өмір сүрудің сапасы және ұзақтығына әсер етеді, аурудың және өлімнің алдын алады, семіздікпен күресуге кететін шығындарды үнемдейді[7].

Артық салмақ пен семіздік осы күнге дейін табыс деңгейі жоғары елдерге тән болып есептеліп келсе, қазіргі күні  табыс деңгейі төмен және орташа елдерде де таралуы артуда, әсіресе, қалаларда. Қазіргі уақытта ДДҰ халық басына шаққандағы жалпы ішкі өнім төмен және орташа шаманы құрайтын елдерде семіздік таралуының ерекше өсуін анықтауда. Дамушы елдерде артық дене салмағы бар 5 жасқа дейінгі балалар саны – 35 миллион, дамыған елдерде – 8 миллионды құрайды[7-16].

Дамушы елдерде тамақтануға тәуелді, созылмалы жұқпалы емес аурулардың таралуы дамыған экономикасы бар елдерге қарағанда жылдам өсіп келе жатыр[16].

 

Әдебиеттер тізімі

WHO,  Mediacentre, Obesity and overweight . Factsheet N°311 2014

ВОЗ: Глобальная стратегия по питанию, физической активности и здоровью. ВОЗ, 2004, 21 б.

Dr. João Breda. WHO Childhood Obesity Surveillance Initiative. WHO European Ministerial Conference on Counteracting Obesity. WHO, 2012, 19 p.

Салханов Б.А. Ожирение. – Алматы: 2001. – 148 б

Chow WH; McLaughlin JK; Mandel JS; Wacholder S; Niwa S; Fraumeni JF Jr Obesity and risk of renal cell cancer. CancerEpidemiolBiomarkersPrev 1996 Jan;5(1):17-21

Bray G. A. Obesity. Part 1. Pathogenesis. /West. J. Med. 1988, Vol. 149, N4. — P.429-441.

Ashwell M. The health of the nation target for obesity.// Int. J. Obes. 1994, Vol.18.P. 837-840. М. М. Гинзбург, Г. С. Козупица, Н. Н. Крюков «ОЖИРЕНИЕ и МЕТАБОЛИЧЕСКИЙ СИНДРОМ ВЛИЯНИЕ НА СОСТОЯНИЕ ЗДОРОВЬЯ, ПРОФИЛАКТИКА И ЛЕЧЕНИЕ».

Ashwell M. The health of the nation target for obesity.// Int. J. Obes. 1994, Vol.18.P. 837-840.

Hodge AM; Dowse GK; Gareeboo H; Tuomilehto J; Alberti KG; Zimmet PZ Incidence, increasing prevalence, and predictors of change in obesity and fat distribution over 5 years in the rapidly developing population of Mauritius. Int J ObesRelatMetabDisord 1996 Feb;20(2):137-46

Lean M. E. J., 1998; Bray G. A., 1998; Roberts L, Haycox A, 1999

Mamalakis G., Kafatos A., 1996; Seidell J. C., Flegal K. M., 1997; Bray G. A. 1998; Flegal K. M. Caroll M. D., Kuczmarski R. J. 1998; Roberts L, Haycox A, 1999

Kuczmarski R. J., 1992; Flegal K. M., Caroll M. D., Kuczmarski R. J., 1998

Seidell J. C., 1995: Seidell J. C., Flegal K. M., 1997

Беляков Н.А., Мазуров В.И.Ожирение. Руководство для врачей.  – СПб.: 2003. – 520 б

ВОЗ: Руководство программы СИНДИ по питанию. ВОЗ, 2000, 49 б.

Шарманов Т.Ш., Тәжибаев Ш.С., Балгинбеков Ш.А. «Артық салмақ пен семіздіктің алдын алу бойынша жетекші құрал»

 

 

Т.Ш. ШАРМАНОВ, С.Т. АЛЛИЯРОВА

КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова,  кафедра нутрициологии,

г.Алматы, Республика Казахстан

 

ПРИЧИНЫ И СЛЕДСТВИЯ РАСПРОСТРАНЕНИЯ ОЖИРЕНИЯ И ИЗБЫТОЧНОЙ МАССЫ ТЕЛА В МИРЕ И КАЗАХСТАНЕ

 

Резюме: В статье показана актуальность проблем избыточной массы тела и ожирения и факторы риска избыточной массы тела и ожирения, также распространенность в мире и Казахстане.

Ключевые слова: избыточная масса тела, ожирение, ВОЗ, ИМТ, диабет, ишемические болезни сердца.

 

 

T.Sh. Sharmanov, S.T ALLIYAROVA
KazNMU named after S.D. Asfendiyarov, Department of Nutrition,
Almaty, Kazakhstan
CAUSES AND CONSEQUENCES of spreading obesity and overweight IN THE
WORLD AND IN KAZAKHSTAN
Resume: The article shows the urgency of the problems of overweight and obesity and risk factors of overweight and obesity and also their prevalence in the world and in Kazakhstan.
Keywords: overweight, obesity, WHO, BMI, diabetes, ischemic heart disease.

 

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ