АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША ҚОЛАЙСЫЗ ЕҢБЕК ӨНДІРІСІНДЕ ЖҰМЫС АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСШЫЛАРДЫ КЕЗЕКТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТКІЗУ

31 May 2013

УДК 614.7:574:546.3-053.2

 

Ж. Л. ДҮЙСЕБАЕВ, Ж. К. ДЕМЕЕВА

Алатау аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы

С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

 

 

Төмендегі мақалада кезекті медициналық тексерудің аспектілері туралы мәліметтер берілген. Медициналық тексеру міндетті және профилактикалық болады.

Кілт сөздер: өнеркәсіп, медициналық тексеру

 

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 25-тарау, 155-бабы өндірістік қызметті жүзеге асыратын әрбір азаматты медициналық тексеріп қарауды қамтамасыз ету болып табылады.

Медициналық тексеріп-қараудың негізгі мақсаты денсаулықты қалыптастыруға және нығайтуға, ауруларды анықтауға және таралуының алдын алуға, оның ішінде кәсіптік аурулардың, уланулардың, жазатайым оқиғалардың алдын алуға, сондай-ақ ұйымдар қызметкерлері мен өндірістік қызметті жүзеге асыратын әрбір азаматтың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған медициналық зерттеп-қарау болып табылады.

Медициналық тексеріп қарау міндетті және профилактикалық болып бөлінеді. Міндетті медициналық тексеріп қарау алдын ала және мерзімдік болып бөлінеді. Міндетті медициналық тексеріп қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ осындай тексеріп қарауды өткізудің тәртібі мен кезеңділігін уәкілетті орган белгілейді. Өндірістік және шаруашылық қызмет саласында жұмыспен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар алдын ала немесе мерзімдік медициналық тексеріп қараудан өтпеген немесе денсаулық жағдайына байланысты жұмысқа жарамсыз деп танылған адамдарды жұмысқа жібермеуі тиіс. Кәсіптік аурулардың дамуында негізінен әртүрлі өнеркәсіп факторлары және жұмысшылардың кәсіптік мамандығы маңызды роль атқарады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  25. 01. 12 жылғы   №166 бұйрығына сәйкес, Алматы қаласы Алатау ауданының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы  МСЭҚБ  жүргізген алдын ала және кезеңдік медициналық тексеру нәтижесі төмендегідей.

2012 жылы 219 нысанда медициналық тексеруге жататын жұмысшылар саны – 2648, оның ішінде әйелдер саны – 428, бұл – 16,1% құрайды.  2012 жылы жоспарлы тексеру есебінен 62 нысан әртүрлі себептермен алынып тасталған, осы нысандарда медициналық тексеруге жататын адамдар саны 836, оның ішінде 102-і әйелдер. Медициналық тексеру кезінде өтпегендер саны – 84, 4-уі тексеру мерзімінде ауырғандар, 1 – еңбек демалысында, 2 – адам жоспарланған қайта қаралған тізім бойынша алынып тасталған, 48 адам жұмыста болмау себебінен, 29 адам жұмыстан босатылуына байланысты.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 23,24 тармақтары бойынша тексеру қорытындысында кәсіптік аурулары бар адамдар анықталған жоқ, сондай-ақ дәрігерлік тексерістен өткендер арасында «кәсіптік аурулар» табылмады.

Аудан бойынша 18 кәсіпорында 109 жұмысшы (4,1%) , оның ішінде 20 әйелде (4,6%) соматикалық аурулар анықталды. Соматикалық аурулардың деңгейінің көтерілуі 7 нысанда «Эталон» ЖШС – 24, «УМС-В»-16, «Релейная защита и Автоматика»-11, «Oilfied servise»- ЖШС-12 , «ЛЖ Электроникс» ЖШС-і-5, «Электрошит» ЖШС-і-4, «Каркас Тент Центр» ЖШС-і 4, құрылыс саласында жұмыс істейтін жұмыскерлерінің қыс мезгілінде далада атқарылатын жұмыспен айналысатындықтан, жедел респираторлы аурулардың нәтижесінде созылмалы аурулардың дамуына алып келеді.

Медициналық тексеруден өтпегені үшін мына жұмысшыларға жұмыстан уақытша  шектеу туралы 220   қаулы қабылданып, 35 нысаннан 220 адам уақытша жұмыстан шектетілді.

Нысандарды тексеру барысында, 2 семинар және 63 нысанда кәсіптік аурулар және уланудан алдын алу мақсатында «Алдын-алу мен кезекті дәрігерлік тексерістен міндетті түрде өту туралы» тақырыпта кеңестер өткізілді. Жаңадан есепке алынған нысандардағы жұмысшыларды алдын ала дәрігерлік тексеруден өткізу бағытында жұмыс жүргізілуде.

 

1-кесте — Алатау ауданы бойынша 2011 және 2012 жылы жүргізілген алдын ала және кезеңдік медициналық тексеру

Көрсеткіштер

2011ж

2012ж

1

Тіркеуде тұрған обьектілер

272

281/219

2

Оның ішінде жұмыс істеп тұрғандар

272

219

3

Оның ішінде қауіпті жұмыс жағдайында

0

3

4

Пайыздық үлесі %

0

1,3%

5

Жұмысшылар саны

7065

4901

6

Оның ішінде әйелдер

1624

585

7

Пайыздық үлесі %

22,9%

11,9%

8

ВУТ бойынша  жұмысшылар саны

0

17

9

Пайыздық үлесі %

0

0,3%

10

№166 бұйрық бойынша 2012 жылға арналған медицналық тексеруге кіретіндер

5167

2648

11

Пайыздық үлесі %

73,1%

54,0%

12

Оның ішінде әйелдер

1110

428

13

Пайыздық үлесі %

21,4%

16,1%

14

№166 бұйрық бойынша 2012 жылы медициналық тексерумен қамтылғандар

5111

2648

15

Қамтылғандар пайыздық үлесі %

98,9%

100%

16

Оның ішінде әйелдер

1009

428

17

Пайыздық үлесі %

91%

100%

18

Кәсіптік аурулардың тіркелу жағдайлары

0

0

19

Кәсіптік ауруға негіздеу

0

0

20

Соматикалық аурулардың пайда болуы, барлығы

207

109

21

Оның ішінде әйелдер

69

20

22

Пайыздық үлесі %  барлығы

4,0%

4,1%

23

Пайыздық үлесі %,  әйелдер

6,8%

4,6%

24

100 адамға шаққандағы жалпы аурушаңдық

35,32%

33,54%

25

ВУТ бойынша еңбекке қабілеттілікті жоғалту

279,55

234,87

26

Басқа жұмысқа ауыстыру, барлығы

3

0

27

Оның ішінде уақытша, барлығы

3/-

0

28

Айыппұл салынды / ұсталды

60/60

66/63

29

Салынған айыппұл сомасы

1241748

1190852

30

Ұсталған айыппұл сомасы

1241748

1142312

31

Жұмыстан шектетілгендер / объекілер саны

91/13

220/35

32

Ұйғарым барлығы / орындалғаны

42/29

51/42

33

Орындалған санитарлық ұйғарымдардың пайыздық үлесі %

69%

82,3%

Осы жағдайларға байланысты «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» мақсатында  жұмысшылардың денсаулығын нығайтуға бағытталған бірқатар (оның ішінде, гигиеналық оқыту мен тәрбиелеу, дұрыс тамақтану, аурулардың профилактикасы) шараларды  Алатау аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары жүзеге асыруда.

ӘДЕБИЕТТЕР тізімі

1       ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2009. – 109 б.

2       Утверждены постановлением Правительства РК № исх: 166 от: 25.01.2012. Правила проведения обязательных медицинских осмотров.

 

 

 

Ж. Л. ДУЙСЕБАЕВ, Ж. К. ДЕМЕЕВА

МЕДИЦИНСКИЙ ОСМОТР РАБОТНИКОВ, РАБОТАЮЩИХ ВО ВРЕДНЫХ УСЛОВИЯХ ТРУДА ПО АЛАТАУСКОМУ РАЙОНУ

ГОРОДА АЛМАТЫ

В данной статье предоставлены материалы и сведение о медицинском осмотре . Медицинский осмотр может быть профилактическим и предварительным.

 

 

 

This article provides the materials and information on physical examination. Medical examination can be preventive and coercive.

 

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША ҚОЛАЙСЫЗ ЕҢБЕК ӨНДІРІСІНДЕ ЖҰМЫС АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСШЫЛАРДЫ КЕЗЕКТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТКІЗУ

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ