4 КУРС «ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ «ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР» ПӘНІН БІЛІМ БЕРУДІҢ КРЕДИТТІК ЖҮЙЕСІНЕ САЙ ОҚЫТУ ТӘЖІРИБЕСІ

20 Jan 2014

УДК: 61.1:37:378.1:616.9(574)

 

А.ҚҮЙСЕНОВА, Е.А.СЛАВКО, Н.К.ОСПАНБЕКОВА, Л.А.ӨМЕШЕВА, А.М.САДЫҚОВА, Б.К.УТАГАНОВ

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті

Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасы

 

 

«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 4 курс студенттері «Жұқпалы аурулар» пәнін  2012-2013 оқу жылында жаңа кредитті — модулды технология бойынша оқи бастады. Осыған байланысты пәннің ОӘК қайта қаралып, компетенцияларға байланысты жаңадан өңделді

Түйінді сөздер: медициналық білім берудің үлгісі, оқытудың кредиттік жүйесі, «Жұқпалы аурулар» мамандығы, «Жалпы медицина» факультеті.

 

 

Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 4 курс студенттері «Жұқпалы аурулар» пәнін  2012-2013 оқу жылында жаңа кредитті – модульді технология бойынша оқи бастады. Университеттің жұмыс оқу жоспары бойынша  «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенттеріне арналған  «Жұқпалы аурулар» пәніне 42 сағат бөлінген, оның ішінде дәрістерге — 6, тәжірибелік сабаққа – 11  ОСӨЖ-ге -11, СӨЖ-ге 14 сағат [1].

Дәрістер жұқпалы ауруларды оқытудың актуалдығынан басталып, Қазақстанда жұқпалы аурулардың таралуына, олардың жиі кездесетін түрлеріне, таралуына ықпал ететін эпидемиологиялық жағдайларға тоқталып кетеді. Келесі дәрістер жұқпалы аурулардың ішінде ең жиі кездесетін түрлеріне – ішек инфекцияларына (сальмонеллез бен дизентерияға) арналған. Соңғы жылдары вирусты гепатиттердің кең таралуына байланысты, аурудың қолайсыз нәтижелерін ескере отырып дәрістің екі сағаты осы жұқпалы ауруларға берілді. Жедел респираторлы вирусты инфекциялар мен грипптің (H1N1 пандемиялық грипптің) мәнділігі кәзіргі заманда жұқпалы арулардың ішінде кездесуі жағынан алғашқы орындардың ішінде көрінуде, сол үшін осы аурулаға да тоқталып кетуді орынды деп санадық. Дәрістерде  инновациялық әдестер белсеңді қолданылады (мәселелік дәріс, дискуссия, case study) [2].

Тәжірибелік сабақтарда дәрісте орын алған жұқпалы ауруларға жеке көңіл бөлініп, студенттер оларды теориялық тұрғыдан талдайды. Ал тақырыпты толық игеру үшін, осы патологиямен жатқан науқастарды қарап, олардың сырқатнамаларымен танысу арқылы алынған білімдерін тәжірибе жүзінде бекітіп негіздей алады. Сонымен жиі кездесетін жұқпалы аурулар қарастырылып, оларға диагноз қойғанда, ауруды ертерек анықтауға көмектесетін лабораторлық және аспаптық зерттеу әдістерін қолданғанда, ем тағайындағанда, эпидемияға қарсы шараларды жүргізгенде алынған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануды үйренуге клиникалық базада барлық жағдай жасалған. Студенттер науқастың шағымдарын, анамнезін, эпидемиологиялық анамнезін жинау компетенциясы мен науқастарды қарап тексеру, зерттеу және емдеу жоспарын құру дағдыларын науқастың төсегінің жанында игереді.  Соңғы кездері жиі орын алып жүрген герпестік инфекциялары мен гельминтоздар туралы студенттер өз бетінше мәлімет жинап танысады.

Оқу үрдісі компетенцияларға бағытталған білім беру түріне сай жүргізіледі. Студенттердің «жұқпалы аурулар» пәні бойынша алынған білімі мен дағдылары негізгі бес компетенциялар: білім,  тәжірибелік дағды, коммуникативті дағды, құқықтық құзірет және білімін өз бетінше жетілдіре алуы арқылы бағаланады. Білім алушылардың науқастармен тіл табысу қабілеті, олардан толық эпидемиологиялық анамнез жинай алу дәрежесі, лабораторлық анализдердің нәтижелерін бағалай білу мүмкіндігі,  алынған білімі мен мәліметтерді тұжырымдап дұрыс диагноз қоюы мен ем тағайындауы осы компетенцияларда орын алған. Сонымен қатар жұқпалы аурулармен жұмыс істеуде көмектесетін нормативтік актілер мен заңдарды білу дәрежесін құқықтық құзірет арқылы бағалай аламыз. Студенттердің білімі күнделікті бағаланады. Аралық бақылау науқастарды қарап, оларға сырқатнама жазу арқылы өткізіледі. Сабақтар инновациялық тұрғыда, кіші топтармен жұмыс істеу, ролдік ойындар ойнау, дифференциалдық кестелер құрастыру сияқты әдіспен жүргізіледі [3].

Студенттердің компетенцияларға сай құзіреттері сабақтарда №1 кестеге сай бағаланады.

 

 


 

1 кесте —  Жалпы медицина факультетінің 4 курс  студенттердің «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша компетенцияларды бағалау кестесі

 

Сабақтың тақырыбы, СӨЖ

Бағаланатын құзыреттіліктер

Білім Тәжірибелік дағдылар Коммуни-

кативті дағдылар

Құқықтық құзыреттілік Өзін-өзі дамыту
  Тәжірибелік сабақтардың тақырыбы          
1 Жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарға көмек ұйымдастыру.Жұқпалы аурулар жататын аурухананың жұмыс тәртібі мен ауруханаға науқастарды жатқызу ережелері. Жұқпалы ауруларға диагноз қою, оларды емдеудің және алдын алудың жалпы принциптері.

Жедел ішек инфекциялардың  диагностикасы мен емі. Салмонеллез

тесттік тапсырмалар, науқастың сырқатнамасын талдау, ситуациялық есептер Сальмонеллезбен ауратын науқастан эпидемиологиялық анамнезін жинау (сальмонеллезге тән нақты эпидемиологиялық мәліметтерді анықтау)

 

эпидемиологиялық анамнезді  жинау кезіндегі коммуникативті дағдылар

 

 

2 Жедел ішек инфекциялардың  диагностикасы мен емі.  Жедел дизентерия Тесттік тапсырмалар, науқастың сырқатнамасын талдау, ситуациялық есептер  Жедел дизентериямен ауратын науқастан  эпид.анамнез жинау (дизентерияға тән нақты эпидемиологиялық мәліметтерді анықтау)

.

 

 

01.07.2011ж. №142 бұйрық

ЖІИ мен ауырған науқастарды ауруханаға жатқызу, шығару, диспансеризациялау ережелері

(сұрақ-жауап)

Гельминтоздар бойынша (энтеробиоз, аскаридоз, тениоз, тениаринхоз, описторхоз) тест құрастыру
3 Вирусты гепатиттер (энтеральды және парентеральды) Тесттік тапсырмалар, науқастың сырқатнамасын талдау,, ситуациялық есептер  Вирусты гепатиттердің маркерлерін интерпретациялау (ИФА әдісінің нәтижелерін талдау)     —  

 

   —
4 Грипп және басқа ЖРВИ

 

Тесттік тапсырмалар,

науқастың сырқатнамасын талдау,   ситуациялық есептер

    —     —     — Вирусты инфекциялар бойынша (герпесвирусты, энтеровирусты, цитомегаловирусты инфекциялар), тест құрастыру
барлығы   5 2 1 1 1

 

 

Студенттердің «Жұқпалы арулар» пәнін оқу барысында алынған білімдері Ішкі аурулар бойынша алынатын интеграцияланған емтихан құрамына кіретін тесттік тапсырмаларды шешу арқылы бағаланса, ал екінші санатта орын алатын әдістемелік дағдыларды бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар ұсынылады (№2 кесте).

 

 

2 кесте — Жалпы медицина факультетінің 4 курс  студенттердің «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша емтихан тапсырмалары

Жауптардың эталондары

Тапсырмалар

Клиникалық тұжырым

1. Науқастың нәжісін бактериологиялық зерттегенде Salmonellae enteritidis анықталды Салмонеллез, гастроинтестиналді түрі  (копродақыл Salmonellae enteritidis)
2. Қанды бактериологиялық зерттегенде

Salmonellae enteritidis анықталды

Сальмонеллез, жайылмалы түрі

(гемодақыл Salmonellae enteritidis)

3. Науқастың нәжісін бактериологиялық зерттегенде Shigellae Flexneri 2a анықталды Жедел  дизентерия

(копродақыл Shigellae Flexneri 2a)

4. Сау адамның нәжісін бактериологиялық зерттегенде Salmonellae newport анықталды Сальмонеллез. Бактериятасымалдаушылық.

(копродақыл Salmonellae newport)

5. Сау адамның нәжісін бактериологиялық зерттегенде Shigellae Zonnei анықталды Жедел  дизентерия. Бактериятасымалдаушылық (копродақыл Shigellae Zonnei)
6 Anti HAV IgM  + Вирусты гепатит А (HAVIgM +)
7. Hbs Ag +,  anti HBс lgM + Жедел вирусты гепатит В (Hbs Ag +,  HBс lgM +)
8. Hbs Ag +,  Hbe Ag + Жедел вирусты гепатит В (Hbs Ag +,    Hbe Ag +). Репликация сатысы.
9. Anti HСV Ig G +, cor

NS-3+, NS-4 +, NS-5+

Созылмалы вирусты гепатит С
10.

HbsAg +,  anti HBс lgM +, anti HDV  total+

Вирусты гепатит Д, коинфекция/суперинфекция

 

 

Студенттерді кері байланыс принципімен анкеталағанда студенттер жағынан оң пікірлер айтылып, «Жұқпалы аурулар» пәнін біліп үйренуге, осы мамандықты игеруге қызығушылықтың туандығынын байқадық.

«Жұқпалы аурулар» мамандығы немен қызықтырады? – деген сұраққа, көбінесе студенттер: «дифференциалдық диагностика жүргізу, тез шешім қабылдау қажеттілігі, дұрыс тағайындалған емнен нәтиженің тез байқалуы және өз жұмысынан ләззат алу» деп жауап берген.

Осылайша біз студенттерде жұқпалы аурулардың ішінде ең негізгілері туралы білім қалыптастырамыз.

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1       С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің медициналық білім беру үлгісі. 1–бөлім. – Алматы: 2010.

2       С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің медициналық білім беру үлгісі. 2 –бөлім. – Алматы: 2010.

3       С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің медициналық білім беру үлгісі.  3 –бөлім. – Алматы: 2011.

 

 

 

 

 

 

А.К.ДҮЙСЕНОВА, Е.А.СЛАВКО, Н.К.ОСПАНБЕКОВА, Л.А.ОМЕШЕВА,  А.М.САДЫКОВА, Б.К.УТАГАНОВ

ОБУЧЕНИЕ ДИСЦИПЛИНЫ «ИНФЕКЦИОННЫЕ  БОЛЕЗНИ» СТУДЕНТАМ 4 КУРСА ФАКУЛЬТЕТА «ОБЩЕЙ МЕДИЦИНЫ» В СООТВЕТСТВИИ С КРЕДИТНОЙ СИСТЕМОЙ ОБУЧЕНИЯ

 

Резюме: В 2012-2013 учебном году кафедра инфекционных и тропических болезней впервые проводит обучение по кредитной системе на 4 курсе факультета «Общая медицина». В связи с этим был переработан УМК дисцинлины с учетом компетентностного подхода. Представлен опыт внедрения новой модели образования в учебный процесс.

Ключевые слова: модель медицинского образования, кредитная система обучения, специальность «Инфекционные болезни», факультет «Общая медицина».

 

 

 

 

 

 

 

 

A.K. DUISENOVA, E.A. SLAVKO, N.K. OSPANBEKOVA, L.A. OMESHEVA, A.M. SADYKOVA, B.K. UTAGANANOV

TEACHING THE DISCIPLINE “INFECTIOUS DISEASES” TO THE STUDENTS OF THE 4TH COURSE BY SPECIALTY GENERAL MEDICINE ACCORDING TO THE CREDIT SYSTEM OF TEACHING.

 

Resume: In the 2012-2013 academic year the department of infectious and tropical diseases of KazNMU named after S.D.Asfendiyarov for the first time provides training for the credit system to the 4th year students of the faculty «General Medicine». In this connection, training-methodological complex discipline has been redesigned with due regard to competence approach.

Keywords: model of medical education, the credit system of training, specialty «infectious disease», faculty «General Medicine».

 

 

 

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ