БАЛАДАҒЫ ЦЕЛИАКИЯ АУРУЫНАН ЖАСАЛҒАН ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫҢ ГАСТРОЭНТЕРОЛОГИЯ ЦИКЛЫН (МАЛЬАБСОРБЦИЯ СИНДРОМЫ Ж.Б.) ОҚЫТУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ

26 Nov 2012

УДК: 616.34-053.2-07-08.

 

Г.М.Қанағатова, С.Е.Қайназарова, Е.Н. Шорина, Р.Н. Қасымова, А.Д.Баймұратова

С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, Алматы қ.

Мақалада гастроэнтерология циклын оқыту процесі мен студенттердің практикалық дағдыларды меңгеруінде кафедраның баладағы целиакия ауруынан жасалған ғылыми жұмысының интеграциясы үшін, ғылыми зерттеу нәтижелерін талдау, зерттеу әдіс-тәсілдерін пайдаланудың позитивті нәтижелері берілген. 

Түйінді сөздер: целиакия, интеграция, дағдылар, гастроэнтерология

 

Еліміздің жоғары мектеп жүйесі Болонья процесінің идеяларын толық қабылдап, оқыту жүйесін осы үрдіспен байланыстыруы білім беру жұмысына елеулі өзгерістер енгізуді талап етеді [1].

Құзыреттілікті қалыптастырудың ұстанымдық үлгісі – базалық білім, арнайы білім, дағдылар және дағдыларды игеруден тұратыны белгілі. Яғни, практикалық сабақты жүргізудің нәтижесінде студенттерде құзырлық қалыптасуы мен оны бағалаудың іске асырылуын қамтамасыз ету қажет [2].

№2 бала аурулары кафедрасында соңғы жылдары «Целиакиямен сырқат баланың жүрек-қантамыр жүйесінің функционалдық жағдайы» атты ғылыми жұмыс жүргізілді. Кафедра қызметкерлері жетекшілігімен целиакиядан клиникалық-ғылыми жұмысты жүргізуге 6 курс студенттері қатысты. Осы ғылыми жұмыстың мақсаты, тапсырыстары және мазмұны гастроэнтерология циклын өткізуге, оның ішінде мальабсорбция тақырыбын оқытуда өзіндік және құнды көмегін тигізді. Аурудың алғаш ірет  дәнді-дақылдарды тағамға қосқанда шығатыны, яғни целиакиямен ауыратындардың бидай, арпа, сұлы т.б. дақылдарда болатын глютенді көтермеушілігін қазақ бөлімеріндегі студенттерге ыңғайлы тұрғыда беріп, «ауру — астан» деген мәтелдің терең ұғымы арқылы түсіндірдік.

Осымен бірге, целиакияда негізгі орын алатын мальабсорбция синдромының түсінігі, яғни асқазаннан түскен ас құрамының ішекте қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылысы, басқа да, осыған ұқсас патологияларды қатарынан ұғындыруға мүмкіндік туды. Ол аурулар  — лактаза ферментінің жетіспеушілігі, экссудативті энтеропатия және муковисцидоздың ішектік түрі.

Топта оқитын әр студентке бөлек-бөлек целикиядағы жүйелі бұзылыстардың синдромдарын баяндап, кейс-стади тәсілімен эндокриндік жүйе, сүйек-шеміршек, жүрек-қантамыр жүйесі, аласа бойлық және физикалық дамудан артта қалу, минералды элементтердің дисбалансы (К, Са, Мg) т.б. өзгерістердің жиі кездесетінін целиакиямен ауыратын баланың сырқатнамасынан дәлелденіп көрсетілді.

Кейс-стади тәсілі, әсіресе, аурудың атипті және латентті түрлері болатынын көрсетуге және клиникада жатқан, солардың өзі қарап жүрген (курациялаған) ауруынан тауып, талдауға ыңғайлы болды.

Осымен қатар, целиакияға диагноз қою тәсілдерін осы күнгі деңгейде жасау – имундыхроматографиялық тіндік трансглутаминазаға қарсы денелерді анықтаудың биокард тесті, аш ішек шырышты қабатының биопсиясы, иммунды ферментті сынақ арқылы глиадинге қарсы антиденелер титрін анықтауды студенттердің өздерінің жүргізуі (ғылыми жұмыста қолданылған әдіс-тәсілдер), әсіресе, олардың оң жауаптары ерекше қызықтыратыны байқалды.

Студенттерді практикалық үйреністерге жетектеу жолында целиакияда кездесетін ЭхоКГ өзгерістерінің мағынасы үлкен болды. Әсіресе, осы ауруға тән — сол қарынша миокардының жиырылу күшінің азаюы, жүрек қуыстарының целиакияға байланысты кеңеюі және қуыс іргелерінің жіңішкеруі целиакиядағы жүрек-қантамыр жүйесі жұмыстарының патогенетикалық өзгергені іс жүзінде көрінді.

Осы нәтижелерді жинау, сараптау целиакиямен ауру балалардың сырқатнамасын талдау жолдары студенттердің ғылыми жұмысына тиімді материал болып, олардың көктемдегі студенттердің ғылыми конференциясына баяндама дайындауына тиек болды.

Қабынулық емес сипаттағы жүрек-қантамыр жүйесінің өзгерістері бар және анамнезінде тұрақсыз нәжіс, анда-санда іштің кебуі тағы басқа белгілер болса, баланы целиакия диагнозының бар-жоғына тексеру қажеттігінің көрсеткіші екенін студенттер экзаменге дейін жадында сақтайды.

Соның дәлелі – осы жүйемен инновациялық әдістер сабақта пайдаланылғанда студенттердің білім деңгейі сабақ барысында (85,0 балл) және оның соңында (95,0 балл) құрады; ал инновациялық әдістерді бұған дейін қолданбаған топтарда (80,0 және 85,0 балл) болғаны дәлелденеді.

Біздің ғылыми зерттеу жұмысымыздың нәтижелері ҚР ДСМ бекітіп, 2008 жылы баспадан шыққан  «Диагностика и лечение целиакии у детей» атты әдістемелік ұсыныстардың құрамына кірді. Осы әдістемелік ұсыныстар студенттердің практикалық сабақтарында  кеңінен қолданылады.

Қорыта келе, кафедрадағы ғылыми жұмысымыздың нәтижелерін оқу процесіне енгізудің арқасында студенттерге целиакия ауруы және мальабсорбция синдромы тақырыптарындағы практикалық сабақтарды ұтымды өткізуге өте пайдалы болды. Сонымен бірге ғылыми жұмыстың әдістерімен тәсілдері (ЭхоКГ, лабораториялық анализдер) практикалық үйреністерді сапалы түрде, студенттің өз қолымен іске асыруға қосқан үлесі және ғылыми талдау, баяндама жасау арқылы іске асыруға сәтті мүмкіншіліктер туғызды.

Әдебиеттер тізімі

1       А.Әлімов Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану. Оқу құралы.-Алматы, 2009ж.-328бет.

2       Модель медицинского образования КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова (предварительные итоги, проблемы, перспективы). Алматы, 2011, 116 б.

 

Г.М.Қанағатова, С.Е.Қайназарова, Е.Н. Шорина, Р.Н. Қасымова, А.Д.Баймұратова

Значимость научной работы кафедры по целиакии у детей в преподавании цикла гастроэнтерологии (синдрома мальабсорбции и др.)

Резюме: в статье приведены позитивные результаты использования методов исследования, обсуждения результатов научных исследований у детей, больных целиакией для интеграции научной работы кафедры в процесы преподавания и усвоения практических навыков студентами на цикле гастроэнтерологии.

Ключевые слова: целиакия, интеграция, навыки, гастроэнтерология

 

 

G.M.Kanagatova, S.E.Kainazarova, E.N.Shorina, R.N.Kasymova, A.D.Baimuratova

The importance of scientific research, which has done among children with celiac disease during gastroenterology cycle

(malabsorbtion syndrome and others)

Resume: the article presents positive results of methods, which was used, discussion of scientific results, that was hold among, children with celiac disease for integration of Departament’s scientific work in process of teaching and giving practical skills for  students in gastroenterology cycle.

Keywords: Celiac disease, integration, skills, gastroenterology

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ