ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ФАРМАЦЕВТИКА НАРЫҒЫНДАҒЫ ГЕЛЬДЕРДІҢ МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУЛЕРI (ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ)

27 Sep 2013

УДК: 615.014.22-339.138-546.291(574)

 

Ж.И. Таганов, Р. Дільбархан-ұлы, Қ.Қ. Қожанова

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті

 

 

Статистика бойынша әлемде әрбір бесінші адамды белдегі және буындардағы ауру сезімі мазалайды. Қазіргі кезде тірек-қимыл аппараттарындағы болатын аурулар түрі жас жағынан жасарды деуге болады, өйткені аталған ауруға шалдыққандардың жасы орта жастағылар. Бұл жағдай бір орында отырып жұмыс істеуге, физикалық жұмыс күшінің бірқалыпты болмауы, экологиялық жағдайларға және т.б. себептерге байланысты.  Көбінесе бұл аурудың қозуы салқын ауа райында болады. Тірек-қимыл аппараттарындағы болатын ауру сезімдерінің пайда болу себептері әртүрлі аурулардың артрит, артроз,  остехондроз, омыртқааралық дискілердегі грыжа, әртүрлі жарақаттар, миалгия және бұлшық ет спазмдары және т.б. салдарынан туындайды. [1,3,4].

Тірек-қимыл аппараттарындағы болатын ауруларды емдеуге түрлі әдістер: физиотерапия, рефлексотерапия (инемен емдеу),  емдік физкультура, түрлі масссаждар және дәрілік препараттармен емдеу қолданылады. Дәрі-дәрмектер арасында аталған аурулардағы ауру сезімін басуға және емдеуге сыртқы денеге қолданылатын дәрілік қалыптар: гельдер, жақпа майлар, кремдер, бальзамдардың алатын орыны ерекше. Олар  жеке препарат, сонымен қатар комплексті емде де қолданылады. Осы аталған дәрілік қалыптар ішінде гельдердің қолданылуы соңғы жылдары артып келеді. Гельдер жақпа майлармен салыстырғанда перспективалы дәрілік қалып. Бұл жағдай гельдердің дәрілік қалып ретіндегі келесі артықшылықтарының – гель рНы тері рН өте жақын болуы, өндіру жылдамдығы, тері саңылауларын бітемеуі, жылдам және біркелкі таралуы,  гельдер құрамына гидрофильді дәрілік заттарды  енгізу және суспензия типінде өндіру мүмкіндігі – болуымен сипатталады [5].

Гель –  тұтқыр консистенциясы бар, формасын сақтай алатын және беріктік және  пластикалық қасиеттерге ие  жұмсақ дәрілік қалып.  Дисперстік жүйе типі бойынша  гидрофильді және гидрофобты гельдер деп бөлінеді.

Гель – өзінің пішінін иілгіштігін және пластикалығын сақтайтын тұтқыр консистенциялы жұмсақ дәрілік қалып.

Жоғарыда аталған гельдердің артықшылықтарын ескере отырып, осы дәрілік қалыптың Қазақстан Республикасы фармацевтикалық нарығындағы маркетингтік зерттеулері жасауды ұйғардық.

Маркетинг зерттеулер – бұлар маркетинг шешiмдерiн қабылдау үшiн, белгiсiздiктi азайту, мәлiметтердi жинау, өңдеу және талдау үшiн қажет [1] .                       

Отандық нарықта бүгiнгі таңда дәрi-дәрмектер жеткiлiктi мөлшерде. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгінің мәліметтерінде 20.06.2012 жылы Қазақстан Республикасына 7376 –ге жуық дәрілік құралдар тіркелген, оның ішінде жұмсақ дәрілік қалыптар  (жақпа майлар — 194, пасталар- 9, гельдер- 123, кремдер- 112,  линименттер -16) –  454 ,  бұл мәліметтерден гелдер — 123, яғни 27%-ды құрайтынын көруге болады [2].  Оны график түрінде келесідей бейнелеуге болады:

 

Қазақстан Республикасына жұмсақ дәрiлік қалыптардан  қаржылар 100-ден аса шет елдердің (Германия, Австрия, Португалия, Бельгия, Швейцария, Польша, Венгрия, Словения, Италия, Эстония, Индия, Иран, Ресей және т.б) фармацевтикалық фирмаларынан келіп түседі.

Қазақстан Республикасы нарығына  жұмсақ дәрілік қалыптар ассортиментінің көпшілігі төмендегі шет елдердің фармацевтикалық фирмаларына тиесілі: «Нижфарм» (Россия), «Schering», «Bayer», «Schering – Ploug» (Германия), «Ranbaxy, Lupin, Microlabs, Glenmark, Аgio» (Индия), Польша, Борисовский ЗМП (Белоруссия), Борщаговский ХФЗ, ФФ «Дарница» (Украина), «Schering»» (Италия), Талллиннский завод АО (Эстония), «Gedeon Richter» (Венгрия), «Lek, KRKA» (Словения). Қалған фирмалар 1-ші кестеде  1 мен 4 аралығында көрсетілген.

 

Кесте 1 – Қазақстан  Республикасында тіркелген  жұмсақ дәрiлік  қалыптардың шетелдiк өндiрушiлерi

№ р/с Өндіруші ел Фирма атауы   саны  % мөлшері
1 Германия, Португалия, Бельгия Schering, Bayer,  Schering – Plough 22 4,9
2 Индия Lupin, Ranbaxy, Microlabs, Glenmark, Agio. 20 4,5
3 Швейцария Novartis 5 1,0
4 Польша Jelfa 20 4,5
5 Венгрия Gedeon Richter 8 1,8
6 Словения Lek, KRKA 8 1,8
7 Италия Shering 9 2
8 Эстония Таллин ФЗ 9 2
9 Рессей Нижфарм, Алтайвитаминдер 43 9,7
10 Украина Борщаговский ХФЗ,

Дарница ФФ және т.б.

16 3,6
11 Белоруссия Борисов МПЗ 19 4,3
12 Литва Sanitas 5 1,1
13 Басқа елдер 1-ден  4 атауға дейін 235 52,8

 

Кестенiң мәлiметтерлерiнен тiркелген жұмсақ дәрi  қалыптардың   94 %  басқа жақын және алыс шет елдерден импортталған.

Қазақстандағы тіркелген гельдер ассортиментімен таныса келе,  94.3% шет елдерден импортталатынына куә боламыз, қалған 5,7% отандық өндiрушi- “Химфарм АО” үлсіне тиесілі болып шықты. Бұл гельдер: Гепасан,  Диклофенак,  Комфорт-Гель,  Дентогель, Трокседин,  Камесан және  Кетотоп [2].  Бұл көрсеткіш өте аз. Президентіміздің  2010 жылғы № 958ші қаулысында “Отандық  дәрiлердiң өндiрiсін көбейту есебінен,  ұлттың денсаулығын және елімізді   қауiпсiз дәрі дәрмектермен   қамтамасыз етіп,  2014 жылдың  соңында iшкi нарықта отандық дәрiлердiң үлесін 30%тен 50%ке дейiн көбетуіміз керек” –деп көрсетілген [7].

Сондықтан отандық шикізаттар негізінде гель түріндегі дәрілік құралдар ассортиментін кеңейту жұмыстары ғылыми зерттеулерге негіз болады деп түйіндеуге болады

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

1       Котлер Ф. Управление маркетингом. — М. ,  1980. — 17бет.

2       ҚР Дәрiлер заттар , медициналық мақсаттағы бұйымдардың мемлекеттiк тiзiмі-2012ж,шілде

3       Д. Н. Синев, И. Я. Гуревич. Технология и анализ лекарств. — Л.: Медицина 1989-367 бет.

4       Промышленная технология лекарств // Чуешов В.И., Чернов Н.Е., Хохлова Л.Н. и др.; под ред. Чуешова В.Е. — Харьков, издательство НФаУ «МТК-Книга», 2002.-Т.2. 428-443 беттер.

5       Промышленная технология лекарств: учеб. в 2-х т. Т. 1 / В.И. Чуешов, А.И. Зайцев, СТ. Шебанова, Н.Е. Чернов и др.; Под ред. проф. В.И. Чуешова. -X.: Основа; Изд-во УкрФА, 1999. — 560 бет.

6       ҚР Президентінің 19 марттан күшіне енген 2010 жылдағы № 958 шы қаулысы

7       Ділбарханов Р.Д., Датхаев У.М., Амантаева М.Е., “Жақпа майлар” Алматы 2005жыл, 35-38 бет

 

 

 

Резюме: По сравнению с мазями, гели являются крайне перспективной лекарственной формой, так как имеют pH близкий к pH кожи, быстро изготавливаются, не закупоривают поры кожи, быстро и равномерно распределяются, в гели можно ввести гидрофильные лекарственные вещества, можно изготовить суспензионные гели (например, гель с серой).

В настоящее время идёт активное изучение свойств гелевых полимеров (российских — Ареспол, мАРС; бельгийских — Ultrez 10; немецких — Carbopol 940, Carbopol 941, Carbopol 2020 и Carbopol 2001) с целью внедрения в фармацевтическую практику множества мягких лекарственных форм на гелевой основе.

Основные направления совершенствования качества и технологии гелей.

 

 

 

Resume: Compared with ointments, gels are very promising dosage form because they have pH close to the pH of the skin, quickly made, do not clog the pores of the skin, quickly and evenly distributed in the gels can introduce hydrophilic drugs can be prepared suspension gels (eg, gel and sulfur).

Currently there is an active investigation of the properties of gel polymer (Russian — Arespol, Mars, Belgian — Ultrez 10; German — Carbopol 940, Carbopol 941, Carbopol 2020 and Carbopol 2001) in order to introduce in pharmaceutical dosage forms set to a gel base.
Key issues for improving the quality and technology of the gels.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ФАРМАЦЕВТИКА НАРЫҒЫНДАҒЫ ГЕЛЬДЕРДІҢ МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУЛЕРI (ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ)

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ