ВУЛЬВОВАГИНАЛЬДЫ КАНДИДОЗДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН МИКРОБҚА ҚАРСЫ ӘСЕРІ БАР ЖИНАҚ

18 Mar 2013

С.Е.  Келімханова,  Л.Г. Сатаева, Г.Б. Жұмабаева

С.Ж. Асфендиаров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

 

 

Біздің тәжірибеміздің мақсаты күнделікті қолданылатын және дәрілік өсімдіктердің түрлерінен аурудың белгілерін емдейтін жинақ құрамын дайындау болып табылады.Дәрілік заттардың жинағы айқын микроптарға қарсы әсер көрсетеді.

Түйінді сөздер: дәрілік өсімдіктер, дәрілік өсімдіктердің жинағы, микробқа қарсы әері.

 

Соңғы он жылда дәрілік өсімдіктерді қолдану өзектілігі бірнеше есе көбейді. Бұның себебі біз бүгінде терапевтикалық сәтсіздіктер мен ятрогендік асқынулардың куәгері болудамыз. Сонымен қатар адам өмірінің ұзақтығымен патологиялық аурулар саны көбейюде, оларға дәрілік заттарды бір мезгілде тағайындау қажет. Бүгінгі таңдағы вульвавагиналды кандидозды диагностикалау және емдеудегі жетістіктерге қарамастан ауру акушерлік  гинекологиялық аурулар арасынан алдыңғы қатарды алуда.Тағы да бір көңіл аударатын жайт, вульвовагинальды кандидоз өзінің созылмалылығымен, бірнеше жылдар бойы қайталанып өтуімен, басқа мүшелер мен жүйелерге таралу мүмкіндігімен ерекшеленеді, олардың қызметтерін терең өзгертіп, үрдістің генерализациясына алып келеді. Антифунгальды препараттарды ұзақ қолдану, микозбен қатар жүретін аурулардың болуы, жанама әсерлердің ауырлығы мен күшеюіиің байқалуы, аллергия, көптеген синтетикалық препараттарға идиосинкразия дәрілік өсімдіктерден жасалған эффективті заттарды іздестірудің тәжірибелік маңыздылығын күшейтеді. Табиғи биологиялық заттардың микробтарға қарсы әсер ететіні анықталған, олардың саны оннан астам әртүрлі дәрілік өсімдік шикізатымен көрсетілген. Бүгінгі таңда медицинада өсімдік текті кең спектрлі жаңа антибактериялдық заттар жеткілікті (сальвин, новоиманин, хлорофилипт), ал микробқа қарсы заттардың тобында тек сангвиритрином ғана бар. Аяғы ауыр әйелдерде болатын кандидозды емдеуге арналған дәрілік препараттарға арнайы талаптар қойылады: қоздырғыштардың резистенттілігінің дамуын индуцирлеу қасиетін минимализациялау және әсерінің жоғары болуымен қатар, олардың эмбрионотоксикалық әсері төмен болуы және ананың денсаулығына зиян келтірмеуі тиіс. Тератогендік әсеріне байланысты кейбір зеңге қарсы дәрілік заттарды аяғы ауыр әйелдерге қолдануға болмайды. Сондықтан аяғы ауыр әйелдерге болатын гинекологиялық қабыну үрдістерін тәжірибе жүзінде емдеуге дәрілік өсімдіктер қолданылады, себебі олардың құрамында флаваноидтар, полисахаридтер, дубильдік заттар секілді БАЗ болады, олар қабынуға қарсы, жараны жазады және микробтарға қарсы әсер етеді.

Біздің тәжірибеміздің мақсаты  — күнделікті қолданылатын және дәрілік өсімдіктердің түрлерінен аурудың белгілерін емдейтін жинақ құрамын дайындау болып табылады.

Бірінші сатыда біз аурудың белгілерін немесе ауруды тудыратын себептерді, сонымен бірге организмнің аурумен байланысқан жүйесін анықтаймыз, олар патологиялық үрдістерге ұшыратуы мүмкін. Бұдан кейін әдебиеттер, интернет ресурстары көмегімен ауру белгілері және нозологиясы анықталғанда қолданылатын жазбалар мен олардың құрамдарының кездесу жиілігіне талдау жасаймыз (№1 кестені қара).

 

 

1 — кесте

 

 

Талдау нәтижесі бойынша жазбалардың ішінен ең көп қолданылатын дәрілік өсімдік шикізатын және олардың қосындысын таңдаймыз және оның ішінен көп кездесетін дәстүрлі үйлесімдегі және рецепттегі әсер ететін ядроны (2-3 негізгі компонентті) бөліп аламыз. Бұған параллельді түрде организмнің байланысқан жүйесіне әсер ететін ДӨШ-ның түрлерінің жинағына зерттеу жүргіземіз. Осының нәтижесінде жинақтарды құраудағы алгоритмнің негізгі ерекшелігі жүзеге асады: 2-3 негізгі компоненттерді жазбаға енгізу, олар аурудың себептері мен белгілерін жояды және оларға олардың күшін жоғарылату үшін (әсердің бір бағыттылығы) немесе организмнің байланысқан жүйелеріне әсер ету үшін немесе дәмі мен иісін өзгерту үшін қосымша ДӨШ қосады. Соңғы сатысында жинақтық рецепттің оптимализациясы жүргізіледі, дайындаудың (алудың) технологиясын іздеу, стандартизациялау әдістерін және қолдану жөніндегі нұсқаулықты дайындау жүзеге асырылады. Алгоритмді қолдана отырып біз келесідегі құрамдағы жинақты құрдық: сүйелшөп шөбі, қырықбуын шөбі, түймедақ гүлі, тырнақгүл гүлі, – қатынастары (10:40:25:25). Ана мен ұрыққа жағымсыз жүйелік әсердің қаупін төмендету үшін аяғы ауыр кезінде дәрілік заттарды қолданудың ең қауіпсіз жолы – интровагинальды қолдану болып табылады. Сондай-ақ осындай енгізу барысында клиникалық белгілердің редукциясы және сауығуы тез жүреді.

Біздің зерттеуіміздің келесі сатысы, алынған жинақтың микробқа қарсы, зеңге қарсы белсенділігін зерттеу болып табылады.

Бұл мақсатпен біз келесі әсерлерді ескереміз, мысалы: экстрагент, шикізат бөліктерінің өлшемі, шикізат-экстрагент қатынасы, температура, уақыт және қайталануы. Оптимальды параметрлерді тапқан кезде және жинақтан экстракт алған кезде, оның микробқа қарсы және зеңге қарсы белсенділігі МФ ХІ басылымы бойынша зерттейміз.

 

Әдебиеттер тізімі

1       ГФ СССР: Общие методы анализа. Лекарственное растительное сырье / МЗ СССР – 11-ед. изд./ доп. – М: Медицина, 1990.  – Вып. 2

2       Особенности клиники и лечения вагинального кандидоза у беременных женщин. // Гинекология.  – 2003. — №5.  – С. 29-34.

3       Тютюнник В.Л. Вагинальный кандидоз у беременных этиология, патогенез, клиника, диагностика, лечение. //Фарматека.  – 2009. —  №11. — С.62-65

4       Ермакова В.А. Фармакогностическое изучение и стандартизация сборов, брикетов, растительных порошков: Автореф. Дисс…, д-ра фарм. Наук.  – М: 1999. —  46с.

5       Чаузова А.В, Кислева Т.Л, Мельникова Н.Н, Ребров В.Г. // Тез. докладов III Балтийского конгресса по альтернативной медицине.  – Юрмала. — 1996г. – 7 c.

 

С.Е. Келимханова, Л.Г. Сатаева, Г.Б. Жумабаева

ПРОТИВОМИКРОБНЫЙ ЛЕКАРСТВЕННЫЙ СБОР, ИСПОЛЬЗУЕМЫЙ ПРИ ВУЛЬВОВАГИНАЛЬНОМ КАНДИДОЗЕ

Резюме: Целью настоящего исследования — является разработка сбора на основе опыта традиционного применения отдельных видов лекарственного растительного сырья. В статье говорится об эффективности сбора для лечения кандидоза у беременных женщин. Сбор лекарственных растений обладает ярко выраженными антимикробными свойствами.

Ключевые слова: лекарственные растения, сбор лекарственных растений, антимикробные свойства

 

S.E. Kelimhanova, L.G. Satayeva,  G.B. Zhumabaeva

The antimicrobial medicinal collections used in the vulvovaginal candidiasis

 

Resume: Main purpose is to design the collection based on the experience of traditional use of certain types of medicinal plants.The article refers to the collection efficiency for the treatment of candidacies in pregnant women. Collection of medicinal plants has obvious anti-microbial properties.

Keywords: medicinal plants, collection of medicinal plants, anti-microbial properties

 

 

ВУЛЬВОВАГИНАЛЬДЫ КАНДИДОЗДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН МИКРОБҚА ҚАРСЫ ӘСЕРІ БАР ЖИНАҚ

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ