АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИД

27 Sep 2013

УДК 159.9:616.89:616-051

 

Н.З. Зарубекова, А. Балабекова, Н. Усипова

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

 

 

Мақалада Алматы қаласы бойынша суицидтік әрекетпен науқастар шақыртуларына талдау жасалған. Суицид жасауға алып келетін себептер, оларды шешу жолдары қарастырылған. Суицидтік әрекеттер бойынша шақырту жиілігі, түрлері, зардап шегушілер арасындағы өлімшілдік берілген.    

Түйінді сөздер: суицд, жасөспірімдер, жедел жәрдем шақыртулары

 

Суицид және аутоагрессивті тәртіп мәселесі қазіргі заманның аса маңызды мәселелерінің бірі. Статистика бойынша жер шарында 600 мың адам жыл сайын өзіне –өзі қол жұмсайды. Соңғы онжылдықта жастардың арасындағы өзін-өзі өлтіру 3 есеге өсті. Суицидтің  негізгі   себептері: ата-анасымен және өзімен жасты баларлармен қақтығыс, жауапсыз махаббат, болашақтың алдында қорқыныш сезімі, жалғыздық. Жыл сайын әрбір он екінші жасөспірім 15-19 жас аралығында өзін-өзі өлтіруге әрекет жасайды. Ресейде жастар арасындағы суицид көрсеткіші 100 мыңның 20 % құрайды, бұл әлемдік көрсеткіштен орташа есеппен 2,7 есе жоғары.

Қазақстан суицидтер санынан алғашқы орында. Әлемде орташа алынған мәліметтер  бойынша 9-шы орында. Жылына жержүзінде миллионға жуық адам өз- өзіне қол жұмсаса, оның сегіз мыңы – қазақстандықтар және олардың көпшілігі еңбекке қабілетті жаста.

Біздің  зерттеуіміздің мақсаты суицидтік әрекетпен науқастар шақыртуларына талдау жасау.

Зерттеу материалдары және әдістері: Зерттеу үшін тұрғындардың  суицидтік мақсатпен жасалған әр-түрлі әрекеттеріне байланысты жедел медициналық жәрдемді  шақыртуларына  (№ 1107 –у есептік нұсқасы бойынша )   2011-2012 жылдарға  863 шақырту карталарына клинико-статистикалық талдау жасалды.

Науқастардың жасы, жынысы, шақырту себебі, суицидтік әрекеттің сипаты, жедел жәрдем көрсету ерекшелігі, шақырту нәтижесі, ауруханаға дейінгі сатыда суицид себебінен өлімшілдік бағаланды.  Барлығы 197 шақырту болды, суицидтік әрекет жасаған науқастардың жасы  13-пен 20 жас аралығындағы жасөспірімдер.

Нәтижесі:  Зерттеуіміздің нәтижесі бойынша суицидтік мақсатпен жасалған шақыртулар жиілігі келесі кестеде көрсетілген

Кесте 1 — Суицидтік әрекет бойынша шақыртулардың талдауы

Жылдар Барлық шақыртулар

Жалпы суицидтік әрекеттер

Жастар арасындағы суицидтік әрекеттер

абс

%

абс

%

2011 жыл 671915 1203

0,18%

714

59,4%

2012 жыл 726743 1982

0,27%

1433

72,3%

Барлығы 1398658 3185

0,22%

2147

67,4%

 

Кестеде көріп отырғандай  барлық шақыртулардың ішінде жалпы суицидтік әрекеттер

0,22 %  құраса, ал жастардың арасындағы суицид 67,4% құрап отыр. Ал жастар арасындағы суицид бойынша шақырту лар 2011 жылға қарағанда  2012 жылы 12,9% — ға көбейген.

Сонымен қатар суицид бойынша шақыртуларды жыл мезгіліне байланысты талдадық. Суицидтік мақсатпен өз-өзіне қол жұмсаудың  63%  жаз және көктем айларына келеді. Мұның себебі табиғаттың құлпырып, айналаның барлығы өзгеріп жатқандығының айқын көрінуі, бірақ жасөспірімдер өмірі мен ішкі дүниесіндегі  өзгерістің болмауы  болып табылады. Тағы бір себебі депрессия, әр-түрлі мәліметтер бойынша 70% дейін депрессивті науқастарда суицид болатыны анықталған.

Жалпы алғанда 2147 суицидтік әрекеттермен шақыртулардың түрі бойынша  науқастарды бөлдік.    Оның ішінде ең жоғарғы орында тұрған дәрілік заттармен улану болды.

 

 

Суреттен көріп отырғандай суицидтік әрекеттердің  38%  дәрілік улану болып табылады, ал одан кейінгі орында жастардың арасындағы асылу 25% құрады. Сонымен қатар кейінгі жылдары өз-өзіне пышақ салу да көбейіп отыр.

Келесі  кезекте суицидтік әрекетке алып келетін себептерді  талдадық. Оның ішінде 38 % — белгісіз себептермен, жауапсыз маххабат — 32%,  үй ішіндегі түсініспеушілік — 19 %,  жасаған қателігі үшін жазадан қорқу — 7%,     ақшадан тарығу — 4% және 2 %  — өмірден жалығу екені анықталды. Бұл барлық қазақстандық  балаларға тәрбиелік мәні бар әр-түрлі үйірмелерге, спорттық секцияларға, бассейндерге баруға мүмкіндігі болмауы, мектептегі психолог-педагог  мамандардың   дайындығы нашар болуы, балалар суицидіне қарсы мемлекеттік бағдарламалар жоқтығы   себебіне байланысты дамып отыр. Осы мәселерді шешу үшін мемлекет тарапынан, балаларды  қорғау, жастар саясаты сияқты әр-түрлі  ұйымдардың бірігіп жастар мен балалар суицидінің алдын алу мәселесін қарасытру қажет. Бірақ бұған тек мемлекет тарапынан алдын-алу шаралары жасалса нәтиже болмайды, оған жан-жақты суицидке қарсы жұмыс жасалуы қажет, яғни мектептегі мұғалімдер, психолог мамандар, ата-анасы сонда ғана тиімді жұмыс жасалады. Кейбір психологтардың айтуы бойынша  психологтар жасөспірімдермен бірге ата-аналарымен де жұмыс жасауы қажет, ол ата-аналарының балаларын жақсы түсініп, балада болған стресстік жағдай кезінде  дұрыс көмек көрсете білуді үйретеді.

Біздің мемлекетімізде жастарға арналған сенім телефондары, 200-ге жуық қоғамдық қабылдау орындары, 10 — нан астам күйзеліс орталықтары бар. Бірақ жасөспірімдер бұл орталықтар туралы көбірек білуі, психологиялық кеңес, моральдық көмек алу үшін әлі де жан-жақты жұмыс жасалуы қажет деп ойлаймыз.

 

Н.З. Зарубекова, А. Балабекова, Н. Усипова

СУИЦИД СРЕДИ МОЛОДЕЖИ ПО ГОРОДУ АЛМАТЫ

Резюме: В статье проведен анализ вызовов по поводу суицидных попыток по городу Алматы. Приведены основные причины суицида, пути устранения. Даны частота вызовов, виды суицидальных попыток, смертность среди молодежи.

 

 

 

N.C. Zarubekova, A. Balabekova, N.Usipova

YOUTH SUICIDE CITY ALMATY

Resume: The article analyzes the challenges regarding suicide attempts in the city of Almaty. The main causes of suicide, ways to address. Given the frequency of calls, types of suicide attempts, death rate among young people.

 

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИД

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ