ВИТАМИН В12-ТАПШЫ АНЕМИЯНЫҢ ДАМУ СЕБЕПТЕРІНІҢ ЖАСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

28 May 2013

УДК: 616.155.194.8-074

 

Ж.С. Шерияздан, А.К. Косанова, А.Б. Бақдаулет, У.К. Ермаханова,

Ж.Б. Байменова, Т.А. Оразбекова, Л.Т. Сулейменова, Ж.Ж. Тажмағамбетова

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті

Интернатура және резидентурадағы терапия №3 кафедрасы

 

Бұл мақалада витамин В12-тапшы анемияның тек қарт адамдарда ғана емес орта, тіпті жас адамдарда да кездесуі мүмкін екені көрсетілген. Егер қарт адамдарда негізгі себеп атрофиялы гастрит болса, орта жастағы адамдарда сыртқы секреторлы жетіспеушілікпен созылмалы панкреатит және асқазанның субтоталды резекциясы басты себеп болған, ал жас адамдарда тиреотоксикоз негізінде В12-витаминінің артық қолдануы басым жағдайда орын алған.

Кілт сөздер: анемия, витамин В12, атрофиялық гастрит, панкреатит, диффузды уытты жемсау, тиреотоксикоз.

 

Витамин В12-тапшы анемия – бұл В12-витаминінің жеткіліксіздігі салдарынан дезоксирибонуклеин қышқылының синтезінің бұзылып, кемікте эритроидты жасушалардың ыдырауына байланысты  тиімсіз эритропоэз,  яғни мегалобласты қан түзілумен сипатталатын анемия [1].

Витамин В12-тапшы анемия негізінен егде және қарт жастағы адамдарда кездесіп, негізгі себебі  атрофиялы гастрит болып табылады. Соған қарамастан, бұл анемияның басқа да бірқатар себептері бар және олар орта, тіпті жас адамдар тобында да кездеседі. Сондықтан тәжірибелік дәрігерлерге көмек мақсатында, біз витамин В12-тапшы анемияның этилогиясы мәселесі бойынша өз бақылауымызды ұсынуды жөн көріп отырмыз.

Біздің бақылауымызда 23 – 81 жас арлығындағы витамин В12-тапшы анемиямен 27 науқас болды. Жасы және жынысына байланысты сипаттамасы бойынша: жас адамдар – 3 (11,1%), орта жастағылар – 6 (22,2%), егде жастағылар – 11 (40,8%), қарт адамдар – 7 (25,9%); әйелдер -16 (59,2%) және ер адамдар – 11 (40,8%) құрады. Жас бойынша градация БДҰ жіктелуіне негізделген. Яғни жас адамдар – 44 жасқа дейінгілер, орта жас – 45–59, егде –  60–74 және қарт адамдар 75 жастан үлкендер.

Витамин В12-тапшы анемия диагнозы клиникалық көрінісіне, қанның жалпы анализіне, ретикулоциттер санына, бауырдың функционалды сынамаларына, амилаза деңгейіне, сүйек кемігінің анализіне (миелограмма) сүйеніп қойылды. Миелограмма 16 науқасқа жасалды, себебі қалған 11 науқас бізге қаралғанға дейін В12-витаминімен емді бастап қойған. Оларда диагноз ем басталуынан кейінгі 5-7 күні ретикулоциттер санының бірден жоғарылауына, яғни ретикулоцитралық кризге негізделді. Ал витамин В12-тапшы анемиясының себебін анықтау мақсатында эзофагогастродуоденоскопия (ЭФГДС), құрсақ қуысының ультрадыбыстық зерттеуі (УДЗ), қажет болған жағдайда қалқанша безінің УДЗ, компьютерлік томография жасалып, нәжіс анализі, тиреоидты гормондар және тиреоглобулинмен тиреопероксидазаға қарсы антиденелер зерттелді. Бұл зерттеулер әдебиеттегі ұсынылған скринингтік зерттеу әдістеріне сай [2,3,4].

Жүргізген зерттеу нәтижелерін талдағанда, келесі қорытындыға келдік. Циркуляторлы-гипоксия синдромы – науқастардың барлығында (100%), неврологиялық синдром 10 (37%) науқаста және негізінен егде және қарт адамдар топтарында кездесті, көкбауырдың үлкеюі 9 (33,3%) науқаста, сарғаю синдромы да осы шамада 8 (29,6%) науқаста байқалды. Соңғы екі белгінің айқындылығы шекті дәрежеде. Қанның жалпы анализінде барлық науқастарда макроцитарлы, гиперхромды анемия  және ретикулоцитопения анықталды, лейкопения  33,3%, соның ішінде 5 науқаста (18,5%) жағынды да көп сегменттелген нейтрофильдер болды, тромбоцитопения 22,2%(6)  жағдайда кездесті. Лейко- және тромбоцитопения айқын емес дәрежеде көрінді.

Ал витамин В12-тапшы анемияның себебін анықтағанда: атрофиялы гастрит 17(63%) науқаста, 2(7,4%) науқаста асқазанның қатерлі ісігі, 3 (11,1%) науқаста – асқазанның ойық жарасына байланысты субтоталды резекциясы, 3(11,1%) науқаста сыртқы секреторлы жетіспеушілікпен созылмалы панкреатит (оның 1 өт-тас ауруы негізінде, 2-де – алкогольді этиологиялы) және 2 (7,4%) науқаста босанғаннан кейін дамыған диффузды уытты жемсау. Егер бұл себептерді жас катеогриясына байланысты қарастырсақ, егде және қарт жастағы жастағы адамдарда негізінен атрофиялы гастрит 16(88,9%) науқаста және 2(11,1%) науқаста асқазанның қатерлі ісігі кездессе, орта жастағы адамдарда басым жағдайда 3 (50%) созылмалы панкреатит  анемия себебі болған, 2 (33,3%) науқаста асқазанның субтоталды резекциясы орын алса, тек 1 науқаста ғана атрофиялы гастрит анықталды. Ал бақылауда болған 3 жас адамның 2-де (66,7%) диффузды уытты жемсаудан соң анемия дамыса, 1 жағдайда – асқазанның резекциясы орын алған.

 

Әдебиеттер тізімі

1       Окороков А.Н. Диагностика болезней внутренних органов. Мегалобластные анемии. – М.: 2001. — 502с. — С.51- 78.

2       Комолова Е.Н., Егорова М.О., Моисеева Н.С. Параметры скринигового обследования для выявления В12-дефицитной анемии.

3       Гематология и трансфузиология. — 2011. — №3. — С.14-18.

4       Егорова М.О., Цветаева Н.В., Сухачева Е.А. Практические рекомендации по скрининговой лабораторной диагностике анемии Гематология и трансфузиология. — 2011. — №5. — С.24-36.

5       Долгов В.В., Луговская С.А. и др. Лабораторная диагностика анемий. – М.: 2009. — 148 с.

 

 

Ж.С. Шерияздан, А.К. Косанова, А.Б. Бақдаулет, У.К. Ермаханова,

Ж.Б. Байменова, Т.А. Оразбекова, Л.Т. Сулейменова, Ж.Ж. Тажмағамбетова

ВОЗРАСТНЫЕ ОСОБЕННОСТИ РАЗВИТИЯ ВИТАМИН В12-ДЕФИЦИТНОЙ АНЕМИИ

 

Резюме: В данной статье показано, что  витамин В12-дефицитная анемия встречается не только у лиц пожилого возраста, но и у людей средней,  даже молодой возрастной категории. Если у пожилых людей основной причиной витамин В12-дефицитной анемии является атрофический гастрит, то у лиц среднего возраста — хронический панкреатит с внешнесекреторной недостаточностью и субтотальная резекция желудка, а у молодых – повышенный расход витамина В12 на фоне тиреотоксикоза.

Ключевые слова: анемия, витамин В12, атрофический гастрит, панкреатит, диффузно-токсический зоб, тиреотоксикоз.

 
 

 

ZH.S. Sheriyazdan, A.K. Kossanova, A.B. Bakdaulet, U.K. Ermahanova,

ZH.B. Baimenova, T. A. Orazbekova, L.T. Suleimenova, ZH.ZH. Tazhmagambetova

AGE FEATURES OF B12 DEFICIENCY ANEMIA

Resume: This article shows that vitamin B12 deficiency anemia is found not only in the elderly, but also in middle, even the youngest age category. If the main reason older people vitamin B12-deficiency anemia is atrophic gastritis, then in middle age — chronic pancreatitis with exocrine insufficiency and subtotal gastrectomy, and young — increased consumption of vitamin B12 in thyrotoxicosis.

Keywords: anemia, vitamin B12, atrophic gastritis, pancreatitis, toxic goiter, thyrotoxicosis.

 

ВИТАМИН В12-ТАПШЫ АНЕМИЯНЫҢ ДАМУ СЕБЕПТЕРІНІҢ ЖАСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ