СТУДЕНТТЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ӨМІР СҮРУ САЛТЫ

13 Oct 2014

УДК 614.2 – 057.875:301.085:392

 

З.С. АБИШЕВА, У.Б. ИСКАКОВА, М.Т. АЙХОЖАЕВА, Г.К. АСАН, Т.М. ИСМАГУЛОВА

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық  медицина университеті,

Алматы, ҚР

 

 

Студенттердің  денсаулығы бірнеше факторлар арқылы анықталады. Олардың бірі психоэмоционалды фактор. Бұл жұмыста студенттердің денсаулығына ішкі және сыртқы факторлардың әсер етуі жайында мәліметтер келтірілген.

Түйінді сөздер: Салауатты өмір салты, тамақтану тәртібі, залалды дағдылар.

 

Әлеуметтік маңыздылығы бар аурулардың біріншілік алдын алуға бағытталған іс-шараларды құрастырудың бірден-бір жолы — жастардың өмір сүру салты мен денсаулығына жағымсыз әсер ететін факторларды зерттеу болып табылады.  Салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ететін негізгі факторларды (дұрыс ұйымдастырылған еңбек, оптималды қозғалыс режимі, дене шынықтыру, ұтымды тамақтану принциптерін сақтау, зиянды әдеттерден бас тарту) ескеру керек. Қоғамда студент жастар өмір сүру салты ерекше , өз  ұстанымдары мен мінез-құлықтық эталондары бар топ ретінде қарастырылады.

Соңғы екі онжылдықта жастар денсаулығының көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады. Оның себептерінің бірқатары – ұтымсыз тамақтану, гиподинамия, стресс.

Бастапқы курста оқитын студенттер денсаулығына, уақыттарын, қаражаттарын өздігінше үнемді үйлестіруге арналған дағдылардың жоқтығы, тамақтану және жұмыс пен демалыс алу тәртібін сақтамауы, уақытында дәрігерге қаралмауы, залалды дағдылардың пайда болуы сияқты психо– эмоционалдық және ақпараттық факторлар әсер ететіні анықталған. Осы факторлар барлық айтылған студенттерге бірдей емес, әр индивидке де әр қалайша әсер етеді және олар өмір сүру салтына да байланысты болады [1].

Болашақ медицина қызметкерлері салауатты өмір салтын насихаттаудың маңыздылығын түсініп, оған деген  халықтың дұрыс көзқарасын қалыптастыруды үйрену керек. Бұл мәселе медицина қызметкерлерінің өздері осы принципті ұстанса ғана іске асады.

Жұмыстың мақсаты.

Осы айтылғандар мұғалімдердің әдістемелік басқаруы мен студенттер ұйымдарының бақылауы арқылы жүзеге асырылыуы  керек.  Бастапқы курстарда психикалық сәйкестіліктерін ескере отырып студенттердің тобын құрастыру, олардың үйлесімді күн тәртібін таңдауына және салауатты өмір сүру салтына үйрету.

Зерттеу материалдары мен әдістері.

Біздің  зерттеу жұмысымыздың мақсаты; қозғалыс белсенділігінің, тамақтану тәртібінің, эмоционалдық стресстің студенттер денсаулығына әсерін сауалнама арқылы талдау. Сауалнамада денсаулық аспектілерін, салауатты өмір салтына деген көзқарастарын, қозғалыс белсенділігін, тамақтану тәртіптерін анықтауға арналған сұрақтар қамтылған.                Тиісті дене салмағын анықтау үшін арнайы формула қолданылды.

Зерттеу объектісі ретінде ҚазҰМУ-нің 1-2 курсінің 77студенті алынды. Оның 45-і қыз бала, 22-сі ұл бала.

Алынған нәтижелердің стстистикалық мәліметтері Microsoft Exsel бағдарламасында өңделді, Стьюдент коэффициенті арқылы көрсеткіштер шынайлығы, параметрлер сенімділігі ескерілді.

Зерттеу нәтижелері.

Біздің зерттеулеріміздің нәтижесінде жас ерекшеліктеріне сәйкес антропометриялық көрсеткіштер бойынша — қыз балалардың салмағы тиісті дене салмағының ең жоғарғы шегінде, ал ұл балалардың салмағы қалыптыға жақын екені анықталды (1 кесте).

 

1 кесте — Зерттелуші студенттердің жасына, салмағына, бойына байланысты сипаттама

Көрсеткіштер Қыз бала Ұл бала

Орташа жасы

19.5 + 1.8

19 + 1.5

Орташа бойы, см 165 + 3,5 175  + 7,6
Орташа салмағы, кг 59,5 + 4,0 69,5  + 4,5
Ескерту: сенімділігі * — p<0,05

 

Респонденттердің қозғалу белсенділігін аптасына физикалық жаттығуларға (шамалы немесе интенсивті жүктемелер) неше сағат жұмсағандықтарын талдау арқылы бағаланды.

Интенсивті физикалық жүктемелерге жүгіру, би, шомылу, баскетбол, футбол сияқты түрлері жатқызылды. Қыз балалардың жартысынан көбі (58%) мұндай дене шынықтыру түрлерімен мүлде айналыспайды. Ал ұл балалардың 44,5% ы осындай жүктеме түрлеріне аптасына 2 сағат уақыттарын бөледі.

Шамалы жүктемелі жаттығуларға   тез жүру, бөлме ішіндегі жаттығулар, волейбол сияқты түрлерін жатқыздық. Студенттердің 40% айтылған спорт түрлеріне немқұрайлы қарайды.  Ұлдардың  24,7 %-ы, ал қыздардың 47,4%-ы аптасына 2 сағат уақыттарын жұмсайды.

Сонымен қатар студенттердің пассивті демалысқа (көңілдерін көтеретін интернет және теле көріністер қарау, компьютерлік ойындар) жұмсайтын уақыттарына талдау жүргізілді. Студенттердің жартысынан көбі интернет пен компьютерлік ойындарға күніне 3 сағаттан көп уақыт жұмсайтындығы анықталды.

Респонденттердің сауалнаманы толтыру кезінде, олардың күйзеліс деңгейлері де зерттелді.  Өйткені психикалық факторға олардың қозғалыс белсенділігі мен тамақтану тәртіптері байланысты.  күйзеліс деңгейін бағалау үшін он баллдық шкала қолданылды. 0-ден 1-ге дейін – күйзелістің мүлде болмауы, 2-5 балл – шамалы деңгейде болуы, 6-8 балл – жоғары деңгейде, 9-10 балл – өте жоғары деңгей (2 кесте).

 

2 кесте – Күйзеліс  деңгейлері

 Көрсеткіш Қыз бала Ұл бала
Абсолюттік % Абсолюттік %
Стресстің болмауы 7 15,5 4 18,18
Шамалы деңгей 30 66,6 15 68,18
Жоғары деңгей 7 15,5 3 13,6
Өте жоғары деңгей 1 2,2
Ескерту: сенімділігі * — p<0,05

 

Респонденттердің көп бөлігі өздерінде шамалы күйзеліс деңгейін белгіледі. Бұл көрсеткіш бастапқы курс студенттерінің күйзеліске деген бейімділіктің жоғары болуы деген мағына емес, сонымен қатар олардың «күйзеліс» деген түсінікке көзқарастары әртүрлі болуы мүмкін.

Тамақтану тәртібін бағалау мақсатында, соңғы бір аптада қаншалықты тиімді тағам өнімдерін пайдаланғандықтары туралы сұрақтарға жауап алынды. Көкөністер мен жеміс-жидектерді, жаңа сығылған шырындарды аптасына пайдалану біздің студенттер арасында  сирек. Оның орнына тез дайындалатын тағамдар мен фастфудтарды, макаронды тағамдарды жиі қолданатындығы белгілі болды.

Қорытынды.

Жүргізген тәжірибелер нәтижесін талдай отырып, студенттердің денсаулығының деңгейі біріншіден олардың өз денсаулықтарына деген көзқарасына, екіншіден – студенттердің өмір сүру салтына байланысты екенін анықтадық. Студенттердің денсаулығын бағалау кезінде осы факторлардың тығыз байланыстығын есте сақтай отырып, әр индивидтің көңіл-күйіне, іс-әрекетіне назар аудару керек.

Салауатты өмір салты, денсаулық және жұмысқа деген қабілеттілік, тамақтану тәртібі, психологиялық факторлар бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан әрқашан салауатты өмір салтын насихаттау керек.

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

  • Сәтбаева Х.Қ., Соколов А.Д., Абишева З.С. Валеология – наука о здоровье. Оқу-әдістемелік нұсқау. – – 178 б.
  • Апанасенко И.А., Попова Л.А. Медицинская валеология. — Р.-на-Дону: 2000. – 248 с.
  • Брехман И.И. Валеология – наука о здоровье. 2-ое изд. — М.: – 208 с.
  • Жетписбаев Г.А. Валеология. – Алматы: – 124 с.

 

 

 

 

З.С. АБИШЕВА, У.Б. ИСКАКОВА, М.Т. АЙХОЖАЕВА, Г.К. АСАН, Т.М. ИСМАГУЛОВА

Казахский Национальный медицинский университет имени С.Д.Асфендиярова,

Алматы, Қазакстан

 

ОБРАЗ ЖИЗНИ И ЗДОРОВЬЯ СТУДЕНТОВ

 

Резюме: В работе, на основе анализа анкет представлены данные о влиянии питания, двигательный активности, эмоционального стресса на на здоровье студентов. Для оценки здоровья студента необходим системный подход.

Ключевые слова: Здоровый образ жизни, режим питания, вредные привычки.

 

 

 

 

 

Z.S. ABISHEVA, U.B. ISKAKOVA, M.T. AYKHOZHAEVA, G.K. ASAN, T.M. ISMAGULOVA

Asfendiyarov Kazakh National Medical University, Almaty, Kazakhstan

 

LIFESTYLES AND HEALTH OF STUDENTS

 

Resume: The work is based on the analysis of the questionnaires, data on the impact of power, motor activity, emotional stress on the health of the students. For assessing the health of the student requires a system approach.

Keywords: Healthy lifestyle, rational food, addictions.

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ