АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ АУРУШАҢДЫҒЫ

31 May 2013

УДК 614.7:574:546.3-053.2

 

Ж. Л. ДҮЙСЕБАЕВ,А. Г. БИМАНОВА

Алатау аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы

С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

 

 

Төменде берілген мақалада Алматы қаласының Алатау ауданы бойынша өндірістік мекемелеріндегі жұмыс істейтін адамдардың денсаулығының көрсеткіштері туралы мәліметтер берілген. Мақаланың соңында берілген кестеде жыл бойына тіркелген аурушаңдылық саны мен ауырған күндер тізімі берілген. 

Кілт сөздер: аурушаңдық, жұқпалы ауру, нозология

 

Аурушаңдық  —  бұл  адам денсаулығының қалыпты үйлесімділігін жоғалтуы.

Аурушаңдықтың дамуында негізінен әртүрлі өнеркәсіп факторлары және жұмысшылардың кәсіптік мамандығы маңызды роль атқарады. Жұмыс барысында жұмысшылар әртүрлі зиянды заттармен тікелей немесе тікелей емес қатынаста болады. Сол себептен олардың кәсіптік анамнезін білу керек. Кәсіптік анамнезінде жұмысшы өндірістің қай саласында, кім болып істейді, яғни мамандығы, қандай зиянды заттармен жұмыс жасайды, зиянды заттардың шектеліп рұқсат етілген концентрациясы (ШРЕК) және қанша уақыт қатынаста болатынын, ол заттың физикалық және химиялық жағдайын, ағзаларға қай жолмен түсіп, қай жолмен шығатынын, қай ағзаларға жиналып әсер ететінін білу кәсіптік ауруды табуда және профилактикалық жұмысты жүргізуде өте маңызды. Сол себепті өнеркәсіптік жағдайларда бір жұмысшылардың аурушаңдылыққа ұшырайтыны, ал біреулерінің ұшырамайтыны жалпыға мәлім. Бұл жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты. Өнеркәсіптік зияндығы бар мекемелерде кәсіптік аурулардың алдын алу үшін бірқатар шараларды жүргізу керек. Негізінен медициналық-профилактикалық шаралар олар біріншіден, өндірісті алдын ала қарап тексеру және медициналық болжам жасау. Мұнда зиянды факторлардың жұмысшылардың организміне әсерін тексеріп, болдырмау шараларын жүргізу. Екіншіден, өнеркәсіпте жұмыс істейтін адамдарды кезеңдік тексеруден өткізу.

Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы МСЭҚБ мамандарының қолайсыз еңбек жағдайында жұмыс жасайтын жұмысшыларға 2012 жыл бойынша аурушаңдыққа жүргізген анализінің қорытындысына көз жүгіртсек.

 

1-кесте – Алматы  қаласы  Алатау ауданының  2012 жылға арналған аурушаңдық көрсеткіштері

Аурудың

аталуы

2011

2012

Жағдай

Күні

Жағдай Күні
Перифериялық жүйке жүйесінің  аурулары

13

136

5

59

Көз және көз жатырларының аурулары

2

13

1

4

Құлақ

7

123

1

6

Гипертония, гипертонияның салдарынан мидың әлсіреуі

10

150

12

132

ИБС және аурудың гипертониялық емес түрлері

3

21

3

27

Артерия, артериол және вена аурулары

1

5

2

35

Ангина және жедел фарингит

28

160

29

176

Жедел респираторлы инфекциялар

114

623

122

618

Жоғарғы тыныс жолдарының аурулары

11

58

16

113

Пневмония

3

63

4

35

Тұмау

0

0

1

9

Тыныс жолдарының созылмалы ауруларының асқынуы

11

101

7

45

Асқазан және он екі ішектің жарасы

4

43

2

53

Гастрит және дуоденит

10

62

9

64

Бауыр және ұйқы безінің аурулары

6

64

5

29

Бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары

22

155

22

124

Әйелдердің жыныс жолдарының қабынуы

5

37

5

35

Тері және тері асты клеткаларының инфекциялары

5

38

4

26

Тері және тері асты клеткаларының қабынуы(дерматит, экзема)

4

20

1

28

Сүйек-бұлшықет жүйесінің және дәнекер тінінің аурулары

8

113

27

290

Басқа да аурулар

51

359

26

163

Жарақаттар, өнеркәсіпке байланысты уланулар

5

124

1

18

Тұрмыстағы уланулар және жарақаттар

22

261

21

173

Барлық аурулар бойынша қорытынды

349

2757

327

2290

 

Ауданымыздағы  уақытша еңбекке қабілеттілікті жоғалту бойынша аурушаңдылық қорытындысына қарай отырып, 100 жұмысшыға шаққандағы келесідей көрсеткіштерді аламыз:

2011 жылы  349 аурушаңдылық жағдайы  тіркеліп, 2757 күн ауырған, 2012 жылы 327 жағдай тіркеліп, 2290 күн ауырған. Алынған мәліметтерге сүйенсек, абсолюттік көрсеткіш бойынша жағдай саны 22-ге, ауырған күндер саны 467 күнге дейін төмендеген. Бұл  қөрсеткіштер  100  жұмысшыға шаққанда 2011 жылы 36,56-дан , 2012 жылы 33,54-ке дейін төмендеген. Ал ауырған күніне келетін болсақ 2011 жылы 282,22-ден ,2012 жылы 234,87-ге дейін  қысқарған, бұдан  ауырған 1 адамның  ауырған  күнінің  ұзақтығының  2011 жылы 7,72-ден 2012  жылы  7,0-ге дейін қысқарғанын байқаймыз.

 

2-кесте – Жалпы 29 нозологиялық форманың  ішінде аурушаңдықтың  келесі түрлері төмендеген

Нозологияның аталуы

2011ж

2012ж

Перифериялық жүйке жүйесінің  аурулары

13

5

Құлақ

7

1

Жүктілік кезіндегі және босанғаннан кейінгі асқынулар

4

1

Басқа да аурулар

51

26

Жарақаттар, өнеркәсіпке байланысты уланулар

5

1

 

№3-кесте.Төмендегі  көрсеткіш  100 жұмысшыға  шаққанда көтерілген аурушаңдық

Нозологияның аталуы

2011ж

2012ж

Гипертония, гипертонияның салдарынан мидың әлсіреуі

10

12

Жедел респираторлы инфекциялар

114

122

Жоғарғы тыныс жолдарының аурулары

11

16

Сүйек-бұлшық ет жүйесінің және дәнекер тіннің аурулары

8

27

 

Қорыта келгенде, жоғарыда берілген мәліметтерге сүйенсек жоғарғы тыныс жолдарының аурулары, жүрек-қантамыр аурулары мен сүйек-бұлшық ет жүйесі аурулары 2012 жылы біршама жоғарылаған.

 

ӘДЕБИЕТТЕР тізімі

1  Неменко Б. А., «Коммуналдық гигиена бойынша практикалық сабаққа арналған басшылық».  – Алматы: 2010. – 75 с.

2  ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2009. – 108б.

 

 

 

Ж. Л. ДУЙСЕБАЕВ,А. Г. БИМАНОВА

ЗАБОЛЕВАЕМОСТЬ РАБОТНИКОВ РАБОТАЮЩИХ НА ПРЕДПРИЯТИЯХ ПО АЛАТАУСКОМУ РАЙОНУ ГОРОДА АЛМАТЫ

В данной статье придоставлен анализ заболеваемости ВУТ за 2012г. в сравнении с 2011 г. по Алатаускому району.

 

In this article provided analysis of the incidence of HLA by 2012 year in comparison with 2011 year by  Zhetysu district.

 

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ АУРУШАҢДЫҒЫ

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ