РАДИОЛОКАЦИЯЛЫҚ СТАНЦИЯЛАРДАҒЫ ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ

27 Sep 2013

УДК 627.621.396 (075.8)

 

А.Жаханов, Қ.Қ.Тоғызбаева, Л.Б.Сейдуанова

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық МедицинаУниверситеті

Еңбек гигиена кафедрасы

 

 

Радиолокациялық станциялардағы еңбек гигиенасы осы уақыттағы  ғылым саласындағы өзекті мәселелердің  бірі.  Мақалада  жеке тұлғаның тіршілік пен радиациялық қауіпсіздікті  қамтитын негізгі ережелерді сақтау мен  нормалары ескерілген.

Түйінді сөздер: Радиация, РЛС, АЖЖ, Қауіпсіздік, Сәулелену

 

Осы заманғы радиоэлектрониканың өте қарқынды енуі, оның ішінде әртүрлі радиолокациялық жүйенің және қондырғылардың орналасуы, оны пайданушылар кеңістігін кеңейтті, олар радио-толқынның аса жоғары жиіліктегі (АЖЖ) диапозонды әрекетке көшті. Осындай көрсетілген физикалық әсер факторы,тек мамандарға ғана емес,АЖЖ-к генераторы өрістік қызметімен шұғылданатындар және кейбір тікелей қатнасы жоқ адамдар да техникалық жабдықтарымен жұмыс атқаруда.

Пайдалану ерекшелігі бар радиолокациялық станцияның конструкциялық және қондырғыларымен  қамтамасыз етілуі, іс жүзінде АЖЖ өрісінің жеке   адам-дар организмдеріне қолайсыз еместігі,бірақ сонымен бірге апатты жағдайда және техникалық қауіпсіздік ережелері бұзылғанда  қызметкерлердің АЖЖ өрісімен сәулеленуі мүмкін.

Профилактикалық іс шарада дұрыс ереже жүйесін құруда,әртүрлі қызметкерлердің  сәулелену  өрісінің қолайсыздық жағдайын, сонымен одан қорғану әдіс тәсілін білуі керек, ол еңбек гигиенасын оқытудағы кредиттік жүйеде ерекше орын алады.

Радиолокациялық станция жұмысы көзге көрінбейтін обьектіні табуға арналған,оның негізі радиолокацияда . Ауадағы,судағы және құрғақтағы обьектіні табу,сол бейнеленген обьектінің радиотолқынын және радиотолқынды қабылдау арқылы табылады, осы кездеғі үлкен қуатты электромагнитті қысқа импульстер  сәулелендіреді. Импульстердің ұзындығы микросекундтар, ал қуаты – ондаған және жүздеген киловатты құрайды. АЖЖ радиотолқынның диапозонының таралу жылдамдығы – күн сәулесінің  жылдамдығымен бірдей

Жылжымалы және стационарлы радиолокациялық станциялардың жұмысы былай: АЖЖ-нің  импульсті генераторы электромагнитті энергия шығарады  және толқынды жеткізуші антеннаға бағыттайды.Антенна сәуленгеннен кейін қабылдауға қосылады.Одан кері қайтқан көзделген импульсті антенна қабылдайды, толқынды жүргізушіге түскен соң қабылдау антеннасына түседі, ол жерде күшіне еніп төменғі сигналды жиілікте өңделеді және қондырғы индикаторға беріледі.Индикатор экранында (электронды сәулелі түтік) сигналды байқап қабылдауы жарық нүкте тәріздес немесе сәуленің қоса өрілуі. Модулятор қорек көзінен энергияны генерациялық импульспен генератордың жоғарғы кернеулік аралықтары арасында жинайды.

Радиолокациялық станция,АЖЖ-ті сәулеленуінің импульстік сипатын сақтай отырып, ол қозғалмайтын антеннада- үзіліссіз режимде жұмыс істейді, айнала шолуда сәулелік көшірме жасау(cекторлық шолу), обьектіні мезгіл — мезгіл сәулелендіреді.

Бірінші жағдайда АЖЖ өрісінің тұрақты әсерінде жасалады, ол обьектіге үзіліссіз әсер етеді, екінші жағдайда,нақтылы уақытта аздаған үзілісті өрісті әсеріболады.Радолокациялық станция антеннасы, кез келген уақытта толқынды сәулелейді, бір бағытта минимальды қарқынды түрде сәулелейді, келесіде- энергия мүлдем сәулелемейді.

РЛС-ның  жұмысын РЛС қызметкерлері қамтамасыз етеді, сонымен бірге радиотехникалық  шеберханадағы мамандар атқарады және профилактикалық  жұмыс өткізеді.

Операторлар экранды индикаторлармен  жұмыс істейді. Операторлар  әрекеттері үшін бірқатар психикалық  қызметтің  жүктемелі сипатына- назар аудару, есте сақтаудың тездігі  және көру анализаторларының  функционалдық  ерекшелігі жатады.  Экранда ұзақ уақыт бақылауда  жүктемелік психикалық функциясының өтуі ол қозғалмағанда немесе жұмыс кезінде   қозғалатындары, біріңғайлық  жағдайда, тіпті толық  сырт тітіркендіргіштер  болмаған уақытта жүргізіледі.

РЛС-да  жұмыста еңбек ету  зерттеулерін көрсеткендей, мұнда  әртүрлі қолайсыз жағдай факторлары  екі топқа бөліп қарастырады: арнайы және арнайы емес.

Арнайылық  емес факторлар- бұл жұмсақ рентгендік  сәулелену, шу мен діріл  жұмыс аумағындағы ауа қоспалар: қолайсыз ауа температурасы, РЛС-тегі кабиналардағы  жарықтың  жетіспеушілігі,сонымен бірге  жоғарғы нерв  жүйесіне  және  көру анализаторларына   түсетін  ауыртпашылық.

Арнайылық   факторлар- РЛС-дағы импульстік жоғарғы жиіліктегі  электромагнитті  сәулелену. Негізінен өте қуатты көзі, ол антенна,  оның ашық  реттеу көзі мен  генераторларды ағымдық  жөнделудегі,  толқын шығарғыштардың   фланцтардың  тығыз қосылмауы  немесе соңғы бөліктерінің ашық қалуы. АЖЖ- сәулелендіру ол сырттан енеді  және адамдар сәулеленіп қалуы, ашық  немесе тығыз жабылмаған саңлаулардан  еніп кетуі,  көрсетілген  сыртқы ортаның қолайсыз факторларының  комплекстерінің  РЛС-ға  әсерінің болмайтынын атап өтуі керек. Бірақ аздаған болсада  кейбір  жағдайда  комплексті  факторлар кездесіп қалуы, ол гигиеналық  нұсқаулардың  бұзылысынан болады.

АЖЖ –ң б и о ф и з и к а л ы қ  және  б и о л о г и я л ы қ  әсері.                         АЖЖ-ің диопазонының биологиялық  радио тербелісі оғаш жағдайда оның ену  қаблеті  және тканьмен таңдамалы өзара әсері уақытына қарай және сәулелену қуаты, сонымен қатар сәулелену беткейі аумағына АЖЖ-і диапозонының биологиялық  әсері болады.

АЖЖ-ң өрісінің әртүрлі диапозондық ену қабілеті бірдей емес.Оның байлан-ыстылығы  микротолқынның ену тереңдігі, толқынның оннан бір бөлігіне тең. Демек, миллиметрлік  толқын ,терінің беткі қабатынан ары қарай өтпейді, негізінен  тері асты  клечаткасына  және бұлшық етке өтуі сантиметрлік, ал дециметрлік  толқын  ішкі мүшелерге  жетеді.  Сондықтан олар  олар өте күшті .Таңдамалы (селективті) ткандармен өзара қатынасы болатыны, ол өте  күшті микротолқындар  тканьға сіңеді, онда өте көп су болғандықтан, олар диэлектрлік қасиеттілігімен  ерекшеленеді.  АЖЖ- өрісінің организмдегі 40-45% тен аспайтын сіңімділік  нәтижесінде,  жергілікті тканьды жылытады  және дене температурасын  көтереді.                                   АЖЖ- өрісі әсерінен  термиялық эффект байқалады, бір жағынан осы факторға организмнің  сізімталдық түрі , тканнің биофизикалық  қасиеті және оның  физиологиялық  ерекшілігі (регенерацияның үрдісінің активтігі, қанмен қамтамасыз ету сипаты) , екінші жағы сәулеленудің ұзын толқыны, оның  қуаты мен уақыттың әсері болады.)

Эксперименттік және клиникалық отандық зерттеушілердің мәлметтерінде  көрсеткіштей, термиялықпен қоса, АЖЖ-сәулеленудің термиялық еместігі бар, сантиметрлік және дециметрлік толқынды қайталай сәулелендіргенде терминді емес қарқындылық  (1мВт/см²) ит пен қоянда асқазанның секрециялық және моторлық функциясының басылғандығы: брадикардия, тамырлардың гипототоникалық реакциясы жоғарғы нерв әрекетінің өзгерісі байқалды. Ерікті зерттеушілердің субметрлік қарқындылығында АЖЖ-мен сәулелендіргенде радиодыбыс естілді, оларда артериялық қысым, ірі артерия тонусының және мидың үлкен жарты шарында биоэлетрлік өзгерісі байқалды.

Жылулы емес немесе арнайлылықта, АЖЖ-і белок молекулаларының, энергия молекулаларының сіңіру резонанстылығы және атомдық биосубстраты және митохондрия, рибосома, жасушалық және жасуша аралық мембрананың микроқызу мүмкіндігі, бағдарлау кеңістігінің өзгерісімен байланыстырады.Отандық зерттеушілердің есебі бойынша,  АЖЖ-і диапазонының радиотолқынның биологиялық әсерін  термиялық және арнайлылығымен байланыстырады.

Байқамсыздық немесе техника ққауіпсіздік ережелерін елемеу, АЖЖ-өрісі катарактының туындауының бірден-бір себепші салдары.

АЖЖ-і өрісінің қолайсыз әсеріндегі профилактикалық іс-шаралар. Біздің елімізде АЖЖ-өрісінің адам организміне ғылыми негізделген, қолайсыз әсерге профилактикалы іс-шаралар жүйесі бар. Ол іс-шаралар жүйесінде РЛС және РТС-ті конструкциялауда, сонымен бірге ғылыми-техникалық шаралардың АЖЖ-сәулеленуінен қорғануы. Арнаулы дербес қорғану құралдары арнайы құрылған – киім және көзілдірік.

Профилактикалық жүйеге микротолқынды генераторлармен және мамандарға тұрақты диспансерлік байқайтын медициналық іріктеу кіреді. Мамандардың еңбек ету жағдайындағы гигиеналық бақылау микротолқын қуатының жіберілу деңгейі өңделгеннен кейін нық ғылыми негізге алынған. Біздің елде АЖЖ-ың сәулелену нормасы термиялық емес әсермен өткізіледі,

АЖЖ-і сәулеленудің қарқындылығы сантиметрлік және дециметрлік ашық жерлерде анықталады, метрлік және ұзын толқынның қарқындылығын, бөлек магниттік электрлік өріс жүктемесін өлшеумен анықтайды. Бұндай жағдайда жеке тұлғалар, ережедегідей қалыптаспаған ЭМӨ сәулелену аймағына жақын (индукциялық аймағында) болады. Егер ЭМӨ-нің толқын мөлшері, АЖЖ-ң  диапазоны жұмыс орнында 10 мкВт /м²-тан асып кетсе АЖЖ-ің сәулеленуден адамдарды қ о р ғ а у қажеттілігі туады.

Сәулеленуден қорғануға қол жеткізу қондырғының орналасуынан, жұмыс орнындағы металды экранды табақ немесе дербес қорғану құралдарын қолдану – қорғаныстық костюм және көзілдірік, жұмыс ұзақтығын шектейтін сәулелік прибор, маманның жұмыс уақытының қысқаруы.

Дербес құралдарды костюм және көзілдірік (комбинизон пайдалану), станцияның құрылысы және  жөндеу кезінде қолданылады. Қолданылатын  сатудағы көзілдірік торлардан немесе металды шыныдан, қорғаныс комбинизондар –арнаулы метал тканнан жасалынады.

АЖЖ-сәулеленуі ашық жерлерден қорғануы нормалық сәулеленген аймақты белгілеу арқылы қол жеткізеді, радиотехникалық қондырғыларды ұтымды жерге орналастырады, өйткені объектіге орын таңдауда адамдар жергілікті жер бедерін, адамдар пайдаланады, онда адамдар болатындықтан, сәулелендіретін орын мен тұратын үйдің арақашықтығы қатаң сақтауы керек. Орналастырылған адамдарды қорғауда радиолакациялық антеннаға жақын тұрған орында, терезе және қабырғасы сәулеленуге қараған жағына экрандалады(қалқан). Тұрғын ғимараттар айналасына ағаштар отырғызылады.

АЖЖ-сәулеленуінен қорғайтын экран, радиотолқынды сіңіретін немесе тойтарыс беруге қабілетті материалдан жасалынады    . Тұтас металды табақ, кез-келген магнитті толқынды полярлықты, толық тойтарады. Қорғаныс комбинизоны- металды тканнан жасалса ,олардың металды жіпшелері қосылып және арқанды негізіде электромагнитті толқынды кез-келген полярлықта тойтарады.

АЖЖ-і өрісін жоғарыда көрсеткеніміздей, ескере алатынымыз тежегіш рентгендік сәулелену, жоғары кернеулі электр тогы,шу, миероклиматтық факторлар- ылғалдылық, темпенратура және ауаның қозғалу жыодамдығы, ауадағы зиянды химиялық қоспалар, және шаң, жарықтану және жұмыс айналасындағы жарық.гигиеналық нұсқадағы нормалануы.

РЛС-ғы тежегіш рентгендік сәуленің радиоэлектрондық аппараттармен жұмыс кезінде тууы, электронды вакумды прибордың анодты кернеудің 15кВ артуынан және рентгендік сәулеленудің жұмсақ импулснан.АЖЖ-і сәулеленуі рентгендік сәуленің жұмыс орындарына енуінен, ашық көретін терезе арқылы, вентеляциялық тесіктен ,блок қаптауының тығыз жабылмауынан болады.РЛС-гі жеке тұлғаның 0,2 м/с рентген сәуленің жіберілу деңгейі. РЛС-ғы рентгендік жұмсақ сәуленің өлшемі, ал импульс табиғаты немесе араулы микроренометрге қарай болады.

РЛС-ң жұмыс орнындағы,басқа арнайы емес факторлар,әртүрлі қарқындылықтағы акустикалық шу, оның суытатын радиоаппаратты вентелятор, дизельді қондырғылар, электроматорлар және жұмыс кезіндегі радиоапаратуралар. РЛС-ғы  кабинасында жұмыс атқаруы сипатына өндірістегі бөлмелердегідей.

РЛС-ғы кабинасындағы м и к р о к л и м а т климаттық ауа райы  факторларымен байланысты.Ауа температурасының көтерілуі көптеген аппараттардың және аз қозғалыстағы оң жылу  радиациясы басқа да жылу алмасу кернеулігін және қызу дәрежесінің үйлесімділігіне әкеледі. Микроклиматты оптималдық деңгейде ұстайтын жақсы құрал кондиционер. Эффективті қуатты және дұрыс жабдықталған ағымды-сорғыш вентиляция ауа жылдамдығы 0,4-0,5м/с тікелей тиімді, қызуды шығаруды, сол әсерден ауаның ластанбауын қамтиды. Радиациялық температураның оптималдық қолайлылық деңгейін жабдықтар бетінің жылу изоляциялық кабинасының қызуын экрандаудан ұстайды. Ол әсіресе жылу изоляциясы солтүстік және оңтүстік аудандар үшін керек.

Операторлар әрекетіне рационалды ж а р ы қ т ы ң маңызы бар.Көру мүщелеріне түсетін жүктеме режимінің дұрыс еместігі, экранның жоғарғы индикатор жұмысының ашықтығы әртүрлі,бейімдеушілік жарық және приборлар шкаласының жарығы – осының бәрі көруді шаршатады. Көрудегі шаршаулықта бас ауырады, ұйқышылдық, көру сигналының шашыраңқылық контуры (көру сезімталдығының анықтығы төмендейді), аурулық сезім көздің талуы, көзден су ағу және көз ұясынан шығуы белгілері болады. Көз шаршауының профилактикасына, еңбек тәртібі және демалу,жарықтың рационалды жабдықталуы экранмен жекелік жұмыс, тамақ рационында құрамында витаминнің болуы және жетіспеушіліктердің орнының толуы кіреді. Қараңғылыққа сақталуында бейімділікке арматуралық жарық бергіште жарықта ұзақ толқынды 613ммк мен өтетін қызыл шыныны қолдану қараңғылық бейімділікті бұзбайды немесе қызыл шынылы көзілдірікті қолданады.

Дұрыс ұ й ы м д а с т ы р ы л ғ а н   е ң б  е к, ауыспалы жұмыс кезінде нервтік-психикалық жүктікте айырмасы бар, ол РЛС-ғы мамандардың жауынгерлік қабілеттілікті сақтауда үлкен маңызы бар. Кезекшілік жұмыста экранмен 6 сағ істейтіндерде 10 минуттық демалыс, әр 2 сағатта үзіліс жасау рационалды жұмыс болады. Қалған уақыттарда(шамамен 2 сағ) операторға басқа лайықты жұмыс тапсырылады.

Осы материалдарды оқыту барысында Гигиеналық талаптарды біле тұра, РЛС-ғы жұмыстың берілуі дәрігер, инженерлермен сәулелену нормаларының аймағын анықтап, өте жақсы болатындай жағдайды таңдау, қажетті ережелерді білу зерттеушілерге үлкен міндет жүктейді.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1    Алексеев С.В., Пивоваров Ю.П. Экология человека. — М.: ГОУ ВУНМЦ М3 РФ, 2001.

2    Барсуков О.А., Барсуков К.А. Радиационная экология. — М.: Научный мир, 2003.

3       Максимов М.Т., Оджагов Г.О. Радиоактивные загрязнения и их измере­ния. — М.: «Энергоагомиздат», 1989.

4       Нормы радиационной безопасности (НРБ-99). – М.: Госкомсанэпиднадзор РФ, 1999.

 

 

 

 

 

А.Жаханов, Қ.Қ.Тоғызбаева, Л.Б.Сейдуанова

Гигиена труда в радиолакционных станциях

Резюме: Гигиена труда в радиолакционных станциях в  настоящее время одна из актуальных проблем современности, а это связана с нормой и правильной выполнении режима радиационной безопасности.

A. Zhakhanov, K.K. Togusbaeva, L.B. Seydunova

 

Resume: Occupational health in radar stations now one of actual problems of the present, and it is connected with norm and the correct performance of a mode of radiation safety

 

 

РАДИОЛОКАЦИЯЛЫҚ СТАНЦИЯЛАРДАҒЫ ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ