ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ САБАҒЫНДА МОДУЛЬДІ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

27 Sep 2013

УДК 614,7:628,1/3:574(574,51):616

 

А.Ж. МОЛДАҚАРЫЗОВА,  С.Ш. СЛАМКУЛОВА, Н.А. АКЖОЛОВА, Л.К. НАЗАРОВА

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Жалпы гигиена және экология кафедрасы

 

 

Мақалада экология және тұрақты даму  сабағында модульді технологияны қолданудың әдіс-тәсілдері, оның тиімділіктері баяндалады.

Түйінді сөздер: экология,  модуль, технология.

 

Әлемдік білім берудегі дамудың стратегиялық бағытының бірі – оқытудың дәстүрлі репродуктивтік стилінен өтіп, студенттердің таным белсенділігін, өз бетімен ойлау қабілетін жетілдіретін білім берудің енді дамып келе жатқан моделіне көшу, оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастыруы мен мазмұнына өзгеріс енгізуіне лайық жол табу, жаңа технологияларды қолдану. Осы міндеттерді шешуге оқыту технологиялары жағдай жасайды, себебі сабақтарды іс-әрекет жасау арқылы өткізу негізінде мүмкіндік береді.

Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарын біріктірген пәндер мен әдістемелердің оқу-тәрбие үрдісін  ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, түрлері мен әдістемелірінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, соңында студенттің дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды, әсіресе, осы бағытта модульдік технологияның орны ерекше.

Модульдік оқыту – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының деңгейі. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.

Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын біршама дербес бөлігі (Ожегов С.И.).  Оқу модулі қайта жаңартушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлеу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.

Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды (тақырыпты) оқып-үйрену үш негізгі кезеңнен: кіріспе – ынтасын ояту, операционалдық – танымдық және рефлексиялық – бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс (Фридман Л.М.).

Қазіргі таңда экология және тұрақты даму сабағын оқытуға жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру – заман талабына айналды. Модульдік оқыту XX ғасырдың 60-жылдарының аяғынан бастап дами бастады. Оның негізгі мәні – сабақтың жоспары, ақпараттар жиынтығы және сабақтың дидактикалық мақсаттарына қол жеткізуге бағыт беретін әдістемелік нұсқаулардан тұрады.

Модульдік технологиялардың ерекшелігі – тек білімді меңгерту емес, оқушының танымдық қабілетін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамыту арқылы және оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру арттыру арқылы жүзеге асырылады.

Экология және тұрақты даму сабағында модульді технологияны қолдануда экологиялық білімді насихаттау, жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру басты нысанаға алынады. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады. Өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу,
табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты студенттерді жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу.
Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлының «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу», — деген өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады.

Модульдік технологияның оқыту іс-әрекетіндегі маңыздылығын зерделеген зерттеуші М.А. Чошанов модульдік технологияны оқыту үдерісінде ұтымды қолдануға салиқалы үлес қосқан ғалым. П.Я. Юцявичене бағдарламалық-әдістемелік құжаттамалардың құрылымы мен мазмұнын модульдеу жобалап,  оқу үдерісіне енгізгендер Новиков П.Н., Ермоленко В.А., Новикова Т.Т., Эрганова Н.Е., Бородина Н.В. және Ресейдің білім кеңістігінде аталған технологияны қолданудың ғылыми негізін ұсынған зерттеушілер Вазина К.Я., Башарин В.Ф., Тетерина Д.Д. модульдік технологияның маңыздылығы мен студентке білім беру барысындағы түпкі мақсатқа жетудегі нәтижелілігін атап көрсетіп, маңыздылығын айқындап, өзектілігін дәлелдеп берген еді. Осы салада М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясының» маңызы ерекше екені белгілі. Себебі аталған технология әдістері студенттерді өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі, өзгені де бағалай білуге үйретеді. Тиімді белгілерінің бірі – студенттің оқу белсенділігін арттыру. Бұл технологияның бір ерекшелігі сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде студенттерге ғылыми зерттеу  жұмысын ұсынуға болады. Студенттің оқу және танымдық әрекеттерінің  белсенділігін арттыру – ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту – осы мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жол және оқыту технологиясының өзіндік ерекшеліктері қағидалары, белгілері бар.

Модульдік технологияның ерекшелігі – оқытушы – ұйымдастырушы, студентпен ақылдаса отырып, әрі дипломат, әрі қамқоршы, әрі білгір жетекші рөлін атқарады.

Модульдік оқыту технологиясын қолдану оқу жүйесіне жаңаша сипат бере отырып, студенттердің  экологиялық білімнің белгілі жүйесін игеруі, табиғатты қорғауы, жер байлығын тиімді пайдалануы, экологиялық мәдениетті жетілдіріп, дүние тану көзқарасын қалыптастырады.

Оқу мазмұнын «Өсу» бағытымен – қарапайымнан күрделіге, репродуктивті тапсырмалардан – ғылыми  ізденіске қарай дамыту студенттердің   табиғатты қорғау мәселелері туралы ғылыми теориялық және тәжірибелік біліммен қаруландыру, сонымен қатар  экология  және тұрақты даму пәнінің дәрежесін арттыра отырып, студенттердің  жауапкершілігін жоғарылатады.

Модульдік технологияны пайдалану арқылы студенттердің  үлгерім сапасының өсуі байқалады, жалпы дамуда алға жылжу бар.

Студенттердің  экологиялық білімнің белгілі жүйесін игеруі, табиғатты қорғауы, жер байлығын тиімді пайдалануы экологиялық мәдениетті жетілдіріп, қоршаған ортаны қорғау және тиімді пайдалану көзқарасын қалыптастыруда  белсеңділігі  артуда, ойлау, пәнге деген ынтызарлық жоғарылауда, өз бетінше білім алуға бағыт беру болып табылады.

Модульдік оқыту технологиясы экология және тұрақты даму  сабақтарында студенттердің  білімін жүйелеуге, білімді сапалы меңгеруге толық мүмкіндік береді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1       Жанпейсова М.М. Модульдік технология оқушыны жан-жақты дамытудың бірден-бір    құралы. Алматы, 2006. — 35 б.

2       Чошанов М.А. К вопросу о проблемно-модульном обучении.// Среднее специальное образование.  —  1991. —  C. 3.- 4.

3       Юцявичене П.А. Теория  и практика модульного обучения. —   Каунас: Швиеса, — 1989. -62 с.

 

А.Ж.МОЛДАҚАРЫЗОВА, С.Ш. СЛАМКУЛОВА, Н.А. АКЖОЛОВА, Л.К.НАЗАРОВА

МЕТОДЫ ПРИМЕНЕНИЯ МОДУЛЬНЫХ ТЕХНОЛОГИЙ НА ЗАНЯТИЯХ ПО ЭКОЛОГИИ И УСТОЙЧИВОМУ РАЗВИТИЮ

Резюме: В статье описываются методы применения модульных технологий и их преимущества в ведении занятий по экологии и устойчивому развитию.

Ключевые слова:  экология, модуль, технология.

 

A.Z. MOLDAKARYZOVA,  S. SLAMKULOVA, L.K. NAZAROVA, N.A. AKJOLOVA

METHODS OF APPLYING MODULE TECHNOLOGIES IN LESSONS ON THE ECOLOGY AND SUSTAINABLE DEVELOPMENT

Resume: The article describes the methods of module technologies and its advantages in running activities in the lessons on Ecology and Development.

Keywords: ecology, the module, technology.

 

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ САБАҒЫНДА МОДУЛЬДІ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ