ҚММУ ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ КАФЕДРАСЫНДА БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ САПАСЫН БАСҚАРУДЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТТАУ

16 Oct 2014

УДК 61(07)

 

Е.Н. Сраубаев, С.Р. Жакенова, Н.У. Шинтаева, А.О. Даулетова, Б. Серик, Н.Ж. Ердесов

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, еңбек гигиена, кәсібі аурулар, балалар

және жасөспірімдер гигиена кафедрасы

 

 

«ҚММУ еңбек гигиенасы кафедрасында білім беру процесінің сапасын басқаруды инновациялық бағыттау» тақырыбында берілген мақалада бүгінгі күні Қазақстан Республикасы тұтынушылар құқұғын қорғау Агенттігі көрсететін қызметтерінің сапасын жақсартуға бағытталған күрделі құрылымын модернизациялаудың маңызды сатыларының бірін бейнелейді.

Түйінді сөздер: оқытудың белсенді әдістері, инновациялық технологиялар, оқу технологиялары, кәсіби компетенттілік

 

Кіріспе. Қазіргі уақытта жұмыс  істеуші  халықтың денсаулығын, еңбек ресурстарын сақтау Ресей Федерациясы сияқты Қазақстан Республикасында да елдің мемлекеттік  әлеуметтік саясатының басымдылығы ретінде  қарастырылуы тиіс. Еңбек медицинасы жүйесі мен ұлттық бағдарламаларды құруға, шығаруға ұсынылған, яғни   биылғы жылдың мамырында денсаулық сақтаудың Бүкіләлемдік ассамблеясымен қарастырылған 2006 жылдың тамызында жасалған «2008-2017ж.ж жұмыс істеушілердің денсаулығы бойынша жаһандық жоспардың әрекет етуі» ДДҰ  жобасы жасап шығарылған.  [9]

Қазақстанда инновациялық инфрақұрылымды құру, яғни  қоғамның барлық субъектілерімен, бірінші кезекте медициналық білім беру  және еркін нарықтық қатынас жағдайында қоғамның барлық субъектілерімен өзара әрекеттесу  мен зерттеушілік белсенділігін арттыра отырып,  студент жастарды зерттеу процестеріне қатыстыру жолымен   ғылым саласында оны белсенді пайдалануын қарастырады.[1,2,3,4]

Біздің республикамыздағы медициналық білім беру реформасы ең алдымен, сапалы медициналық көмек көрсете алатын жоғарғы кәсіби компетенттілігі  бар бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауды және тәжірибелік денсаулық сақтауға барынша жақын білімді алуды көздейді.  [5,6,7]

Мұнымен инновациялық инфрақұрлым «инновация»  біртұтас жүйесін қолдауды қамтамасыз ете, денсаулық сақтау еліміздің ұлттық экономикалық  доктринасының  бір бөлігі болуы  тиіс, яғни   елдің көпсалалы экономикасының жалпы құрылымында «бәсекені» және қамтамасыз етуші технологияны пайдалануды біруақытта талап ететін ғылыми зерттемелердің коммерциализациясына құруды болжайды.  [7,8]

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев белгілеген ұзақ мерзімді басымдылық   «Денсаулық, Салауаттылық, Білім беру» призмасы арқылы «Инновация және бәсеке» принципін қарастыру Болон декларациясының негізінде ғылым және медициналық білім беру секторы үшін Бүкіләлемдік Сауда Ұйымының, Кедендік Одағының бірыңғай кеңістігінде нарықтық (қоғамдық) қатынастардың ортақтасуын көрсетеді.    [10,11,12]

ЖОО білім беру процесінің жетілдірілуі инновациялар (жаңа енгізулер) негізінде сапа менеджменті жүйесінің құрамына енгізу арқылы іске асырылуы  тиіс. ЖОО сапа менеджменті жүйесін жасау мен енгізу инновацияларды енгізудің қуатты ынталандырушысы болып табылады. «Үнемі жақсарту» приципін іске асыру тек педагогикалық инновациялардың мойындалуын ғана емес, сонымен қоса, олардың білім беру процесіне белсенді енгізуді талап етеді. [14,15]

Соңғы жылдары жоғары оқу орындары студенттеріне медициналық білім беруде ақпарат алу технологияларында, көлемінде,оқыту формасының инновациялық өзгерістері үдемелі өтіп жатыр. Білікті мамандарды дайындау ұлт денсаулығының кепілі, халықтың сапалы медициналық көмек алуын қамтамасыз етудің  қажетті жағдайы болып табылады.   Еңбек гигиенасы кафедрасындағы оқу-тәрбиелік процесіндегі бетбұрыс, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің басқа кафедраларындағы сияқты, Қазақстан Республикасы медициналық және фармацевтикалық білім беруін реформалау концепциясына   негізделеді. Жас маман болудың негізін қалаушы,   кәсіби дағды-машықтарын дамытудың және қалыптастырудың мәні, ол оның профильді кафедраларда оқу кезеңінде өтетін мектеп, олардың ортасы,тәжірибесі,салттары болып табылады.

Бұл зерттеуді жүргізу мүмкіндігі  мемлекеттік тіркелуі № ГР 0112РК00416, ҚММУ Ғалымдар Кеңесімен бекітілген «Қазақстанда инновациялық инфрақұрылымды кең ауқымды қолдану мақсатымен халық (адамдық капитал), бизнес пен ғылым және медициналық  білім берудің серіктестік жолдарын жасау» ғылыми-техникалық жобасына негізделді.

Зерттеу мақсаты.  Нарықтық жағдайында ғылым мен медициналық білім берудің сапасын арттыру жолдарын жасау.

Міндеттері.

  1. Медициналық білім беру және ғылым саласындағы нарықтық өзара қатынастар дамуының халықаралық тәжірибесін талдау.
  2. Бекітілген регламентке сәйкес медициналық білім беру мен ғылымын дамыту мүмкіншіліктерін зерделеу.
  3. Медициналық білім беру және ғылым саласында студент жастардың инновациялық инфрақұрылым мүмкіншіліктерін алу перспективаларын бағалау. Материалдар мен әдістер. «Инновация және бәсеке» принципін зерделеу статистикалық нақтыланған респонденттер саны  гуманитарлы пәндерде оқитындар — 70%, және профильдік пәндерде -30% оқитындарға арнайы жасалған сауалнама бойынша жүргізілді.

Нәтижелер. Кез келген пән көптеген ғасырлар  бойы шығарылған бірқалыпты білім жүйесінен тұрады. Сондықтан студенттердің   оқитын пәнінің тек прагматикалық, танымдық жағын  ғана емес, сонымен қоса, эстетикалық жағын да сезінуі маңызды. Медициналық ЖОО бұл мәселені шешудің маңызды ролі еңбек гигиенасына тән. Еңбек гигиенасы кәсіби аурулар мәселелерін жемісті шешуді қамтамасыз етуге бейімделген    ғылыми пәндердің ішіндегі  жетекші орындардың бірін алады.  Бұл пән ЖОО оқытылатын, профилактикалық пәндердің бөлігі болып табылады. Оқытушылар дәрістік және тәжіриелік сабақтарға ерекше  көңіл бөледі.Дәрістерді оқу кезінде психологиялық ұстаным жағынан аса тиімдісі мәселелі дәрістерді айқын түсіндірмесімен қоса, мультимедиялық презентацияларды пайдалану болып табылады. Мәселелі дәрістер студент алдына тек мәселені ғана емес, сонымен қоса, оқу бағдардамасының қандай да бір сұрақтары бойынша ең соңғы ғылыми ақпараттарды береді, инновация арқылы медициналық білім беруді жетілдіруде жанды қызуғышылығын тудырады, пәнге деген ықыласы, ойлау қабілетін дамытады,танымдық қызметін дағдыландырады. Оқытудың техникалық құралдарын пайдалану ең алдымен, компьютерлік көрнекіліктер, мультимедиялық презентациялар баяндалатын дәрістер көлемін арттыруға, көрсету процесінде субъективті  факторлардың әсерін төмендетуге, көрсетілу сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Дәрісті оқу процесінде құнды көрнекілік материалдарды пайдалану студентке жұқпалы аурулардың сурет-бейнесін  жақсы меңгеруге, ұқсас басқа аурулармен ажырату диагностикасын жүргізуге мүмкіндік береді.  Еңбек гигиенасы кафедрасында әр түрлі өндірістік жағдайлар кезіндегі  фотосуреттерді көрсету қолданылады, бұл өз алдына студенттердің қабылдау сапасына, дәрістік материалды жақсы есте сақтауға көмек береді.  Дәрістік процесс кезінде мұндай мультимедиялық сдайдтарды  пайдалану қажетті материалды қабылдаудың жаңа сапалы деңгейін жоғарлатты.  Біздің көзқарасымыз бойынша, жаңа материалдың маңыздылығын  ашуға мүмкіндік беретін, сәйкес түсіндірмелері бар көрнекіліктерді беру, сосын оны мультимедиялық түрде көрсету арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізіледі.

Осылай, мультимедиялық формада көрсетілімдерді пайдалана, жұмыс істеушілер организміне өндірістік факторлар әсерінің әрекеттесу механизмін оқыту, яғни бұл механизмдер кезеңімен талқыланып, қосымша кеңес беруден кейін, материалдың игерілуіне қол жеткізілетінін көрсетті.

Тәжірибелік жұмыс – оқытушының  жетекшілігімен және алдын ала белгіленген жоспар бойынша студенттердің тәжірибелерді жасап, белгілі бір тәжірибелік тапсырмаларды орындау процесінде  жаңа материалды қабылдап, ұғынатын оқыту әдісі.

Жаңа материалды ұғыну мақсатымен тәжірибелік сабақтарды жүргізу келесі әдістемелік тәсілдерден тұрады:

1) сабақ тақырыбын қою және тәжірибелік жұмыстың міндеттерін анықтау;

2)  тәжірибелік жұмыстың ретін немесе оның жеке кезеңдерін анықтау;

3) студенттердің тікелей тәжірибелік жұмысты орындауы және оқытушының сабақ барысын, техника қауіпсіздігінің сақталуын бақылау;

4) тәжірибелік жұмыстың қорытындысын шығару және негізгі тұжырымды қалыптастыру;

Осы мазмұндалғандар тәжірибелік жұмыстар оқыту әдісі ретінде көбінесе зерттеушілік сипатта екенін көрсетеді, сондай-ақ дидактикада жоғары бағаланады. Олар студенттің өндірісік ортаға, жұмысшылардың қоршаған ортасына терең қызығушылығын оятып, ұғынуға талпынып, теориялық және тәжірибелік мәселелерде алған білімдерін қолдана, шешім қабылдау, айналадағы құбылыстарды зерделеуге әсер етеді.  Бұл әдіс парасатты, салауатты ойларға,тұжырымдауда ұқыптылыққа тәрбиелейді. Зертханалық-тәжірибелік жұмыстар студенттердің  қазіргі өндірістің ғылыми негіздерімен танысуына, техникалық оқыту шартын құра отырып, құрал-жабдықтармен  жұмыс істегенде дағды-машықтарын жаттықтыруға әсер етеді.

Осылайша, дәрістер, тәжірибелік сабақтар, және аудиториядан тыс шаралар ҚММУ еңбек гигиенасы кафедрасында шешілетін, тәрбиелік мақсат, міндеттерді іске асыруға үлкен мүмкіншіліктер туғызады және жоғары медициналық білімі бар мамандарды сапалы дайындауды қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта технологиялардың даму темпі пәндік-профильдік білімдердің үнемі өзгерісіне әкеп соқтырады, және жоғары оқу орыны шығаратын мамандарға жұмыс берушілердің талаптары да артады. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты сабақты жүргізуде интерактивті және белсенді формалары  оқу процесінде кеңінен қолдануын  шамалайды. Қазіргі заманғы оқытушы ол үшін оқу материалдарының белсендірілуі үшін ақпараттық-коммуникативті технологияларды тиімді пайдалана алуы  қажет, электронды оқу курсын құруға, online-сервис арқылы студенттер мен әріптестерімен қарым-қатынас жасай алуы қажет. Бір сөзбен айтқанда, оқытушылар e-learning технологиясын игере алуы қажет.

Е-learning термині мәселелер мен оларды шешу, жұмысты ұйымдастырудың арнайы әдістемесі бар,ақпараттық және электрондық  технологияларды пайдалана, жоғарғы оқу орнының оқытушылары мен студенттерін оқытуды  шамалайды.

Тиімді инновациялық білім беру технологиялардың ЖОО оқу процесіне  енгізілуі, сонымен қатар оқытудың соңғы нәтижелерін объективті бағалау кәсіби компетенттілікті қалыптастыруды оқытудағы екпінді ығыстыруға мүмкіндік береді.

Болон процесі аясында компетенттілікке оқыту моделі іске асатын оқытудың барлық бағытында қолдануға болатын  ортақ қалыптастырылған «Дублиндық» дескрипторлар – бағдарламасының барлық үш деңгейін меңгерудің бірыңғай талаптар тізімі бар.  ҚММУ 051102-«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының түлегі  игеруге тиісті  шешуші компетенттілік болып табылады: биомедициналық ғылымдарды білуі, қоғамдық денсаулықты басқару мен профилактикалық медицина дағдылары, коммуникативті дағдылары, командада жұмыс істеу дағдылары, ғылыми зерттеулер дағдылары, профессионализм, үнемі өзін жетілдіру дағдылары. Оқытудың нәтижелері тек қоғамдық денсаулықты басқару және мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау міндеттерін тиімді шешу  үшін қажетті дағды-машықтар, стандартты білімдер жинағын меңгеру ғана емес, сонымен қоса, жұмыс атқарушылық және әр қилы күрделі жағдайларында бағдарлау қабілетінің дамуы болып табылады. 2013жылдан бастап ҚР МСЭҚ атауы тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша ҚР Агенттігіне  өзгертілді.

Маман өзінің қызметінің салдарлары туралы білуі қажет және оларға жауапты болуы тиіс. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының әрекеттегі білім беру бағдарламасында студентті кәсіби дағдылар шеңберіне  келе-келе, жүйелі түрде кірістіру  принципі келтірілген.  Осылай, студентте денсаулық сақтауды ұйымдастыру және профилактикалық медицина  бойынша  болашақ маманы ретінде қалыптасуына қарай «Биомедициналық білімдер» компетенттілігін, «Профилактикалық медицина»  және қоғамдық денсаулықты  басқару» дағдысын қалыптастырудан басталады,  яғни  денсаулықты басқару және кәсіби қызметімен тікелей байланысты.  «Коммуникативті дағдылар» дағдысы қоғамдық денсаулық сақтау маманын кадрларды дайындау сұрақтарына, кәсіби мамандармен өзара кең қатынаста болуға, медициналық мекемедегі еңбекті ұйымдастыру, қоғамдық денсаулықты басқару процестерін қамтамасыз етуге, жауапты шешімдерді қабылдаудың тәртіптік дағдыларына, мемлекеттік қызметкерлермен т.б өзара кәсіби қарым қатынас процесінде тиімді мінез-құлық дағдыларына бейімдейді.  «Командада жұмыс істеу дағдысы» компетенттілігі күмәнсіз маңызды, себебі интеграцияның қажеттілігі мен ең әр түрлі кәсіптегі адамдармен тиімді қызметтестікпен тұжырымдалады. «Кәсіби дағдысы»- бұл кәсіби қызметтің жоғарғы деңгейін анықтайтын, еңбекті іске асыру барысында өзін саналы өзгертетін және  дамытатын, кәсібіне жеке өзіндік  шығармашылық салым ететін дағды. «Ғылыми зерттеулер» дағдысы – бұл зерттеушілік компетенттілігі, яғни зерттеушілік технологияларымен, әдістемелік білімдеріне шамаланатын, тұлғаның интегративті сипаттамасымен сипатталады.

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша медициналық жоғарғы оқу орын студенттерін оқытудың күтілетін нәтижелері қоғамдық денсаулықты басқару және мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау міндеттерін тиімді шешу  үшін қажетті дағды-машықтар, стандартты білімдер жинағын меңгеруіне, сонымен қоса, жұмыс атқарушылық және әр қилы күрделі жағдайларында бағдарлау қабілетінің дамуына негізделеді.  [13 ]

«Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Медико-профилактикалық іс» мамандығы түлектерінің тәжірибелік дағдыларын объективті бағалау үшін ҚММУ мемлекеттік аттестация кезеңінде емтихан екінші жыл объективті құрылымданған тәжірибелік емтихан түрінде жүргізіледі. (ОҚТЕ) «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының студенттері арасында өткізілетін ОҚТЕ когнитивті және психологиялық домендерді бағалауға мүмкіндік береді. Когнитивті домен – интеллектуалды қабілеттілікті көрсететін, оқытудың негізгі домені. Бірақ психомоторлы домен аса маңызды, яғни соңғы (аяқталған) кезеңде 5 жыл бойы студенттерді неге оқытқанын, нені үйренгенін  білдіреді. Жоғарыда айтылғандардан басқа, ОҚТЕ емтихан тапсырушының осындай маңызды жағдайларда стандартты емес шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда медициналық білім беруді жетілдіру процесі еуропалық стандарт жүйесіне дәрігерлерді дайындау интеграциясы тендециясының контекстінде ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамының алдына басты және пейілді мақсаттарды қойды, яғни оның есебінде оқытудың кредитты-модульды жүйесінің талаптарына сәйкес диплом алды деңгейде медициналық білім беру сапасын қамтамасыз ету.   Жоғары медициналық білім беру жүйесінде бұл мақсатты іске асыру оқыту әдістемелері мен интерактивті формаларды қолдану механизміне міндетті екпіндеу жағдайында  ең соңында жоғары кәсіби, қазіргі уақыттағы бүкіл талаптарға жауап беретін, бәсекеге қабілетті мамандарды алуға мүмкіндік береді.  ОҚТЕ өту үшін кафедралар 5 профильдік пәннің «Еңбек гигиенасы», «Тағам гигиенасы», «Коммуналды гигиенасы», «Балалар және жасөспірімдер гигиенасы» және «Эпидемиология» тәжірибелік тапсырмаларын қамтитын, 8 бекет жасап шығарылған.  Жақсы құрылымданған ОҚТЕ тәжірибелік компетенттілікті бағалау үшін  валидтілік және  айқындылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Баға критерийлері бар әрбір бекеттің тапсырмаларын  нақты, рет-ретімен  орындау тәртібінен тұратын  бағалау қағазы, емтихан алушыларға барлық сыналатындарды объективті аттестациялауға мүмкіндік береді. Студенттердің алған нәтижелерін нақтылау шарасы -барлық бекеттерді өтіп болған соң, емтихан алушылардың қортындыларды талқылау болып табылады. Бұдан басқа, ОҚТЕ осы саладағы мамандар мен маман еместер арасында үлкен айырмашылықтарды жасамай, нәтижелерді  интерпретациялау бойынша емтихан алушының жұмысын тиімділігін идентификациялайды. Осы әдістеме бойынша емтихан өткізудің жақсы жағы қатаң шектелген уақыт болғандықтан, яғни қысқа кезеңде, біруақытта барлық 5пән бойынша көп көлемдегі студенттердің білімін бағалау болып табылады.

Осылайша, ОҚТЕ объективтілікті,бағалаудың бірыңғай жүйесін, емтихан алуышының да, аттестацияланушының да әрекетінің стандартизациясын, қамтамасыз ете, емтихан  тапсырушы студенттердің соңғы нәтижелерінің анықтылығын жақсартады.

ЖОО оқытудың соңғы нәтижелерін бағалауды  осы әдіс арқылы  әрі қарай жетілдіру, қолдану орнықты және перспективті деп есептейміз.

Қазақстанда бірнеше жылда әлемдік ғылыми кеңістігінде еркін бағдарлай алатын, жаңа форматтағы жас ғалымды сапалы дайындауға бағытталған,қазіргі заманғы докторантура моделі іске асырылады.

Қарағанды мемелекеттік  медициналық университеттің алдыңғы қатарлы ғылыми-білім беру технологияларын енгізу үшін жеткілікті материалды-техникалық базасы, профессорлық-оқытушылық құрам инфрақұрылымы бар. Медицина ғылымдарының ең басты бағыттарының саласында магистрлік және докторлық жұмыстарды дайындауға ҚММУ ғылыми-зерттеу орталығының базасында құрылған зертхана ықпалын тигізеді.

Бүгін университет саясаты халықаралық байланыстары тереңдетуге бағытталады. Медициналық білім беру және ғылым саласында мамандарды дайындау үшін меморандумдар,халықаралық бағдарламаларды, семинар,қонақтық дәрістер мен масстер-класстарды дамыту, Америка,Азия,Еуропа елдері қатарындағы оқу мекемелерінің интеграциясы мен академиялық алмасулар  тұжырымдалады.  Шетелдік стажировкалар, шетелдің атақты ғалым-профессорларымен  оқу сабақтары және кеңестер – бұл  PhD докторантурасының айтыссыз артықшылықтары.

Біздің ЖОО Болон декларациясының базалық принципі және PhD докторларын дайындау бағдарламасының сапасын қолдау ретінде халықаралық кеңістікті құру мақсатымен кейінгі құжаттары мен  докторлық дәрежені алудың жалпы критерийлерін бекіту  қолданған,

Докторлық мектеп жүйесін нығайту үшін кілттік аспект –ғылыми зерттеулердегі ұлттық басымдылыққа айналуы. Көптеген жас ғалымдарда ғылыми зерттеулерді игеру дағдылары жоқ. Біздің ЖОО ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындауда, грант аясындағы сияқты докторанттардың қатысуы  міндетті шарт болып табылады. Соңғы жылдардағы медициналық білім  беру мен фармациялық білім беру жағдайын талдай келе, келесі тенденциялар байқалады:  медициналық спецификаны ескере, медициналық білім берудің нормативті-құқықтық базасын құру, медициналық ЖОО оқу-клиникалық орталығын құру; дамыған елдердің тәжірибесін ескере, шығарылған 2006жылдың  мемлекеттік жалпыға міндетті медициналық және фармациялық стандарттардың іске асуы,  білім берудің үшсатылы жүйесіне ауысуды жүзеге асыру, білім берудің инновациялық технологияларын енгізу, Бүкіләлемдік Медициналық Білім беру Федерациясының халықаралық стандарты негізінде аккредитацияның  ұлттық, институционалды стандарттарының болуы,  қаржылық  ресурстармен қамсыздандырылған, денсаулық сақтау, білім беруді дамыту, ең жақсы шетелдік медициналық мектептерде оқыған, оқытушылардың белгілі бір потенциалының  болуы; «ҚР денсаулық сақтау секторында институционалды реформаны жүргізуді және технологияларды беру» инвестициялық жобасын іске асыру; Темпус – Жерорта,Батыс Балқан, Орта Азия, Шығыс Еуропа серіктес-елдерінің жоғарғы білім беруді модернизациялау процесін қолдауға бағытталған, Еуропалық Одақтың бір бағдарламасы, ең бастысы, жоғар оқу орыны аралық  қызметтес жобалардың  іске асуы. Бағдарлама Еуропалық Одақ пен серіктес-елдер арасындағы жоғары білім еру саласында қызметтестіктің кеңеюіне, жалпыеуропалық процестегі серіктес-елдердің жоғары білім беру жүйесіне ерікті интегрнацияға  ықпалын тигізеді. 2007-2013жылдары Қазақстанда Темпус (Темпус IV) бағдарламасының төртінші кезеңі -2007-2013жылдар. Оның қызметтес негізгі құралдарының ірі –Біріккен жобалар, Құрылымдық Шаралар, Ілеспелі Шаралар. Бқл халықаралық бағдарлама аясында еңбек гигиенасы кафедрасының барлық қызметкерлері оны іске асыруға қатысады.Бүгінгі күні кафедра серіктес-елдердің Италия (Claudio Colosio– Md. PhD, Швеция (Rune Anderson – Professor in Global Health, MD, PhD), Эстония (Martin Hallik – Vice-Rector for Academic Affairs, PhD) оқытушыларымен,докторант,магистранттарымен ынтымақтасады.

«Темпус» халықаралық жобасын іске асыру аясында шетелдік серіктес-елдердің қатысуымен оқытушылардың біліктілігін арттыру бойынша Қырғыз Халықаралық жоғары медицина мектебі базасында ұйымдастырылған Жазғы мектепке кафедраның оқытушылар құрамымен жол жүру жоспарлануда.

Мамандарды дайындау талабы оқыту жүйесінен тыс қалыптасады.Олар мемелекеттің жалпы қоғамдық және экономикалық мақсаттарынан шығады. Сондықтан жұмыс істеуші персоналдың үздіксіз білім беруің дұрыс жоспарлау үшін шетелдік зерттеушілер өндірістік міндеттерді жүйелі талдау жүргізу негізінде ұсынады,яғни кез келген жұмысшы орындау тиіс.  Олар еңбек жағдайы мен мазмұнын талдау барысында анықталады.Жоғары кәсіби білім беруді дамуын алдын ала көру, таңдану қабілеті –оның қызметінің сәтті болуының маңызды шарты.  Маманды дайындауда процестер мен мазмұнына қойылатын талап, теория мен тәжірибені салыстырғанда алға озушы сипатта болуы тиіс. Білім беру процесіне инновациялық технологияларды  енгізу және дамыту оқу процесін ұйымдастырудың негізгі құраушы элементтері болып табылады –бір-бірін толықтыратын біртұтас компоненттер,бір-бірімен байланысты компетенциялар, кредиттер.  Мұнымен кредиттер жүйесі оқытуға компетенттілікті енгізгендей, оқу процесін ұйымдастыруда өзгерістерді енгізеді. Егер оқытудың дәстүрлі жүйесінде «бңлңм беру стандарты-оқу бағдарламасы –оқу және оқу-тақырыптық жоспары-тыңдаушы» байланысы болса, онда жаңа  жүйеде  кредит оқу прооцесін,оқытушылардың қызметін,оқыту бағдарламаларын реттейтін маңызды бірлік болып табылады.

Осылайша, медициналық және фармациялық білім беруді дамытудың негізгі принциптері: сапа,компетентті келіс,ғылым,тәжірибемен интеграция, бәсекеге қабілеттілік,әлеуметтік жауапкершілік болып табылады. Кредиттерді жинақтау жүйесін қолдану, оқу процесінің модульды ұйымдастыруы, үнемі жоғары деңгейдегі кәсіби  компетенттілікке бағыттауды қамтамасыз етеді.  Қоғамдық денсаулық сақтау бакалаврына білім беру  сапасы үнемі кафедраның, ЖОО,барлық медициналық бірлестіктердің, мемелекеттің назарында болады. Тек кәсіби білім беру мәселесін кешенді,барлық бағытта шеше отыра, іс жүзінде медициналық кадрларды дайындау сапасын, яғни білім беру сапасының деңгейін арттыруға қол жеткізуге болады.

Нәтиже.
1. Білім беру сапасын қамтамасыз ету және басқару жүйесіне

инновациялық технологияларды енгізу тұтастай жоғары білім берудің бәсекеге қабілетті қазақстандық жүйесін қамтамсыз етуге  және ҚММУ бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпалын тигізеді.

  1. Оқу процесінде жаңаенгізулер мен инновациялар негізінде сапаны басқару жүйесін құру тек үнемі жақсаруды ғана іске асырып қоймай, сонымен қоса, ҚР денсаулық сақтау жүйесіне мамандарды дайындаудың сапасының жоғары деңгейін басқаруға ауысу.
  2. Халықаралық жоғары медицина мектебінде ПОҚ кафедраларынң біліктілігін арттыру оқыту сапасының деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Әдебиеттер тізімі

  • Алексеева Л.Н. Инновационные технологии как ресурс эксперимента /Л. Н.Алексеева// Учитель, — № 3. — С. 78-81.
  • Государственная Программа развития образования РК на 2011-2020 годы. – Астана: 2010.
  • Изтлеуов М.К., Павленко В.П., Назаров З.А., Изтлеуов Е.М. «Инновационные технологии обучения». – Актобе, 2005. – 352 с.
  • Иванова Л.А. История возникновения идеи непрерывного образования и современное состояние проблемы [Электронный ресурс] // Образование: исследовано в мире. URL: http://oim.ru/reader@nomer=490.
  • Kronik A. In leading roles: you, we, he, you, I / A. Kronik, E. Kronic. – New York, 2006. – 106
  • Лысов И. А. Учебные инновационные комплексы как модель устойчивого развития ВУЗа и инновационного предпринимательства// Проблемы современной экономики, N 1 (29), 2009. — С.13-16.
  • Малинецкий Г.Г. Методологические аспекты инновационного развития России /Г.Г. Малинецкий с соавт.//Экономические стратегии, — № 7-8. — С.23-25.
  • Менин С. Проблемно-ориентированное обучение – Школа медицины, Университет Нью-Мексика, 2007.
  • Измеров Н. Ф. «Национальная программа «Труд и здоровье работающего населения России». // Н. Ф. Измеров, Е. Н. Сраубаев. Материалы ІІ Центрально-Азиатской конф. По мед.образованию «Совершенствованию медицинского образования через инновации» 10-11 октября 2013 г.//Медицина и экология Спец.выпуск,2013. — С. 129-130.
  • Саммит Европейского союза 2000, март [Электронный ресурс] // www.edc.-aes.ru
  • Cитуационная методика обучения: теория и практика / Сидоренко А. И., Чуба В. И. – Киев: Центр инноваций и развития, 2001. – 256 с.
  • Телеуов М. К. Инновационные технологии в обучении и оценке учебных достижений студентов Карагандинского государственного медицинского университета: монография / М. К. Телеуов, Р. С. Досмагамбетова, В. Б. Молотов-Лучанский, А. З. Муратова, А. З. Муратова, И. М. Риклефс, Ш. С. Калиева, В. П. Риклефс – Караганда: – 118 с.
  • Р. С. Досмагамбетова, М. Г. Калишев, Г.С. Кемелова, и др. «Сферы компетентности выпускника медицинского вуза специальности «Общественное здравоохранение: – Караганда: – 107 с.
  • Телеуов М.К., Досмагамбетова Р.С., Жакенова С.Р., Калишев М.Г.«Сферы компетентности выпускника Карагандинского государственного медицинского университета: навыки профилактической медицины и управления общественным здоровьем»: — Методические рекомендации. – Караганда: — 25 с.
  • Гличев А.В. Основы управления качеством продукции / А.В. Гличев. – М.: РИА «Стандарты и качество, 2001 – 416 с.

 

 

Е.Н. Сраубаев, С.Р. Жакенова, Н.У. Шинтаева, А.О. Даулетова, Б. Серик, Н.Ж. Ердесов

Инновационная направленность в управлении качеством образовательного процесса

на кафедре гигиены труда КГМУ

 

Резюме: Данная статья на тему «Инновационная направленность в управлении качеством образовательного процесса на кафедре гигиены труда КГМУ» отражает один из важных шагов в модернизации всей сложной структуры образовательного процесса на сегодняшний день Агентства по защите прав потребителей, которая направлена на оптимизацию ее деятельности, что в конечном итоге, должно привести к улучшению качества предоставляемых услуг.

Ключевые слова: методы активного обучения, инновационные технологии, технологии образования, профессиональные компетенции.

 

 

 

Y.N. Sraubayev, S.R. Zhakenova, N.U. Shintaeva, A.O. Dauletova, B. Serik, N.J. Erdesov

Innovative focus in quality management of the educational process at the Department

of Occupational Health of KSMU

 

Resume: This article on the topic of «Innovative focus in quality management of the educational process at the Department of Occupational Health of KSMU» represents an important step in the modernization of the complex structure of the educational process to date, the Agency for Consumer Protection, which aims to optimize its operations, which ultimately should lead to an improvement in the quality of services provided.

Keywords: active learning methods, innovative technologies, educational technology, professional competence.

 

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ