АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАРТАЮ ҚАРҚЫНДАРЫН ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

15 Mar 2013

Ж.АБЫЛАЙҰЛЫ, м.ғ.д. профессор, Г.Б.СРАИЛОВА, Б.П.СҰЛТАНОВА, А.А.АБИЕВА, А.Е.МЫРЗАБАЕВА,

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ішкі аурулар клиникасы,

эндокринология кафедрасы, резидентура, Алматы, Қазақстан

Бұл мақалада ауылда тұратын жастары 45-тен асқан пациенттердің жасы ұлғайған сайын қартаю қарқын үлесін анықтай отырып, қай жас аралығында өз шыңына жететінін зерттеу арқылы кесте түрінде көрсетілді. Сонымен қатар, кеңінен таралған аурулардың кездесу жиілігін егде жастағы ауыл тұрғындар арасындағы үлесі кесте түрінде көрсетілді. Пациенттердің жастарын бес жылдық аралықпен топтастырып, әрбір жастық топтың қартаю қарқынын әртүрлі мамандармен зерттеу жүргізіліп анықталды.           

Түйінді сөздер: қартаю қарқыны, қартаюға қарсы бағдарлама, зат алмасу құбылысына сәйкес жас, қауіп фактор, эндокринді аурулар жиілігі

 

Ғылыми зерттеу жұмысы аясында Алматы облысы Райымбек ауданындағы ауыл тұрғындарының қартаю қарқынын зерттеу жоспарланды. Біздің зерттеу мақсатымызға сәйкес 45 жастан асқан 359 адам қаралды, оның ішінде 270 әйел, 89 – ер. Зерттеу мақсаты: эндокринді аурулардың жиілігі мен жасының ұлғаюына байланысты қосарланған аурулардың таралуын, сонымен қатар ауыл тұрғындарының қартаю қарқынын анықтау.  Барлық зерттелушілер эндокринологпен, кардиологпен, стоматологпен, пульмонологпен, физиологпен, психотерапевтпен, генетикпен қаралды, сонымен қоса жасы ұлғайған және егде жастағы науқастарға клиникалық сұрама толтырылып, өмір сүру сапасы зерттелінді. Сонымен бірге жапондық аппарат «Tanita»-мен зерттеу жүргізілді. Алынған зерттеу нәтижелері статистикалық өңделді және жасқа байланысты анализ жүргізілді. Зерттеу нәтижелері 1-ші кестеде көрсетілген.

1 кестеде көрініп тұрғандай жасы ұлғайған және егде жастағы пациенттерде жасының ұлғаюына байланысты қосарланған мынадай аурулар кеңінен таралған: қан қысымының жоғарылауы — 42,6%, эндокринді жүйенің аурулары — 27,6%, оның ішінде йод тапшылығынан болатын аурулар — 36%, гипотиреоз — 25%,  қант диабеті – 21%, семіздік — 9%, жайылмалы уытты жемсау — 5%, климакстық синдром – 3%.

 

Кесте 1 — Жасының ұлғаюына байланысты аурулардың кездесу жиілігі.

Жасының ұлғаюына байланысты аурулар Жалпы саны Әйелдер Ерлер Кездесу жиілігі,  359 адамға шаққандағы %.
1 Қан қысымының жоғарылауы 153 121 32 42,6
2 Жүректің ишемиялық аурулары 85 52 33 23,4
3 Асқазан-ішек жолдарының аурулары 82 65 17 22,8
4 Бүйрек аурулары 64 55 9 17,8
5 Тыныс алу жүйесінің аурулары 48 30 18 13,4
6 Буын аурулары 38 27 11 10,6
7 Эндемиялық жемсау 36 33 3 10
8 Гипотиреоз 25 23 2 6,9
9 Қант диабеті 22 9 13 5,9
10 Жүйелі аурулар 18 18 0 5
11 Миома, поликистоз 11 11 0 4
12 Семіздік 9 6 3 2,5
13 Инсульт 7 5 2 1,9
14 Энцефалопатия 6 3 3 1,7
15 Жайылмалы уытты жемсау 5 4 1 1,4
16 Климакстық синдром 3 3 0 1,1
17 Парадонтоз 1 0 1 0,3

 

Жапондық аппарат «Tanita»-мен зерттеу нәтижелері алынды. Ауыл халқының зерттеу нәтижелерін сараптау 60 жасқа дейін дене салмағы бір деңгейде болатынын, ал кейінгі он жылдықта дене салмағының дәлелді түрде төмендеуі байқалатынын көрсетіп отыр, дене салмағының төмендеуінің ең жоғарғы деңгейі 70-75 жас аралығында байқалады. Ағзаның энергия жұмсауы 65 жасқа дейін өседі, ал кейіннен төмендеуі байқалады. Бұл берілген критерилер жастың өсуіне сәйкес күшейе түсетін ағзаның энергетикалық қорының азая бастайтынын көрсетеді.

Зерттеу нәтижесінде алынған орташаланған мәліметтер зерттеліп отырған параметрлердің статистикалық нақтылығын анықтауға мүмкіндік бермеді, соған байланысты біз зат алмасу өзгерістерінің жиілік таралымын зерттедік. Түрлі жастық топтардағы зат алмасу құбылыстарына сәйкес жастың (адамның зат алмасу үрдістерінің деңгейіне байланысты жас) өзгеріс жағдайларының жиілік таралымы сол топтардағы бөлшекті ерекшелігін көрсетеді және 2-кестеде кескінделген.

 

Кесте 2 – Ауыл тұрғындарының әртүрлi жастық топтарындағы зат алмасу құбылыстарына сәйкес жас өзгерістерінің жиiлiгi

Жасы

45 тен  50 дейінгі жас

50 ден   55 дейінгі жас

 55 тен  60 дейінгі жас

 60 тан  65 дейінгі жас

65 тен  70 дейінгі жас

 70 тен 75 дейінгі жас

 75 тен жоғарғы жас

Саны, N

95

93

82

51

20

13

5

Қартаюдың жылдам қарқыны, % (1)

69,5±4,7

65,6±4,9

47,6±5,1

27,5±5,2

30,0±10,2

7,7±2,8

20,0±17,8

Қартаюдың төмендеу қарқыны, % (2)

28,4±4,6

23,7±4,4

43,9±5,1

66,7±8,1

70,0±10,2

92,3±9,6

80,0±17,8

Зат алмасу құбылысына сәйкес жас және төлқұжаттық жастың сәйкестігі, % (3)

2,1±1,4

10,8±3,1

8,5±2,9

5,9±2,4

0±0

0±0

0,0±0,0

Р1-2

<0,001

<0,001

>0,05

<0,001

<0,05

<0,001

<0,05

Р1-3

<0,001

<0,001

<0,001

<0,001

Р2-3

<0,001

<0,05

<0,001

<0,001

 

Әрбiр жастық топтағы өзгеру жағдайларының жиiлiгiн сараптау мынаны көрсетеді: 45 пен 50 жас аралығындағы жастық топтарда қартаюдың жылдам қарқыны — 69,5%, яғни зат алмасу құбылысына сәйкес жастың төлқұжаттық жастан үлкен екендігін көрсетедi. Тек қана 2,1% жағдайларда зат алмасу құбылысына сәйкес жас және төлқұжаттық жастың сәйкестiгі байқалып отыр.

Қартаюдың жылдам қарқыны (яғни оларда зат алмасу құбылысына сәйкес жас төлқұжаттық жастан үлкен болады)  45-50 жас аралығында және 50-55 жас аралығында  өз шыңына жетеді, ол  69,5% және 65,6% сәйкес. 55 жастан бастап жылдам қартаюдың кездесу жиілігінің ұдайы төмендеуі байқалады, демек жасы ұлғайған сайын ауыл тұрғындарының дене салмағының артуы азаяды.  Жылдам қартаюдың ұзақтығы шамамен 5 жастан 35 жасқа дейін. 70-75 жас аралығындағы жастық топта қартаюдың жылдамдауы 7,7% жағдайларда байқалады, ал  92,3% жағдайларда төлқұжаттық жас зат алмасу құбылысына сәйкес жастан артық. Бұл мәліметтер жылдам қартаюдың көбіне 45-55 жас аралығында пайда болатынын көрсетеді. Сондықтан дәл осы контингент арасында қартаюға қарсы бағдарлама бойынша көмек беру қажет.

 

 

Список литературы

1       А.Аканов, С.Ямошита, С.Мейрманов и др. Пожилые люди и их проблемы: опыт Японии и Казахстана. —  Нагасаки-Алматы: 2008. -199 с.

2       А.Аканов, С.Сейдуманов, В.Ахметов и др. Контуры нового здравоохранения и концептуальные подходы к стратегии реформы здравоохранения до 2020 года. —  Алматы: 2009. -165 с.

3       А.Аканов, К.Нурманов, А.Арингазина и др. Общественное здравоохранение: основные подходы и принципы определения и удовлетворения потребностей человека.   — Алматы: 2007. -136 с.

 

 

 

 

Резюме: В этой статье показаны как были осмотрены лица сельского населения старше 45 лет и изучение частоты случаев эндокринных и распространенность возраст ассоциированных заболеваний с последующим определением темпа старения сельского населения. Все обследуемые осмотрены эндокринологом, кардиологом, стоматологом, пульмонологом, физиологом, психотерапевтом, генетиком с последующим заполнением клинической анкеты пациента старшего и пожилого возраста, также изучено качество жизни, одновременно проведены обследования на японском аппарате «Tanita». Полученные результаты исследования статистически обработаны и проведен анализ в зависимости от возраста. Все полученные данные показаны в виде таблицы.

Ключевые слова: темп старения, программа антистарения, метаболический возраст, фактор риска, частота эндокринных заболевании.

 

 

 

Resume: It was described examinations of rural areas population who are older than 45 years and study of endocrine and age associated diseases frequencies with the subsequent determination of countrys ageing population rate. All examined participants were examined by an endocrinologist, cardiologist, stomatologist, pulmonologist, physiologist, psychotherapist and geneticist with the subsequent filling of the clinical questionnaire of the older age patient. Also, it was studied the quality of life. At the sametime it was carried out examinations on the Japanese device TANITA. All the collected dates were statistically processed and analyzed depending on age. Obtained dates were shown in a table.

Keywords: ageing rate, anti-aging program, metabolic age, risk factor, frequency of endocrine diseases.

 

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАРТАЮ ҚАРҚЫНДАРЫН ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ


Нургожин Талгат Сейтжанович

Главный редактор журнала


Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ