4-ші бөлім. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ң медициналық білім беру үлгісі

21 Dec 2012

Қазақстан Республикасының білім саласындағы түбегейлі сапалы өзгерістері мемлекетіміздің Болон декларациясына қол қоюымен айқындалған, білім жүйесінің халықаралық білім кеңістігіне ықпалдастығына септігін тигізеді. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті – Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойған жоғары оқу орындарының бірі.

Қазақ Ұлттық медицина университетіндегі білім сапасын дамытудың негізгі бағыты – білім берудің сапалы жаңа жүйесін қолдану арқылы кәсіби маманның жаңа үлгісін қалыптастыру. Ұсынылып отырған, жеке-жеке төрт бөлімнен тұратын кітаптар жинағы осы мәселені шешуге бағытталған, бұл жинақтарда университеттегі білім беруді дамытудың жаңа алгоритмі берілген.

Бірінші кітапта жеке мамандықтар бойынша оқыту деңгейіне сай іріктелінген құзыреттіліктерге мәліметтер берілген.

Екінші кітапта МЖМБС – 2006 сәйкес элективтік пәндерді көрсете отырып, құзыреттіліктерге негізделген білім бағдарламалары өңделінген. Бұлай өңдеу келешекте студенттің жеке білім траекториясын таңдауға септігін тигізетін мамандықтың білім траекториясын қалыптыру кешенін дайындауға мүмкіндік туғызды.

Алға қойған мақсаттарды іске асыру және білім сапасын арттыру, тиімділігі мен қол жетімділігін қамтамасыз ету барысында Университет оқытудың инновациялық әдістерін белсенді түрде енгізуде, бұл жайлы үшінші кітапта баяндалған.

Оқытудың жаңа жүйесі білім алушылардың құзыреттіліктерін бағалаудың тек қана бағаланатын құзыреттілікті ғана қамтымай, оқыту деңгейін ескеруді де қажет ететін, өзге жолдарын талап етеді. Төртінші кітап осы  мәселелерді қамтыған.

Жинақ магистрлерге, резиденттерге, студенттерге және медициналық жоғарғы оқу орнының оқытушыларына және білім саласындағы мамандар мен оқу орындарының басшыларына арналған.

 

4-ші бөлім. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ң медициналық білім беру үлгісі

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ