САФЛОР ЭКСТРАКТЫ ҚОСЫЛҒАН ЕМДІК-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ПАСТАНЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАМЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ

31 May 2013

УДК: 615.014.22: 616.314.17-08

 

А.Н.БИНАЗАРОВА, У.М.ДАТХАЕВ, Қ.Қ.ҚОЖАНОВА

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті

 

 

Теориялық және эксперименталдық тұрғыдан паста құрамы мен технологиясы ғылыми негізделіп, олардың фармацевтикалық тиімділігі зерттелді.

Кілт сөздер: технология, сафлор экстракты, емдік-профилактикалық паста, пародонт

 

Тіс пасталары ауыз қуысының жеке гигиенасының қазіргі замандағы негізгі құралына жатады.

Тіс пасталары әсер ету механизміне байланысты екі топқа бөлінеді:

— гигиеналық тіс пасталары;

— емдеу-профилактикалық тіс пасталары.

Емдік-профилактикалық пасталардың құрамына биологиялық белсенді қосындылар: дәрумендер, экстракттар, дәрілік өсімдіктердің тұнбалары, микроэлементтер, тұздар, ферменттер кіреді [1,2].

Өсімдік препараттарынан тұратын қабынуға қарсы тіс пасталарын пародонт ауруы мен ауыз қуысының сілемейлі қабығын кешенді емдеуде қолдануға кеңес береді. Олар пародонт пен ауыз қуысының сілемейлі қабықшасына жағымды әсер етеді: қабынуға қарсы әсер көрсетеді, алмасу процестерін жақсартады, тіс иегінің қанауының тоқтауына әсер етеді [3,4].

Қазіргі уақытта пасталарды жасау теориясы мен практикасына негізделген емдік және профилактикалық пастарлардың саны мен құрамын көбейту өте қажет. Содықтан мына үш жағдайды қарастырып өткен дұрыс:

Біріншісі гель ретінде қолданылатын құрамтүзушілерді қарстыру.

Екіншісі пасталардың емдік профилактикалық қасиетін құру.

Үшіншісі тіс пасталары түрлеріне арнайы және емдік профилактикалық спектрлі әсердегі пасталарды көбейту.

Пародонт қабыну ауруларына құрамында қабынуға қарсы заттар кіретін тіс пасталары қолданылады. Ғылыми жұмыста аталған қабынуды емдеуге арналған пасталарды жасау мақсатында қабынуға қарсы әсері бар өсімдік экстрактары зерттеуге алынды және дәрілік қалып технологиялық параметрлері бойынша сыналды.

Емдік-профилактикалық пастаның оптимальды құрамын таңдау үшін бірнеше өсімдік экстракттарына әдеби және олардың негізінде құрамдастырылған  пасталарға маркетингтік  шолулар жасалды. Осыдан кейін бұрын паста құрамында кездеспеген сафлора өсімдігінің экстракты алынды. Композициялар ингредиенттерін құрастыруда келесі фармацевтикалық факторлардың: әсер етуші заттың мөлшері, негіз табиғаты мен мөлшері, паста массасының біркелкілігі, рН ортасы, паста өндірісінде қолданылатын технологиялық операциялар мен аппаратуралар әсерлері, сонымен қатар in vitro олардың биологиялық тиімділігі есепке алынды. Осы аталған факторлардың барлығы паста негіздерінен белсенді заттардың босап шығуы, сонымен қатар оның толықтығы мен сіңірлу жылдамдығына айтарлықтай әсер етеді [5].

Жоғарыда аталғандардан басқа да бірқатар қасиеттерді ескере отырып,паста құрамына жалбыз майын антисептикалық зат ретінде енгізілді.Жалбыз майы 1,5 % мөлшерінде енгізу пастаға антисептикалық қасиет, жағымды иіс және сергіту әсерін береді.

Паста құрамына қосылатын басқа да ингредиенттердің атқаратын қызметтерін  сипаттайтын болсақ төмендегідей мәліметтерді атауға болады.

Глицирин 15-20 % мөлшерінде енгізу пастаға эластикалық қасиет береді және құрғаудан сақтайды. Оны 15%-дан кем қосса паста массасы тез қоюланып, құрғап кетеді, ал 25%-дан көп қосса сұйылып кетеді. Глицирин пастаның дәмін жақсартады, сонымен қатар, пастамен тісті тазалағанда түзілетін көпіршіктің тұрақтылығын жоғарлатады.

Кальций карбонаты 20-40% мөлшерінде тазалаушы және жылтырлаушы зат ретінде енгізіледі. Кальций карбонатын 20 %-дан кем қосса, натрий карбоксиметил целлюлозаның аз мөлшерімен паста сұйық консистенциялы болады, ал аталған мөлшерден жоғары болса масса тығыз болады.

Кальций глицерофосфаты 2% пародонтоз ауруларында болатын дентиннің жүйелік гиперстезиясында өте жақсы емдік қасиеті бар. Сондай-ақ, кариеске қарсы да әсер көрсетеді.

Натрий карбоксиметилцеллюлоза 1- 3%  гель түзуші зат ретінде қолданылады. Кальций карбонатымен бірге пастаның тұрақтылығы мен консистенциясына көп үлес қосады.

Натрий лаурилсульфаты 1,5- 3% кальций карбонаты қатты бөлшектерінің дисперсиялануына ықпал жасайтын беткейлі активті зат. Оның сусыздандырушы және көпіршік түзуші қасиеттері бар[4].

Жоғарыда аталған ингредиенттерді сараптай келе, паста құрамының 5 моделі алынды. Онда көмекші заттар құрамы мен концентрациясы өзгермейді, ал әсер етуші зат концентрациясына қабынуға қарсы қасиетінің тиімділігіне қарай таңдау жасалынды  (1-кесте).

 

1 Кесте – Пасталар құрамы

модельдер

паста

құрамы

1 (г)

2 (г)

3 (г)

4 (г)

5 (г)

Сафлор экстрактісі

0.5

1.0

1.5

2.0

2.5

Кальций карбонаты

40.0

40.0

40.0

40.0

40.0

Кальций глицерофосфаты

4.0

4.0

4.0

4.0

4.0

Глицерин

20.0

20.0

20.0

20.0

20.0

Натрий КМЦ

3.0

3.0

3.0

3.0

3.0

Натрий лаурилсульфаты

3.0

3.0

3.0

3.0

3.0

Жалбыз майы

1.5

1.5

1.5

1.5

1.5

Тазартылған су

100.0-ге дейін

100.0-ге дейін

100.0-ге дейін

100.0-ге дейін

100.0-ге дейін

 

Жүргізілген технологиялық және микробиологиялық зерттеулер негізінде жасалған 5 моделінің ішінен «Сафлордент» пастасының келесі құрамдағы жазылымы таңдап алынды.

Әсер етуші заттар

Сафлор экстракты                      1.5

Көмекші заттар 

Кальций карбонаты

 40.0

 
   Кальций глицерофосфаты

4.0

 
Глицерин

20.0

 
Натрий КМЦ            3.0
Натрий лаурилсульфаты        3.0
Жалбыз майы       1.5
Тазартылған су

100.0-ге дейін

 

Жоғарыда айтылған негіздемелер мен кұрамы бойынша пасталардың технологиясы олардың құрамына кіретін ингредиенттерінің сыйымдылығы және физика-химиялық қасиеттеріне байланысты таңдалды.

Технологиясы және физика-химиялық қасиеттері бойынша 3 модель тандап алынды.

Технологиялық процесті сипаттау пасталардың лабораториялық сынамасын жасау кезінде технологиялық сызбанұсқа бойынша көрсетілді (сызбанұсқа 1)

 

КЖ 1

Көмекші заттар

Бөлмені, қондырғыларды, персоналды даярлау

Шикізаты дайындау

(өлшеу, елеу)

 

КЖ1.3

 

КЖ.1.1

 

КЖ1.2

 

Көмекшізаттар мен материалдардыдайындау

ТП 1.1

 

Глицерин мен Na-КМЦ-ныараластыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізді даярлау

ТП 1

Бх,Бт, Бмбт

ТП 1.2

 

Na-КМЦ-ның глицириндіерітіндісін және суды араластыру

 

 

 

ТП 2

Бх, Бт

 

Пастаны даярлау

Стандарттау

ҚМБ1

Бх, Бт, БмБт

Қаптау, орамдау, маркілеу

ҚМБ1.1

 

Қаптау

ТП 2.1

 

Қатты дәрілік заттарды енгізу

ТП 2.2

 

Майлар мен экстрактар-ды  негізге енгізу

ТП 2.3

 

Толықтырғышты енгізу

ТП 2.4

 

Натрий лаурил-сульфатыненгізу

ҚМБ1.2

 

Орамдау

ҚМБ1.3

 

Маркілеу

Дайын өнім

Қойма

Гомогендеу

ТП 2.5

 

1-сызбанұсқа – Пасталардың өндіріс технологиясының сызбасы

 

Пасталарды өндірудің технологиялық сызбасын сипаттау.І. КЖ- І  Қосымша заттарды, бөлмені, жабдықтарды, шикізаттарды дайындау жалпы ережелерге сәйкес жүргізіледі.

ІІ. ТП-1 Негізді дайындау.

ТП- 1.1 Натрий-КМЦ ның глициринді ерітіндісін дайындау.

Ыдысқа № 1 өлшегіштен насос көмегімен глициринді құйылып, үстіне натрий-КМЦ- ны салып, біркелкі масса алғанша 40 минут араластырылды.

ТП- 1.2  Натрий-КМЦ -ның сулы глицеринді ерітіндісін даярлау.

Біркелкі масса алғаннан кейін ыдысқа № 2 өлшеуіш көмегімен тазартылған су құйып, гель түзгенше 3 сағат аралығында араластырылды.

ТП- 2Паста массасын дайындау.

ТП- 2.1  Қатты дәрілік заттарды негізге енгізу.

Іске қосылған араластырғышы бар реакторға дайындалған натрий-КМЦ -ның сулы глицеринді ерітіндісін ауыстырып, үстіне кальций глицерофосфаты ұнтақтарын салынды, біркелкі суспензия алғанша араластыру жалғастырылды.

ТП- 2.2 Жалбыз майын қосу.

Алынған массаға жалбыз майын қосып, массаны 45 минут аралығында араластырады.

ТП- 2.3 Кальций карбонатын енгізу.

Реактордағы массаға 1 сағат аралығында химиялық тұндырылған кальций карбонатын есептелген мөлшері бойынша қосылды.

ТП- 2.4 Натрий лаурилсульфатын енгізу.

Пастаға көпіргіштік қасиет беру үшін натрий лаурилсульфатын араластыра отырып қосады. Кейін тағы 5 минут бойы араластырылды.

ТП- 2.5 Гомогендеу.Дәрілік заттар мен толықтырғыштың гель түзуші заттар ерітіндісінде алынған суспензиясы коллоидті диірмен арқылы гомогенді масса алғанша өткізілді.

Стандарттау. Гомогенді пастаның сапалық және сандық талдауы құрамындағы ингредиенттерге байланысты жүргізіледі. Қалған параметрлері мемлекеттік стандартқа (МемСТ 7983-99 “Тіс пасталары”) сәйкес тексерілді.

ҚМБ.1. Қаптау, орау маркілеу.

Пасталарды сапалық сынаудан кейін арнайы құтыларға толыру үшін арналған жабдыққа салынды. Автоматтандырылған құты толтырғышта паста массасы құтының астынғы жағынан салынып, оралды.

Қорыта айтқанда, жоғарыда мазмұндалған технологиялық процестің технологиялық және  аппаратуралық сызбалары жасалынды, осы дәрілік құралдың өндірісінде қарастырылатын маңызды бақылау нүктелері анықталды тұжырымдауға болады. Тәжірибелік-өндірістік жағдайда сынаудан өткізілген препарат құрамының үш сериядағы үлгісіне — «Сафлордент» пастасы өндірісіне тәжірибелік-өндірістік регламент құрастырылды. Теориялық және экспериментальдық тұрғыдан паста құрамы мен технологиясы ғылыми негізделіп, олардың фармацевтикалық тиімділігі зерттелді.

ӘДЕБИЕТТЕР тізімі

1       Гигиена полости рта: учеб[текст]; мет.пос./Ж.Г. Муравянникова, Ростов Деникс, 2007. – 126 с.

2       Гигиена полости рта при заболеваниях пародонта/ С.Б. Улитовский// Новое в стомотологии. – 2006. — №7. – 78 c.

3       Зазулевская Л.Я., Практическая пародонтология. – Алматы: Верена. – 348 с.

4       Смагулова Е.Н., Обоснование к применению лечебно-профилактической пасты на основе живицы сосновой в комплексном леченииболезни пародонта: автореф.канд.мед. наук 14.00.21. – Алматы: 2002. — 21с

5       ГОСТ 7983-99 «Пасты зубные»

 

А.Н. БИНАЗАРОВА, У.М. ДАТХАЕВ, К.К. КОЖАНОВА

РАЗРАБОТКА ОПТИМАЛЬНОГО СОСТАВА И ТЕХНОЛОГИИ ПРОИЗВОДСТВА ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ

ПАСТЫ НА ОСНОВЕ ЭКСТРАКТА САФЛОРЫ

 

Резюме: Согласно научной работе научно обосновался  теоритический и экспериментальный подход состава и технологии пасты и исследовалась  фармацевтическая эффективность.

Ключевые слова: технология, экстракт сафлора, лечебно-профилактическая паста, пародонт.

 

 

A.N. BINAZAROVA, U.M. DATKHAYEV, K.K. KOZHANOVA

DEVELOPMENT OF THE OPTIMAL AND MANUFACTURING MEDICAL PROPHYLACTIC

PASTES BASED ON EXTRACTS OF SAFFLOWER

 

Resume: According to the scientific research settled just a theoretical and experimental approach of composition and technology of pasta and investigated the effectiveness of pharmaceuticals.

Keywords: technology, safflower extract, medical-prophylactic paste, periodontium.

 

               

САФЛОР ЭКСТРАКТЫ ҚОСЫЛҒАН ЕМДІК-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ПАСТАНЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАМЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ