ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ГИГИЕНАЛЫҚ САЛАДА ҚАУІП-ҚАТЕРДІ ТАЛДАУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН ҒАЛЫМДАР

10 Oct 2014

УДК 341.231

 

1М.К. Амрин, 1А.Е. Ержанова, 1С.Ш. Сламкулова,

1А.А. Баймухамедов, 2Е.Ғ. Тұяқбаев

1С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, Алматы қаласы

2Санитариялық-гигиеналық қадағалау департаментінің бас сарапшысы,

ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитеті

 

Бұл мақалада отандық ғалымдардың қауіп-қатерді талдау әдістемесін қазақ елінде енгізуіне және дамуына еңбегін салған тұлғалар аталған. Олардың еңбектері мен әдістемені қолданудағы өзіндік көзқарастары сипатталған. Зерттеу жұмыстарында қолданылған тәсілдері мен Қазақстан Республикасындағы алғашқы зерттеулер түрлері аталып өтілді.

Түйінді сөздер: қауіп-қатерді талдау әдістемесі, атмосфералық ауа, өлшемді заттар.

 

Көптеген мемлекеттердегі алдын алу медицинасының бірден-бір маңызды саулдарының бірі – ол халық арасындағы қосымша аурушаңдық пен өлім-жітімге шалдықтыратын, қоршаған ортадағы жетекші қауіп-қатер факторларын анықтау. Қауіп-қатерді басқару мен бағалау, жалпылама қабылданған қауіп-қатерді талдау әдістемесімен жүзеге асырылады. Халық деснаулығы мен қоршаған орта факторларының арасындағы себеп-салдар байланысын анықтауда, көптеген елдерде қауіп-қатерді талдау әдістемесі қолданысқа ие. Бұл әдістеме, химиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған негізгі жүйе болып табылады. Аталған әдістеме ДДҰ-мен бекітіліп, дамыған елдерде қоршаған ортаны қорғау мен халық денсаулығын нығайту мақсатында кеңінен пайдаланылады.

Қазақстан Республикасы бұрыңғы Кеңес елдерімен қатар, көптеген экологиялық  мәселелерге душар болды. Республикамызда қатерлі ісік пен қантамыр аурулары көрсеткіштерінің ұлғаюына қарамастан, халықтың тұрғылықты мекендейтін аумағына қауіп-қатерді бағалау мен басқару әдістері енгізілмеген. Ал, ауаның ластануы, Қазақстан Республикасында халық денсаулығына түсетін экологиялық жүктеменің негізгі үлесін құрайды.

Заманауи ғылыми бағытта шет ел ғалымдарымен жүргізілген зерттеу жұмыстары барынша кең, әрі алуан нұсқаларда сипатталған. Бірақ, өз елімізде жүргізілген еңбектер жоқ емес. Осындай ғылыми ізденістердің қорытындылары ҚазҰМУ-ң профессорлары – Ү.И. Кенесариев пен Б.А. Неменко жұмыстарында айқын көрініс табуда. Салыстырмалы жаңа ғылым саласында еңбек етіп жатқан бұл ғалымдар қауіп-қатерді талдау әдістемесін қолдануда өздерінің ерекше көзқарастарымен танымал. Профессор Кенесариев Ү.И. көп жылдар бойы мұнай-газ кен орындарындағы адам денсаулығына әсер ететін факторлар мен қоршаған орта жағдайларына зерттеу жұмыстарын жүргізіуде. Өзінің еңбектерінде профессор Кенесариев Ү.И. қауіп-қатерді талдау әдістемесін мұнай-газ кен орындарындағы атмосфералық ауада кездесетін химиялық ластаушыларды зерттеуде қолданды. Сондай-ақ, мұнай мен газды өндіру жұмыстары кезінде, халық денсаулығына әсер ететін зиянды химиялық ластаушылардың көрсеткіштерін анықтау арқылы санитарлы қорғау зонасын орнату бойынша жұмыстар жүргізді. Мұнай мен газ кен орындары маңындағы елді мекендерге сипаттама бере отырып, қауіп-қатерді талдау әдістемесін қолдану арқылы, гигиеналық бағалауды заманауи әдістемемен ұйқастырудың амалын қарастырды. Яғни, шектеулі рұқсат етілген концентрацияларды қолдана отырып, қауіп-қатерді бағалау сатысында адам ағзасына қауіпсіз деңгейлер көрсеткішін анықтау жолдарын сипаттады. Қазақстан Республикасының қалаларына қауіп-қатерді бағалау әдісін қолдану арқылы, біздің елімізде алғашқы рет аэродинамикалық диаметрі 2.5 мкм тең өлшемді заттарға зерттеу жүргізді. Зерттеу жұмысында өлшемді заттың (РМ2.5) талдауын жаңаша көзқараспен ұсынды. Шаң фракцияларына жүргізілген ғылыми зерттеулерде, бірқатар Қазақстан қалаларының мысалында қауіп-қатерді есептеу, дәстүрлі өндірістік орындарға қолданылатын жұпты есептеу моделімен емес, ал урбанизацияланған қалаларға арналған лог-тізбекті моделі қолданылды. Бұл тәсіл зерттеу нәтижелерін өзгеше қарастыруға мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар, қауіп-қатерді талдау әдістемесін тек атмосфералық ауадағы ластаушыларды анықтауда ғана емес, әрі ауыз суға қойылған талаптарды орнатуда жұмыстары белгілі. Осыған мысал ретінде, 2012 жылы «Каспий тұщыландыру» зауытына жүргізілген зерттеу жұмыстары дәлел бола алады. Сонымен бірге, бізге профессор Неменко Б.А. жұмыстары белгілі. Профессор, өз кезегінде қалалық кескінде, урбанизациялық үрдіс аясында Алматы шаһарында өткізілген еңбектерімен танымал. Оның еңбектері атмосфералық ауаны бағалауды, гигиеналық тұрғыдан кең ауқымда қарастыру мақсатында жүргізілді. Профессор Неменко Б.А. және оның шәкірттері өткізген ғылыми еңбектерінде атмосфералық ауадағы ауыр металдарды анықтау, автотранспорт тастамаларын өлшеу және Қазақстан Республикасында шаң фракцияларын қауіп-қатерді талдау әдістемесімен бағалауды алғашқы болып жүргізді. Ең бірінші болып елімізде, аэродинамикалық диаметрі 10 мкм тең шаң фракцияларын зерттеді. Анықталған өлшемді заттар, Алматы қаласының ауа алабында қауіп-қатерді талдау әдістемесімен талданды. Дәстүрлі гигиеналық зерттеу әдістерін жаңашыл әдіснамамен ұйқастыра білді. Біздің елімізде, қауіп-қатерді талдау әдістемесін игерген осы екі ғалымның зерттеу жұмыстарының негізінде, көптеген болашақ зерттеулерді өткізу барысында, олармен ұсынылып, әрі енгізілген тәсілдерді зерттеу жұмыстарда есептеу кезінде «доза-жауап» әдісін таңдауда қолдануға мүмкіндік туады.

Бұл ғылыми еңбектер және зерттеу жұмыстары, елімізде қауіп-қатерді талдау методологиясын профилактикалық медицина саласына енгізуге ықпалын тигізді. Дегенмен, қазіргі таңда бұл әдіснама заңнамалық тұрғыдан нормативті құжаттарға берік бекітілген жоқ. Бірақ, жоғары аталып кеткен көрнекті тұлғалар мен олардың еңбектерінің арқасында біздің елімізде өзінің қажеттілігін танытты.

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • Оценка риска здоровью населения от загрязнения атмосферы городов Казахстана пылевыми частицами / У.И. Кенесариев, А.Т. Досмухаметов, М.К. Амрин, А.Е. Ержанова, М.Т. Адилова // Научно-практический журнал «Вестник КазНМУ», №1-2012. — С. 320-325.
  • Расчетная оценка риска здоровью населения от химических факторов загрязнения атмосферного воздуха региона Карачаганакского месторождения // Кенесариев У.И., Досмухаметов А.Т., Амрин М.К., Кенесары Д.У., Кенесарина М.И., Балабекова Ж.Ж. – Алматы: — 26 с.
  • Установление научно-обоснованных расчетных размеров санитарно-защитной зоны железнодорожного нефтеналивного терминала ТОО «Аральский нефтяной терминал» // Кенесариев У.И., Досмухаметов А.Т., Кенесары Д.У. – Алматы: — 74 с.
  • Интегральная оценка риска здоровью при использовании питьевой воды, производимой опреснительным заводом «Каспий» / У.И. Кенесариев, А.Т. Досмухаметов, М.К. Амрин, А.Е. Ержанова, А.А. Баймухамедов // Научно-практический журнал «Анализ риска здоровью» №1, 2013. — С. 58-65. — ISSN 2308-1155.

 

 

 

 

 

М.К. Амрин, А.Е. Ержанова, С.Ш. Сламкулова,

А.А. Баймухамедов, Е.Г. Туякбаев

вклад Ученых в развитие методологии анализа риска на территории республики казахстан

 

Резюме: В статье представлены ученые, чьи труды и исследования послужили развитию и дальнейшему внедрению методологии анализа риска в Республике Казахстан.  Описаны способы исследования и впервые проведенные работы на территории Республики.

Ключевые слова: методология анализа риска, атмосферный воздух, взвешенные частицы.

 

 

 

 

 

  1. M. Amrin, A. Yerzhanova, S. SLAMKULOVA, A.Baimukhamedov, E. Tuyakbaev

CONTRIBUTION OF SCIENTISTS TO THE DEVELOPMENT RISK ANALYSIS METHODOLOGY IN THE TERRITORY

OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

 

Resume: The paper presents the scientists whose works and researchs were the development and further implementation of the methodology for risk analysis in the Republic of Kazakhstan. The methods of the research and works carried out for the first time on the territory of the Republic.

Keywords: risk analysis methodology, ambient air, particulate matter.

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ