УЧАСКЕЛІК МЕЙІРБИКЕ МЕН ПАЦИЕНТТІҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЭТИКА ДЕОНТОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

15 Mar 2013

УДК: 616-082, 617.576

 

А.С. Аскарова

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті

Медицина саласындағы медициналық қызметкер мен пациенттің қарым-қатынасына қойылатын этикалық талаптар ерте заманнан бері қалыптасқан. Бұл мәселелер туралы көптеген атақты дәрігерлердің, соның ішінде Гиппократтан бастап, қазіргі заманауи биоэтика саласындағы зерттеушілердің еңбектерінде жазылған. «Медициналық құпияны» сақтауға қойылатын этикалық талаптар, «пациентке зиян келтірмеу» қағидасы, науқастың қамы үшін барлық жағдай жасау пациенттке деген сыйластықтың белгісі. Заманауи медициналық қызметкердің жұмысы одан жоғары деңгейдегі тұлғалық кәсіби жауапкершілікті талап етеді. Медициналық қызметкердің кәсіби жауапкершілігі  моральдық, административтік және құқықтық жауапкершіліктен құралған күрделі құбылыс.

Түйінді сөздер:  медициналық этика, мейірбике мен пациенттің қарым-қатынасы, құқықтық аспектілер.

 

Медициналық көмектің сапасысының жақсаруы мен қолжетімділігі — жыл сайынғы Президенттің Қазақстан халқына жолдауында және 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада бекітілген, ҚР азаматтарының денсаулық сақтау саласындағы, мемлекеттік саясаттың маңызды нышандарының бірі. Жаңа жағдайдағы реформалау мен қаржыландыру мақсатында, ҚР денсаулық сақтау саласының алдында: халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру, сапасын жақсарту және тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру сияқты күрделі мәселелер тұр. Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасының объективті критерийлерінің бірі болып—этика-деонтологиялық критерий саналады, ал сапасының субъективті критерийлерінің бірі болып—пациенттің медициналық көмекке қанағаттану деңгейі және шағымының жоқтығы саналады  [1].

Медициналық этика және медициналық деонтология – спецификалық жағдайдағы, үлкен парыздың, кәсіби қызметтің, жалпы адамзаттың адамгершіліктік үлкен міндетінің айқындылығы болып табылады. «Материалдық және рухани қызмет салаларында, денсаулық сақтаудың қызметкерлерімен басқарылатын, денсаулықты сақтау мен нығайтуда адамдар мен қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған барлық адамгершілік факторларының жиынтығын» медициналық этика қарастырады. Медициналық этика мен медициналық деонтологияның мағынасы, денсаулық сақтаумен тығыз байланысты, медициналық қызмет саласындағы коммерцализацияға қатысты әлеуметтік-экономикалық қатынастың өзгеруіне, нарықтық, маркетингтік үрдістердің еңгізілуіне байланысты кеңейе түсуде [2].

Медицинадағы емдеу үрдісі барысындағы азаматтардың ерекше құқықтарының сақталуы керектігін және оның маңызды екендігін гуманистік тағлым ету дәлелдейді [3]. Әрбір пациенттің белгілі бір құқықтары мен міндеттері бар. Егер оларды бұзған жағдайда әкімшілік, тіпті заң жүзінде жауапқа тартылады. Медициналық этика да, заң да негізінде бір сұрақты реттейді, олар:дәрігерлердің, медқызметкерлердің, пациент пен қоғамның өзара қарым-қатынасындағы міндеттері мен құқықтары, медициналық көмек көрсету және көмек алу шарттары, көрсетілетін көмек сапасы, еңбек мерзімі, көлемі және еңбек ақының реттілігі, т.б.[4].

Атап кететін жағдай, соңғы кездері мейірбике  мен пациенттің өзара қарым қатынасының көрінісінде неғұрылым жылдам өзгерістер болуда. Өзгерістердің негізгісі болып, науқастың құқықтарының артуы және мейірбике мен пациенттің өзара қарым қатынасындағы ерекшеліктер саналады. Өзгерістің түп негізі-өзара қарым — қатынастың патерналисттік типінің патерналисттік емес типіне ауысуында. Медициналық қызметкер мен пациенттің қарым-қатынасы тең құқылы екі серіктестер арасындағы диалогтай көрініс беретін түрі — патерналисттік концепция деп аталады. Бұл қарым қатынастың ерекшелігі –медициналық қызметкерлермен қызметтесу барысында, оның этикалық компетенттілігін мойындауына, пациентке-жеке, автономды тұлғаға деген көзқарасына негізделеді [5].

БМСК ке түсетін салмақтың ауырлығын есепке ала отырып, жалпы тәжірибелік дәрігерлер институтының кеңейе түсуімен қатар, жанұялық/участкелік мейірбикенің де ролі және өзіне тән қасиеттерінің ерекшеліктері артуда [6].

Бірақ та, медициналық қызметкерлерде де, пациенттерде де этика-құқықтық қарым-қатынас мәселесі, заңдық-нормативтік акт және өзара қарым қатынасты реттейтін басқа да құжаттар туралы мәліметтің жеткіліксіздігі,  білімнің толық еместігі сияқты мәселелер де орын алуда [7].

Қазақстан Республикасының қоғамдық денсаулық сақтау саласында этика-құқықтық нормалары ескерілген, медициналық қызметкерлер мен пациенттердің өзара қарым қатынасын зерттеу актуальды тапсырма болып саналады [8].

Мейірбике мен пациенттің этика-құқықтық нормалармен қамтылған өзара қарым-қатынасын зерттеу және оларды толық жетілдіре отырып, мейірбике мен өзара іс-әрекетінің жақсарту жолдарын әзірлеу, нұсқауларды өңдеу біздің негізгі тапсырмамыз болып отыр [9].

Осыған орай, алға қойылған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер атқарылады:

  1. Этика-құқықтық нормалар туралы мейірбикелер мен пациенттердің білім деңгейін анықтау;
  2. Этика-құқықтық нормалар туралы мейірбикелер мен пациенттердің білім деңгейін салыстыру сараптамасы және өзара қарым-қатынасына қанағаттану деңгейін анықтау;
  3. Мейірбикелердің психотипін анықтау және мейірбикелердің қызметінде кездесетін шиеленістік жағдайлардың жиілігімен қаншалықты байланыста екендігін анықтау.
  4. Медициналық қызмет көрсету кезінде,этика-құқықтық нормаларды сақтауды жақсарту жөніндегі ұсыныстардың нұсқамасы.

Біз келесі ғылыми зерттеу әдістерін қолдануды жоспарладық:ғылыми және арнайы әдебиеттердің мәліметтеріне сараптама жүргізу, анкета жүргізу, арнайы сұраунама көмегімен психотипті анықтау, математикалық және статистикалық сараптама.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы ол алғаш рет Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында, этика-құқықтық нормаларды есепке ала отырып, мейірбикелер мен пациенттердің өзара қарым қатынасын зерттеу және оны дамыту мақсатындағы ұсыныстарды әзірлеу.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығын атап көрсететін болсам, әзірленген ұсыныстарды тәжірибелік денсаулық сақтау саласына еңдіру-медициналық қызметкерлерді этика-құқықтық нормалармен ақпараттандырылуын жоғарлатады, сонымен қатар,этика-құқықтық нормалардың медициналық қызмет көрсету кезінде сақталуын қамтамассыз етеді, нәтижесінде тұрғындарды медициналық көмекпен қамтуда, сапасының жоғары болу мүмкіндігі  артады.

 

 

әдебиеттер тізімі

1       Конституция Республики Казахстан

2       Мишаткиной Т.В., С.Д. Денисова, Я.С. Яскевич Биомедицинcкая этика, учебное пособие. — Минск: ТетраСистемс, 2003. —  C.136-166.

3       Уголовный кодекс Республики Казахстан, 1997.

4       Г. Нокиной, В. Гуревич Отношение населения к своему здоровью и системе здравоохранения:  Результаты социолог. исслед. — Алматы: Фонд XXI век, 2002. – C. 15-41

5       Иванюшкин А.Я., Курило Л.Ф., Лопухин Ю.М., Седова Н.Н., Тищенко П.Д., Юдин Б.Г. Биоэтика: вопросы и ответы. – М.: Прогресс-Традиция, 2005. – C. 8-9, 48-59.

6       Зыятдинов К.Ш. Некоторые этико-правовые проблемы взаимоотношений врача и пациента // Проблемы социальной гигиены, здравоохранения и истории медицины. – 2000. — № 2. – С. 22-25.

7       Закон Республики Казахстан «Об охране здоровья граждан», 2006.

8       Шарманов Т.Ш.  «Денсаулық сақтау экономикасы және мемлекеттік денсаулық қорғау қызметтінің перспективтері». — 2000 ж.

9       Зыятдинов К.Ш. Некоторые этико-правовые проблемы взаимоотношений врача и пациента // Проблемы социальной гигиены, здравоохранения и истории медицины. – 2000. — № 2. – С. 22-25.

А.С  Аскарова

Этико-правовые аспекты взаимоотношений участковых медсестер  и пациентов

 

Резюме: Этические требования к общению медицинского работника с пациентом вырабатывались в медицине со времен глубокой древности. Размышления об этих проблемах содержатся в трудах многих выдающихся врачей, начиная с трудов Гиппократа и заканчивая современными исследованиями в области биоэтики. Этические требования соблюдения «медицинской тайны», непричинения вреда пациенту, направленности всей деятельности медика на благо больного – это проявление уважения к личности пациента. Деятельность современного медицинского работника требует от него высокого уровня личной профессиональной ответственности.   Профессиональная ответственность медицинского работника – явление сложное,  включающее в себя моральную, административную и правовую ответственность.
Ключевые слова: медицинская этика, взаимоотношения медицинской сестры и пациента, правовые аспекты.

 

A.S. Askarova

Ethic and legal aspects of relationship of local nurses and patients

Resume:   Ethical requirements to communication of the medical worker with the patient were developed in medicine since an extreme antiquity. Reflections about these problems contain in works of many outstanding doctors, since Hippocrates’s works and finishing modern researches in the field of bioethics. Ethical requirements of observance of «medical secret», not infliction of harm to the patient, orientations of all activity of the physician for the benefit of the patient is a manifestation of respect for the identity of the patient. Activity of the modern medical worker demands from him high level of personal professional responsibility. Professional responsibility of the medical worker – the phenomenon difficult, including moral, administrative and legal responsibility.

Keywords: medical ethics, relationship of the nurse and patient, legal aspects

 

УЧАСКЕЛІК МЕЙІРБИКЕ МЕН ПАЦИЕНТТІҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЭТИКА ДЕОНТОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ