АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖЕТІСУ АУДАНЫ БОЙЫНША ЗАҢСЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

31 May 2013

УДК 614.7:574:546.3-053.2

 

Б. А. АСЫЛБЕКОВ, Г. Б. ӘЙТІМБЕТОВА

Жетісу аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы

С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

 

 

Төмендегі мақалада Алматы қаласы Жетісу ауданында заңсыз жұмыс істейтін кәсіпорындардың жағдайы туралы мәліметтер берілген. Статистикаға жүгінсек соңғы кезде заңсыз жұмыс істейтін кәсіпорындардың саны артуда.

Кілт сөздер: шу, діріл, шаң, тұрғын аумақ

 

Қазіргі кезде қаламызда заңсыз ашылған көптеген өндірістік мекемелер мен жекеменшік кәсіпорындардың көбеюі және олардың жұмыс істеу тәртібі мен қызмет көрсету сапасы, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес келмеуі Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне қайшы келуде.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 6-бөлім, 144-бабында көрсетілгендей, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер, гигиеналық нормативтер Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық жеке және заңды тұлғалардың орындалуы үшін міндетті. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, оның ішінде мекендеу факторларының, кәсіпкерлік және өзге де қызметтің, өнімдердің, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің адам үшін қауіпсіздігінің немесе зиянсыздығының критерийлерін белгілейді. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер санитариялық қағидалар болып табылады. Оларды сақтамау адамның өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіреді, сондай-ақ аурулардың пайда болуы мен таралуына қаупі бар. Соңғы жылдары қаламызда кең етек алған заңсыз өнеркәсіп ұйымдары, қала аумақтарындағы атмосфералық ауаға, өндірістік, тұрғын үй мен басқа да үй-жайлардың ауасына, микроклиматына нұқсан келтіруде. Осы өнеркәсіптерде жұмыс жасайтын жұмысшылардың көршілес мемлекеттерден заңсыз қоныс аударып келуі, олардың жеке басын растайтын куәліктерінің болмауы, медициналық тексеруден өткендігін растайтын мәліметтердің жоқтығы және жеке бас гигиенасын дұрыс сақтамауы жалпы Алматы қаласының санитарлық жағдайының төмендеуіне себеп болуда. Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты Алматы қаласы Жетісу аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының МСЭҚБ қызметкерлері аудан аумағын аралау кезінде келесі мекен-жайларда орналасқан нысандарды анықтады. Бұл нысандар МСЭҚБ-нан санитарлық–эпидемиологиялық саласындағы нормалық құқықтық актілерге сәйкес келетіндігі туралы қорытынды алмаған төменде көрсетілген мекемелер:

  1. ДЖО Бөкейханов көшесі, 237
  2. ДЖО Бөкейханов көшесі, 85
  3. АТҚС Бөкейханов көшесі, 225
  4. АТҚС Қыдырбекұлы көшесі, 153А
  5. АТҚС Дорожник ы/а 27/2
  6. АЖО «Ильнарус» Дорожник ы/а
  7. АЗС «Тума» Эльдорадо Солтүстік айналым көшесі
  8. АЗС Т-Ойл Солтүстік айналым көшесі
  9. АТҚС Солтүстік айналым көшесі, 41
  10.  МАО, жүк көліктеріне арналған ДЖО Солтүстік айналым көшесі Камаз орталығы жанында
  11.  АЗС «V-Ойл» жанында МАО, ДЖО Солтүстік айналым көшесі
  12.  АЖО Тет а Тет қонақ үйі жанында Солтүстік айналым көшесі
  13.  Тігін цехы Дорожник ы/а, Дорожник қонақ үйі жанында
  14.  АТҚС Бөкейханов көшесі, 213А
  15.  АЖО Жұмабаев-Помяловский
  16.  Пенопласт цехы Дорожник ы/а
  17.  Тігін цехы Айнабұлақ-2, Жұмабаев көшесі, 71 «Ранс Белес» сауда үйі
  18.  АТҚКС Айнабұлақ-2, «Гулистан» қонақ үйі ғимараты
  19.  АТҚС Жұмабаев-Хожамиярова

Соңғы 2-3 жыл ішінде Жетісу ауданының аумағында заңсыз жұмыс істеп жатқан өндірістік цехтардың, дөңгелек желімдеу учаскілерінің, май ауыстыру нүктелерінің саны күрт жоғарылауда. Осындай кәсіпорындар негізінен жекеменшік тұрғын үйлердің аумақтарында орналасады және олардың жарнамасы мен маңдайша жазулары болмағанымен, ол жерлерде тұрғындарға көлік жөндеу мен техникалық қызмет көрсету, жиһаз және басқа да балташылық бұйымдар, темір мен пластик өнімдерін жасау жұмыстары жасалып жатады. Жоғарыда аталған кәсіпорындарда негізінен Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан, Қарақалпақстаннан келген азаматтар жұмыс істейді, ал олардың осы салада жұмыс істеуге денсаулық жарамдылығы мен жұмыс істеуге куәлігі бар болуы туралы айтудың да қажеті жоқ. Осындай жұмысшылар негізінен жұмыс орнының қасына қойылған вагондарда немесе жазғы ас үй түрінде жанаса салынған үйлерде тұрады. Тығыз тұрады, екі қабатты төсектерде ұйықтайды, жеке бас гигиенасын сақтауға жағдайлары жасалмаған. Ұйықтайтын жерлерінде тамақтанады. Еңбек және тұрмыстық қызмет жағдайлары санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес келмейді. Өндірістік жайларындағы жарықтандыру жүйесі талаптарға сәйкес емес, желдету жүйесі негізінен механикалық қозғалтқышпен және осы жағдай өндірістік аумақтың ауасының жақсаруына алып келмейді. Өндірістік цехтардың ауа температурасы санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестендірілмеген. Жаз мезгілінде ыстық, ал қыс мезгілінде суық, себебі осындай өндірістердің қожайындары үнемдеу мақсатында бұл жайларды жылытпайды. Негізінен осындай кәсіпорындардың жұмысшылары арнайы жұмыс киімдері мен көру, есту, тыныс алу жолдарын қорғауға арналған жабдықтармен қамтамасыз етілмеген. Жоғарыда аталған кәсіпорындардың қожайындары жұмыс орындарында болмайды, сол себептерден осындай кәсіпорындарды прокуратура органдарына тіркеу мен одан әрі тексеру жүргізіп және жабу үшін материалдарды сот органдарына беру үшін реквизиттерді алу мүмкін болмай отыр. Еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету жағдайының және медициналық тексеруден өткендігі туралы куәліктің болмауы өз кезегінде ауданның және жалпы Алматы қаласының санитарлық-гигиеналық жағдайының төмендеуіне әкеп соғады. Осындай кәсіпорындар негізінен көрші тұратын тұрғындардың шағымдарының есебінен анықталады. Олар көрші тұратын үйлердің тұрғындарына келеңсіз тұрмыстық жағдай жасап отыр (шу, діріл, шаң, жағымсыз иіс және т. б.).

Қорыта келгенде, Алматы қаласы тұрғындарының қалыпты өмірі мен санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығына нұқсан келтіріп отырған кәсіпорындарына өкілетті органдар мен саналы азаматтардың бірлескен күшімен шара қолдану қажет.

ӘДЕБИЕТТЕР тізімі

1  ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2009. – 109 б.

2  Постановление Правительства РК от 8 октября 2012года № 1271. Стандарт государственной услуги «Выдача санитарно-эпидемиологического заключения о соответствии (несоответствии) обьекта государственного санитарно-эпидемиологического надзора нормативным правовым актам в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения и гигиеническим нормативам»

 

 

 

Б. А. АСЫЛБЕКОВ, Г. Б. АЙТИМБЕТОВА

САНИТАРНО–ГИГИЕНИЧЕСКОЕ СОСТОЯНИЕ НЕЗАКОННО ФУНКЦИОНИРУЮЩИХ ПРЕДПРИЯТИЙ

ПО ЖЕТЫСУЙСКОМУ РАЙОНУ ГОРОДА АЛМАТЫ

В данной статья представлены сведения о незаконной работе предприятий, что влияет на санитарно-эпидемиологическую состояние города Алматы. Предприятие, которые работают незаконно, караются законом.

 

 

 

B. A. ASYLBEKOV, G. B. AITIMBETOVA

SANITARY CONDITIONS ILLEGAL FUNCTIONING OF ENTERPRISES BY ZHETYSU DISTRICT OF THE CITY ALMATY

In this article provides information about illegal operation of enterprises, what influence on the sanitary-epidemiological status of the Almaty city. Enterprises, which work illegal punishable by law.

 

 

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖЕТІСУ АУДАНЫ БОЙЫНША ЗАҢСЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ