«КАСПИЙ» ЖШС ТҰЩЫЛАНДЫРУ ЗАУЫТЫНДА ӨНДІРІЛЕТІН АУЫЗ СУ САПАСЫН ҚАУІП-ҚАТЕРДІ БАҒАЛАУ ӘДІСНАМАСЫ АРҚЫЛЫ ТАЛДАУ

31 May 2013

удк 613.31-65.011.46

 

Ү.И. Кенсариев, А.Т. Досмұхаметов, Н.Е.Алимова,

Ж.Б. Бейсенбинова, А.М. Оразымбетова

С.Д. Асфендияров атындағы  Казақ Ұлттық медицина университеті

 

 

Бұл мақалада отанымыздың ауыз су өндірісінде халықаралық деңгейде танылған қауіп-қатер әдіснамасын алғаш рет қолданылған жұмыстың зерттеу нәтижесімен көрсетілуде. Бұған орай қауіп-қатер әдіснамасы негізінде интегралдық бағалау жүйесі арқылы судың барлық химиялық көрсеткіші біріктіріліп толық бағалануда.

Кілт сөздер: ауыз су; канцерогендік емес қауіп-қатер, интегралдық бағалау әдісі

 

Кіріспе. Соңғы жылдары жалпыға танымал қауіп-қатерді талдау әдіснамасына негізделген  халық денсаулығына қоршаған орта факторларының әсерінің қауіп-қатерін бағалаудың және басқарудың заманауи технологияларын ұтымды пайдалану өзекті болып отыр [1, 2]. Бұл барлық әлемде кең таралған жаңа ғылыми бағыт [3]. Оның негізі нақты жағдайда да және де модельдеу жағдайында да қандай да бір жергілікті жер үшін қауіптілік туралы ақпарат алу үшін де және осының негізінде экспозиция деңгейін және қауіп-қатерді  төмендету және жоюдың тиімді басқару шешімдерін қабылдау оның негізгі пайдалануы болып табылады [4].

«Доза-жауапқа» байланысты бағалау кезінде ЕРА (АҚШ) әдістемесі саналады, қандай да бір канцерогендік заттардың әсерінен зиянды әсерлер пайда болады, яғни олар үшін әсер ету табалдырығы жоқ, ал канцерогенді емес заттар үшін табалдырық деңгейі бар [5]. Оның өзінде де ШРЕК табалдырық қағидасы барлық қолайсыз әсерлерге қатысты және нормативтік деңгейді сақтау қарзіргі кезде және болшақтағы ұрпақ үшін абсолютті қауіптілікті қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде және санитарлық қызмет тәжірибесінде және гигиеналық зерттеулерде қоршаған орта сапасын бағалауда қабылданған нормативті мөлшерлермен салыстыру негізіне сүйене отырып (ШРЕК, ЗШҚД  және т.б.), «сәйкес» және «сәйкес емес» қағидасының негізінде іске асырылады. Бұл Отандық норматив бойынша  (ШРЕК) деңгейінде қауіп-қатер нөлге теңелген, ол абсолютті қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек.  Қазіргі күні мұндай жорамалға қарсы, себебі абсолютті қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкін емес, және қол жетімді (рұқсат етілген) қауіп-қатер концепциясын ұсынады, яғни қоғам қазіргі таңда осындай қауіпсіздікке талпынады [6].

ЕРА (АҚШ) жүйесінде химиялық заттарды нормалаудың негізгі әдістемелік қағидаларын ескеріп, канцерогенді және канцерогенді емес әсерлерге қауіп-қатерді есептеуді және сипаттауды екі бөлек жүргізеді [5]. Химиялық қауіпсіздік көрсеткіші бойынша ауыз суын интегральді бағалау кезінде ольфакторлы-рефлекторлық, санитариялық-токсикологиялық және канцерогенді әсердегі химиялық заттар әсерінің ерекшеліктерін ескеру қажет. Бұл жүргізудің біріздендірілген ретті және алгоритмді өңдеуді талап етеді [7].

Қазақстан Республикасында халық денсаулығы үшін қоршаған ортаның,  соның ішінде ауыз суындағы химиялық заттар әсерінен болатын қауіп-қатерді бағалаудың жалпы әдістемесі өңделмеген, біздер Ресей Федерациясының әдістемелік нұсқауын пайдаландық [7].

1997 ж. Ресей территориясында қауіп-қатер талдау әдістемесі табысты апробацияланды және оны енгізудің болашағының ұшқырлығы көрсетілген. Соңғы жылдары ресей зерттеушілерінің тәжірибесін талдағанда, қауіп-қатер талдау әдістемесін пайдалану нарықтық экономика жағдайында халық денсаулығын қорғауда қоршаған орта сапасын басқару істерінде бірқатар ауқымды артықшылықтарын берді. Сонымен қатар осы қауіп-қатер әдістемесі халық денсаулығы үшін гигиеналық қауіпсіздік жүйесін құрудың негізін құрады. Бірақ осы жәйттарды ескере отырып зерттеушілер қауіп-қатерді бағалау жүйесін енгізу жұмыстарын жергілікті жерлерге бейімдей отырып іске асыру қажеттілігін нақты көрсетті. Сондықтан біз 20000 тәулігіне/м3 өндіретін ЖШС «Каспий» тұщылау зауыты мысалында кері осмос әдісімен тұщыланған теңіз суы сапасын бағалауда осы әдісті апробацияладық.

Теңіз суын тазарту технологиясы ҚР аумағында кеңінен пайдаланылуда. Мысалы, Актау қаласында дистилляциялық тұщылау қондырғысы (ЖШС «МАЭК-Казатомпром) жұмыс істеп тұр және кері осмос технологиясы негізінде жұмыс істейтін «Каспий» тұщылау зауыты қосымша құрылып эксплуатацияға берілген (2005 ж.). Бұндай технология суға қажеттілігі артып отырған осы аймақ үшін жағдайында экономикалық жағынан біршама ұтқыр болып отыр.

Каспий теңізінің техногендік ластануының экологиялық мәселелері бүгінгі таңда туындаған жоқ, бірақ қоғам, көптеген ғалымдар және мамандар тек қазір ғана бай-балам салып жатыр. Қазіргі кезде каспий теңізінің антропогенді ластануының негізгі үш жолмен іске асатыны анықталды: теңізде және жағажайда мұнай өндірудің нәтижесі ретінде, су көлігімен жүк тасумен байланысты (мұнай және мұнайөнімдері және т.б.)  теңізге құятын өзен ағымдарының улы заттармен ластануы.

Айтылған жәйттарды ескерсек ҚР каспий аймағындағы жақын аймақтарда осы нысанды сумен қамтамасыз ету пайдаланылуының  жарамсыздығына әкелуі мүмкіндігін тудырады.

Көрсетілген мәселені шешу үшін нақты жағдайда теңіз суын судаярлау технологиясында арнайы модернизация жүргізуді талап етеді. Су құбыр жүйесінің қандайда бір ұтымды реконструкциясын және модернизациясын таңдау, берілген ауыз суының халық денсаулығына тигізетін қауіп-қатерін бағалауға бағытталуы керек.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, «Каспий» тұщылау зауыты өндіретін ауыз суында бар химиялық заттар әсерінің халық денсаулығына қауіп-қатерін бағалау үшін осы зерттеуді жүргізу жоспарланды.

Осыған орай, осы жұмыстың негізгі мақсаты болып «Каспий» тұщылау зауыты өндіретін ауыз суының химиялық қауіпсіздік көрсеткіші бойынша халық денсаулығы үшін экспозицияны және интегральді қауіп-қатерді бағалау табылады.

Жұмыстың негізгі міндеттері:

  1. Зерттелетін аудандағы (аймақтағы) ауыз суында бар химиялық заттардың қауіпітілігіне идентификация жүргізу және ұтымды заттарды анықтау.
  2. Анықталған ұтымды заттар әсері кезіндегі мүмкін болатын зиянды әсер себеп салдарлық байланысын анықтау.
  3. Адам ағзасына ауыз суымен түсетін ұтымды химиялық заттар күтілетін сандық түсуін анықтау.
  4. Экспозициялық жүктемеге жауап ретінде, және де қауіп-қатердің қол жетімді халықаралық критерийерін салыстыра отырып  алынған қауіп-қатер мөлшерін  бағалау үшін халық денсаулығына күтілетін қолайсыз әсерлерді бағалаудың қауіп-қатерін сипаттау.
  5. Алынған бағалардың беймәлімділігін талдау.

Материалдар мен әдістер

ҚР аумағындағы ауыз суының құрамындағы  химиялық заттардың  халық денсаулығын әсерінен болатын қауіп-қатерді бағалауды біріздендіру, ғылыми негізделген көзқарасты қамтамасыз ету үшін жүргізудің біріздендірілген ретін және оны алгоритмін өңдеу қажет. Себебі республикада ауыз суының құрамындағы  химиялық заттардың  халық денсаулығына қауіп-қатерін бағалаудың жалпы әдістемесі өңделмеген. Осыған орай, біз Рессей Федерациясында еңгізілген практикалық нұсқауын қолдандық (Р — 2.1.10.1920-04) [5].

Қауіптілікті идентификациялау кезеңінде зерттелетін аудандағы ауыз суында бар химиялық заттар анықталды.

Қауіптілікті идентификациялау кезеңінде «Каспий» тұщылау зауыты өндіретін судағы канцерогенді заттар анықталмады.

Канцерогенді қауіп-қатері жоқ заттарды ранжирлеу үшін референттік дозаға (TW) немесе концентрацияға (RfC) негізделген (Р — 2.1.10.1920-04) салмақтық коэффициенттер пайдаланылды. Салыстырмалы канцерогенді емес қауіп-қатер қауіптілігінің индексін анықтау төмендегі формулада көрсетілген:

 

HRI = E*TW*P/10000,

онда: HRI — Салыстырмалы канцерогенді емес қауіп-қатер қауіптілігінің индексі;

TW – денсаулыққа әсер ететін салмақтық  коэффициент;

P* — популяция саны;

E** — шартты экспозиция мәні (орташа тәуліктік доза есебі алынады).

 

Осыған байланысты факторлар әсеріне ұшыраған популяция (Ақтау қаласы) біртұтас қарастырылғанда, HRI и HRIc есептегенде Р/ 10 000 көрсеткіштер есепке алынбады.

Жоғарыда көрсетілген формулаға сәйкес зерттелетін заттар рангын анықтағаннан кейін қауіптілікті идентификациялау кезеңінде ұтымды заттар рангтық орындары анықталды.

Қауіп-қатерді сипаттаған кезде келесі алгоритм іс-әрекеті ұсынылды: 1- ольфакторлы-рефлекторлық әсер қауіп-қатерді бағалау; 2- канцерогенді әсерді бағалау (табалдырықсыз модель); 3 – интегральді қауіп-қатерді бағалау (әсерлерді қосындылау).  Қауіп-қатер мәнінің әр кезеңінде оларды қол жетімді деңгейлермен салыстыра отырып бағаланды. Ауыз суындағы органолептикалық және канцерогенді қауіп-қатердің табалдырықсыз моделдерді есептеулердің стандартты формулалары  әдістемелік нұсқауларда көрсетілген [7].

Нәтижелер және талдау

Сонымен біз қауіп-қатерді бағалау әдістемесін пайдалана отырып химиялық қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша ЖШС «Каспий тұщылау зауытының» өндіретін ауыз суының сапасын бағаладық.  Жоғарыда айтып өткендей қазіргі кезде Каспий теңізінің мұнай өнімдерімен антропогенді ластануы бірқатар елдердің көпшілігінің  көңілін бөлдіріп отыр.

Каспий теңізінің теңіз суындағы химиялық ингредиенттер құрамының талдауы 2006 ж. теңіз суындағы мұнай өнімдерінің жоғары концентрациясын, ал қалған бақыланған жылдарда деңгей рұқсат етілген нормада болды.   Сонымен қатар, «Каспий» зауыты пайдаланатын селективті мембрана 99,5% құрады, ол бастапқы суда тіпті мұнай өнімдерінің 3 мг/л болғанның өзінде де толық тазалауды қамтамасыз етеді.

Теңіз суын өңдеу технологиясында (Каспий теңізі) пайдаланылады: коагуляция және флокуляциялы суды сүзіп тазалау, керіосмостық тұщылау және тұщы су құрамын физикалық-химиялық түзету.

Қауіптілікті индентификациялау кезеңі. Бастапқы суда бекітілген 19 химиялық қосылыс ранжирленді. Анықталған 11 қол жетімді химиялық заттардың бастысы болып теңіз суына тән құрғақ қалдық, хлоридтер және сульфаттар табылады.

«Доза (концентрация) – жауапқа» байланысты бағалау кезеңіне байланысты ұтымды ингредиенттер ішінде белгілі концентрацияда жүйке жүйесіне, қанайналым жүйесіне, ас-қорыту жолдарына, бүйрекке және тіс тініне, репродуктивті жүйеге қолайсыз әсер ететін заттар бар екені тағайындалды.   Олардың канцерогенді әсері жоқ.

Экспозицияны бағалау кезеңінде келесі сценарий әсері тапсырылды; Ақтау қ. және жақын маңда орналасқан тұрғылықты жерлерді ЖШС«Каспий тұщылау зауыты» кәсіпорыны өндіретін орталықтандырылған ауыз суымен қамтамасыз ету.

«Қауіп-қатерді сипаттау» кезеңінде алғашында негізгі органолептикалық көрсеткіштері және ауыз суының органолептикалық қасиетіне әсер ететін заттар бойынша рефлекторлы-ольфакторлық әсер дамуының қауіп-қатері бағаланды.

Органолептикалық қауіп-қатер есебінің нәтижелері 1 кестеде ұсынылған.

 

1 кесте — Ауыз суындағы рефлекторлық-ольфакторлық әсер дамуының қауіп-қатерін бағалау

Талданатын критерийлер Маңызы ШРЕК нормативі Prob <*> Қауіп-қатер
20 ⁰С-тағы иіс

0

2

0

20 ⁰С-тағы дәмі

0

2

0

Түстілігі

0

20

-3,33

0

Лайлылығы

0

1,5

-3

0

Сутегі көрсеткіші

7,9

9

-3,1

0,001

Жалпы қатаңдығы

3

7

-3,22168

0,0007

Хлоридтер

41

350

-5,09186

0

Құрғақ қалдық

228

500

-3,13224

0,001

Бос қалдық хлор

0,08

0,5

-4,64232

0

Байланысқан қалдық хлор

0,06

1,2

-6,31942

0

Рефлекторлық-ольфакторлық әсердің қосынды қауіп-қатері

0,001

Рефлекторлық-ольфакторлық реакцияның қол жетімді маңызы

0,1

<*> Осы оқиғадағы халық денсаулығына өзі тудыратын қауіп-қатерге зиянды зат концентрациясынан өту үшін  Prob мәні аралық мән болып табылады.

 

Кесте мәліметтері көрсеткендей көптеген органолептикалық көрсеткіштерге қауіп-қатер есептелмеді, оның салдарынан ауыз суында олар табылмады. Хлор (қалдық және байланысқан) және хлоридтер көрсеткіштер қауіп-қатер мәні нөлге теңелген, себебі  (Prob) аралық мәні төмен шекте бекітілген.

Қосынды органолептикалық қауіп-қатерді бағалау әр затқа тән барлық топтар мәнін максимальді таңдаумен іске асты.  Бұндай тәсіл Вебер-Фехнер заңында жазылған және рефлекторлы реакцияларды түзетін адам рецепторларының реакцияларының ерекшеліктері туралы жалпы қалыптасқан көзқарастарға негізделген [6].

Органолептикалық қауіп-қатерді қосынды бағалау (рефлекторлық-ольфакторлық реакциялар) осы ауыз суын пайдаланғанда 0,001 құрды, ұтымды факторлар – құрғақ қалдық және сутегі көрсеткіші.

Ары қарай табалдырықсыз модель бойынша канцерогенсіз қауіп-қатер бағаланды. Осы модель ұтымды заттардың улы әсерінің ерекшелікетерімен байланысқан патологиялы халықтың сырқаттанушылығының күтілетін өсіміне бағытталған.

«Каспий» тұщылау зауытының ауыз суының ингредиентерінен канцерогенді емес қауіп-қатерін есептеу нәтижелері 2 кестеде көрсетілген.

 

 

2 кесте — Тарату торына түсер алдындағы тұщылау зауытының ауыз суындағы заттардың табалдырықсыз канцорегенді емес қауіп-қатер (Risk)  мәні

Көрсеткіштер атауы

ШРЕК

Фильтрлер-кондиционерлерден шыққанан кейінгі су

Камералық-сәулелік таратушыдан шыққанан кейінгі ағым

Заттар концентрациясы, мг/л

Risk

Заттар концентрациясы, мг/л

Risk

Сульфаттар

500

69

0,0024

6,05

0,0005

Хлоридтер

350

41

0,0020

30

0,0037

Фтор

1,5

0,24

0,0028

0,67

0,0001

Құрғақ қалдық

1000

228

0,0040

38,75

0,0014

Бос қалдық хлор

0,5

0,08

0,0028

10,07

0,0005

Байланысқан қалдық хлор

1,2

0,06

0,0009

1,01

0,0117

Созылмалы уланулар қол жетімді қауіп қатері

≤0,02

≤0,02

Табалдырықсыз канцерогенді емес қосынды қауіп-қатер

0,01476

0,046

Табалдырықсыз канцерогенді емес қосынды қауіп-қатер қол жетімді мөлшері ≤0,05   ≤0,05

 

2 кестеде көрсетілгендей жеке қарастырылатын заттар үшін табалдырықсыз канцерогенді емес қауіп-қатер қол жетімді деңгейден аспады, (0,02).

Табалдырықсыз канцерогенді емес қосынды қауіп-қатер ауыз суынан қол жетімді деңгейден (0,05) аспады және  0,046 құрады.

Осыған орай табалдырықсыз канцерогенді емес қауіп-қатер денсаулыққа таратушы торға түсетін ауыз суының сапасынан әр жеке заттар үшін де және олардың қосарласқан әсерінде де қол жетімді деңгейден аспады.

Себебі қауіп-қатерді сипаттау қауіп-қатерді бағалаудың қортынды  кезеңі болып табылады, біздер таратушы торға берілетін ауыз суының қауіп-қатеріне интегральді баға бердік (әсерлер қосындысы).

Ауыз суының сапасын бағалаған кезде интегральді қауіп-қатер есептеу нәтижелері 3 кестеде көрсетілген.

 

3 кесте — Ауыз суының интегральді көрсеткішін есептеу

         Қауіп-қатер

Қосынды бағалау бойынша мәні

Қол жетімді мәннің мөлшері

Қол жетімді мәннің қауіп-қатерге қатынасы

Рефлекторлық-ольфакторлық әсер қауіп-қатері

0,001

0,1

0,01

Канцерогенді емес қауіп-қатер

0,015

0,05

0,30

Канцерогенді қауіп-қатер

0

0,00001

0,0

Интегральді көрсеткіш

0,31

 

3 Кестеде көрсетілгендей рефлекторлық-ольфакторлық әсер қауіп-қатер дамуының қол жетімді мәнге қатынасы 0,01, ал қосынды       канцерогенді емес қауіп-қатер оның қол жетімді деңгейге қатынасы – 0,3 құрады.  Осы кездегі интегральді көрсеткіші 0,31 құрады, ол нормативті деңгейден аспады (ИП≤1).

Бұл барлық талданатын көрсеткіштер үшін қауіп-қатер қол жетімді деңгейден аспады және ауыз суын реттеу үшін қосымша шаралар қабылдауды талап етпеді.

Беймәлімдіктің сипаттамасы

Осы жұмыс бойынша қауіп-қатер талдау нәтижесін талдамас бұрын, оларда бар беймәлімдік дәрежесін  ескеру қажет.

Қазіргі кезде «Каспий» тұщыландыру зауыты эксплуатацияға жартылай енгізілген, яғни өндірілген су Актау қаласының тек коммунальдық қажеттілігін ғана қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған байланысты осы зерттелген жұмыс зерттеу барысында бар болған және алынған шектеулі мәліметерге  негізделген скринингтік зерттеу болып саналады.

Беймәлімдік «доза-тиімділікке» байланысты бағалау кезеңіндегі судың химиялық компоненті үшін ұсынылған мөлшерді тағайындаудың қиыншылығымен қамтамасыз етілген. Ғылыми мәліметтердің қол жетімділігі және сенімділігі, релевантностілігі бойынша салыстырмалы түрде әртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Жануарлардың экспериментальдық мәліметтерін адамдарға экстрополяциялау жөнінен қарастырылатын мәселелер бар.  Басқа көздерден алынған (ауа, тағам және т.б.) заттардың пропорциональді санын ескеру қиын.

Сонымен қатар, ауыз суындағы химиялық заттар үшін «доза-тиіміділік» байланысын тағайындау кезінде эпидемиологиялық зерттеулер шектеулі пайдаланылады.

Қауіп-қатерді бағалаудың барлық кезеңінде жоғарыда аталған беймәлімділіктерді ескерсек олардың азайтылуын, соңына қорытындыласақ нәтижелер сенімділігін жоғарлатылуын, қорытындылардың нысаналығын және қабылданатын басқару шешімдерінің адекваттылығын    қамтамасыз ету керек.

Ұқсас зерттеулер ҚР аумағында жүргізілмеді. Көптеген гигиеналық зерттеулер ауыз суының сапасын қамтамасыз етуде, эпидемиологиялық және радиоционды жағынан қауіпсіз, химиялық құрамының қауіпсіздігі және органолептикалық қасиетінің қолайлылығы жөнінен императив болады. Ауыз суының интегральді әдісі химиялық қауіпсіздік көрсеткіші бойынша қауіп-қатер деңгейінің қол жетімді көрсеткіштер критерийлерімен және қосынды немесе оның қауіпсіздігін интегральді бағалауының түзу алгоритмімен толықтырылған.   Осы әдіспен КҚБ «Санкт-петербург суканалы» ауыз суының сапасы бағаланған [8]. Бұл жұмыстың авторлары ұсынылған әдіс (табалдырықсыз модель) ольфакторлық-рефлекторлы, санитариялық-токсикологиялық және канцерогендік әсер ететін химиялық заттар әсерінің ерекшеліктерін ескеруге мүмкінідіктер туғызатынын көрсетеді.  Онымен қоса ол су құбырлар станцияларын ранжирлеуге, халық денсаулығына қауіп-қатер критерийінен шыға отырып, судың сапасын бақылауын ұтымды етуге, және де су даярлауды жақсартудың ұтымды шараларын таңдауға және іске асыруға  мүмкіндік береді.  Осыған байланысты бағалаудың «сәкес», «сәйкес емес»  стандарттық жүйесінен, адам ағзасына әртүрлі әсерлерді тікелей ескеретін  неғұрлым кең және ауқымды критерийлі, ауыз суының қауіпсіздік көрсеткіштерін инедекстеу қажеттілігі басып айтылады.

Осыған орай қоршаған ортаның гигиенасы аймағындағы Қазақстанның жетекші мамандарының позициясы тұрғысынан қауіп-қатер әдістемесінің бағалауды және ҚР санитарлық қызмет тәжірибесіне ендіруді ұсынады.

Қорытынды. «ЖШС «Каспий» тұщыландыру зауытының», өндіретін ауыз суы мысалында судың химиялық қауіпсіздік көрсеткіштері  бойынша ДДҰ, Бүкіл әлемдік банк және басқа да халықаралық ұйымдар ұсынған заманауи қауіп-қатерді бағалау әдістемесін пайдалана отырып ауыз су сапасын бағалау жүргізілді. Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша біз келесі қорытындыға келдік:

1. 2006 ж. сумен қамтамасыз ету көздерінде, теңіз суындағы мұнай өнімдерінің жоғары концентрациясы, ал қалған бақылау жылдарында 2011 ж. дейін теңіз суы үшін рұқсат етілген нормативтерден аспады.

2. Тұщыландыру зауытқа кірер алдында, бастапқы суда талданатын 19 химиялық заттың ұтымды 11 анықталды. Жетекші болып – құрғақ қалдық, хлоридтер және сульфаттар табылады, оған алынған салыстырмалы қауіпітілігі канцерогенді емес (HRI≥100) индекстер мағынасы куәландырады. Олардың арасында канцерогендер анықталмады.

3. «Доза-тиімділікке» байланысты бағалағанда адам ағзасына ұтымды заттар түскенде күтілетін дозасы кезінде жүйке, жүрек-қан тамыр және ас қорыту жүйесі, бүйрек, сүйек тіні және репродуктивті ағзаларға бағытты әсерді күтуге болады.

4. Экспозияцияны бағалау кезеңдері барлық ұтымды ауыз суының орташа тәуліктік дозасы референттік деңгейден төмен болды, ол халық денсаулығына қауіпті емес екендігін көрсетеді.

5. Қосынды қауіп-қатер аралас әсер еткен  кезде (интегралдыкөрсеткіш әсерлерді қосқанда 0,31 құрады, регламенттен аспайды (ИП≤1)) жеке заттармен созылмалы улануларда кезінде қол жетімді болуымен бағаланады. Осыған орай қауіп-қатерді талдау әдістемесінің ережесіне сәйкес басқару шешімдері берілмеді.

Қорыта келгенде жоғарыда аталған қорытындыларды ескерсек, «Каспий» тұщылау зауытының кері осмос әдісімен алынған ауыз суы химиялық құрамы бойынша халық денсаулығына қауіп-қатер тудырмайды.

Әдебиеттер тізімі

1       Авалиани С.Л.,  Филатов Н.Н, Аксенова О.И. және т.б.. Разработка и апробация методики оценки риска здоровью населения от промышленных  предприятий и автотранспорта на территории ЮВАО г. Москвы. — Сб. «Окружающая среда. Оценка риска для здоровья. Опыт применения методологии оценки риска в Москве». ЦГСЭН. РМАПО. — М.: 1999. — Б. 3-45.

2       Авалиани С.Л., Аксенова О.И., Пономарева О.В. Разработка и внедрение методологии оценки риска здоровью населения от воздействия загрязнения атмосферного воздуха и питьевой воды на территориях г. Москвы. – Консультационный центр по оценке риска, ЦГСЭН в г. — М.: 2000.

3       Авалиани С.Л., Ревич Б.М. Оценка риска загрязнения окружающей среды для здоровья населения как инструмент муниципальной экологической политики в Московской области. – М.: 2010. – 311 б.

4       Онищенко Г.Г., Новиков С.М., Рахманин Ю.А., Авалиани С.Л., Буштуева К.А. Основы оценки риска для здоровья при воздействии химических веществ, загрязняющих окружающую среду. – М.: 2002. – 408 б.

5       Р 2.1.10.1920-04. Руководство по оценке риска для здоровья населения при воздействии химических веществ, загрязняющих окружающую среду (2004 жылы РФ бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен бекітілген).

6       © Щербань М.Г., Мясоедов В.В., Шевченко О.О., Савченко В.М., 2010 «Методические аспекты использования методологии оценки риска здоровью населения при воздействии факторов  окружающей среды  в Украине и России»  http://www.nbuv.gov.ua/portal/natural/vkhnu/Med/2010_898/17.pdf.

7       «МР 2.1.4.0032-11. 2.1.4. Питьевая вода и водоснабжение населенных мест. Интегральная оценка питьевой воды централизованных систем водоснабжения по показателям химической безвредности. Методические рекомендации» (2011 жылы РФ бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен бекітілген).

8       Мельцер А.В., Киселев А.В., Ерастова Н.В., Шульга А.А. Интегральная оценка питьевой воды по показателям химической безвредности на основе методологии оценки риска для здоровья населения, апробированная на водопроводных станциях ГУП «Водоканал Санкт-Петербурга». В кн.: Материалы 2-й Всероссийской научно-практической конференции с международным участием «Гигиенические и медико-профилактические технологии управления рисками здоровью населения». Пермь: 2011. — 158-161 б.

 

У.И. Кенсариев, А.Т. Досмухаметов, Н.Е.Алимова,

Ж.Б. Бейсенбинова, А.М. Оразымбетова

Анализ качества питьевой воды, производимой ТОО «Опреснительным заводом

Каспий», с применением методологии оценки риска

 

Резюме: В данной статье впервые показаны результаты исследований с примением всемирно признанной методологии оценки риска в отечественной системе водоснабжения. На основе применения данной методологии проведена интегральная оценка качества питьевой воды, учитывающая все показатели химической безвредности.

Ключевые слова: питьевая вода; неканцерогенный риск, методика интегральной оценки.

U. Kenessaryiev, А. Dosmukhametov, N. Alimova,

Zh. Beisenbinova,  А. Orazymbetova

Analysis of the quality of drinking water produced by LLC desalination plant «Caspian» with the

use of risk assessment methodology

 

Resume: This article shows the results of the first studies to apply the internationally recognized methodology for risk assessment in the domestic water system. On the basis of this methodology conducted integrated assessment of drinking water, taking into account all the values ​​of chemical safety.

Keywords: drinking water; non-carcinogenic risk, drinking the method of integral evaluation.

 

 

«КАСПИЙ» ЖШС ТҰЩЫЛАНДЫРУ ЗАУЫТЫНДА ӨНДІРІЛЕТІН АУЫЗ СУ САПАСЫН ҚАУІП-ҚАТЕРДІ БАҒАЛАУ ӘДІСНАМАСЫ АРҚЫЛЫ ТАЛДАУ

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ