ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ СУИЦИД МӘСЕЛЕСІ

28 Sep 2012

 

Г.Б. Абасова, Г.А. Диханбаева, А.А. Каракулова, С. Сахова

Х.А.Ясауи  атындағы Халықаралық Қазақ–Түрік университет,

неврология, психиатрия және наркология кафедрасы, Шымкент қ.

 

 

 

Жоғарыда аталған мәліметтерге сүйене отырып, облысымыздағы суицид фактілерінің көбейгені, шын мәнінде қоғамдық және әлеуметтік проблемаға айналып отыр. Осы мәселеге сәйкес, суицидальді әрекеттің алдын алу шараларына барлық мамандар мен барлық тұрғындар  қатысуы керек.

Түйінді сөздер: суицид, Оңтүстік Қазақстан облысы, қоғамдық және әлеуметтік проблема.

 

 


ПРОБЛЕМА СУИЦИДА В ЮЖНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

Г.Б. Абасова, Г.А. Диханбаева, А.А. Каракулова, С. Сахова

Международный Казахско-Турецкий универсиет им. Х.А.Ясауи, кафедра

неврологии, психиатрии и наркологии, Шымкент.

В связи с ростом суицида в Южно-Казахстанской области данная проблема становится не только медицинской, но и социальной проблемой, для решения которой необходимо участие специалистов различного профиля и общества в целом.

Ключевые слова: суицид, Южно-казахстанская область, социальная проблема.

 

 


THE PROBLEM OF SUICIDE IN SOUTH KAZAKHSTAN REGION

G.B. Abasova, G.A. Dikhanbayeva, A.A. Karakulova, S. Sakhova

International Kazakh-Turkish University n.a. H.A.Yasavi,

Department of Neurology, Psychiatry and Narcology, Shymkent

In connection with growing suicids in South-Kazakhstan region given problem becomes not only medical, but also social problem, for decision which necessary participation specialist different profile and society in celom.

Keywords: suicide, South-Kazakhstan region, social problem.

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысындағы суицид фактілерінің көбейгені, шын мәнінде қоғамдық және әлеуметтік проблемаға айналып отыр. Осы мәселеге сәйкес, суицидальді әрекеттің алдын алу шараларына барлық мамандар мен барлық тұрғындар  қатысуы керек.

Тақырыптың маңыздылығы. Шындығында, бір ғана философиялық маңызды мәселе бар, ол – адамның өзіне-өзі қол жұмсау мәселесі”,-деп айтқандай белгілі философ Альбер Камю. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Халықаралық суицидпен күрес асоциациясының жариялаған мәліметтеріне қарағанда, дүниежүзінде әрбір 40 секунд сайын бір адам суицидальді әрекетке барса, біздің елімізде әр сағат сайын бір тұрғын өз еркімен өмірімен қош айтысуға бел буады екен. Аталған ұйымның мәлімдемесіне сүйенсек, жиі бұл әрекетке 15–44 жас аралығындағы азаматтар баратын көрінеді. Әлемде өзіне қол жұмсау фактілері соңғы 45 жылда 60%-ке көбейгенін ескерсек, бұл көрсеткіштер жыл сайын артып келеді.

Мақсаты мен міндеттері: Оңтүстік Қазақстан облысы (ОҚО) аумағындағы суицид проблемаларын қарастыра отырып; 1. Суицид  ұғымы  мен  суицидальді  синдромға  түсінік беру; 2. Бұл проблеманы әлеуметтік – философиялық және психотерапиялық тұрғыдан сараптау; 3. Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсау әрекетіне баруға әсер ететін қоғамдық  факторларды анықтау.

Материалдар мен зерттеу әдістері. Зерттеу барысында қолданған материалдар: Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен облыстық денсаулық сақтау департаменті, ішкі істер департаменті, облыстық психоневрологиялық диспансер, облыстық білім беру департаменті, статистикалық мәліметтері және  интернет ресурстары.

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы 10 қыркүйекті Дүниежүзілік суицидпен күрес күні деп жариялады. Қазақстанды ВВС тәуелсіз телекомпаниясының сайтында 2008 жылы Қазақстанда 30 жағдайға жетті деп, 5–ші орынға жариялаған болатын. Бұл кестеде 1–ші орында–Қытай (100 мың адамға – 59 жағдай), 2–ші орын Куба  (41,5 жағдай), 3–ші орын Литва (39 жағдай), 4–ші орын Ресей (36 жағдай) және дамыған елдерден Жапонияда 24,1 жағдай, АҚШ–да 10,4 жағдай тіркелген екен. Қазақстанда ең депрессивті аймақтарға, яғни суицидальді әрекетке салыстырмалы түрде жиі баратын – Оңүстік Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарын жатқызуға болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында жасөспірімдер арасындағы суицид фактілері соңғы 5 жылда күрт өскен, олар 14–17 жас аралығындағы жастар. Облысымыз халықаралық тәуелсіз ұйымдар мәлімдемесіне сәйкес балалар мен жасөспірімдер суицидінен ТМД елдері ішінде 1–ші орынға шыққан. ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы мәліметіне сәйкес, 2010 жылы облыста кәмелетке толмағандар арасында 91 өзіне қол жұмсау әрекеті тіркеліп, барлық әрекеттер қайғылы аяқталған. Ал осы жылдың жарты жылдық қорытындысында облысымызда ОІІД мәліметіне сәйкес жасөспірімдер арасында 55 суицидальді әрекет, оның ішінде аяқталғаны 31 жағдай, 24 суицид жасауға талпыну орын алған.

Оңтүстік психоневрологиялық диспансерінің мәліметі бойынша, облысымызда 2011 жылдың 9 айының көлемінде 101 суицидальді әрекет орын алып, 58 аяқалған суицид, ал 43 суицид жасауға талпыну фактілері тіркелген және аяқталмаған суицидальді әрекетке барғандардың ішінен 15 адам ОПНД–де емделіп жатыр екен.

Суицид (латынша «sui caedere») – ерікті және жоспарлы түрде жүретін, өліммен аяқталатын өзін — өзі зақымдау болып табылады. Суицидальді әрекет дегеніміз–суицидальді активтіліктің, яғни суицидальді ой, ойын білдіру, суицид жасауға талпыну және қол жұмсау деп айтуға болады.

Суицидальді әрекеттің түрлері: 1. Демонстративті с.ә. (білегіндегі қантамырды кесу, улы емес дәрілік құралдармен улану, биіктіктен құлау, т.б.). 2. Аффективті с.ә. (асылу әрекеті, токсикалық құралдармен улану, т.б.). 3. Шынайы с.ә. (асылу және улану, т.б.).

Суицидальді синдром – бұл суицидальді әрекетке бел буған адамның қимыл – әрекеті мен мінез – құлқын көрсететін психологиялық симптомокомплекс. Суицидальды синдромның 2 түрі болады: 1. псевдосуицид (аффект жағдайында жасалады, ол кезде адам өзінің мәселелеріне  көңілін аударту мақсатында жасалады); 2. шынайы суицид дегеніміз — өмірден кетуді жіті жоспарлаған мақсат, (жақын–туыстары мен дос–жарандарының және өзгелердің ой–пікірлерін ескермей, олардың қайғы–мұңымен жұмысы болмайды).

Суицид себептерін 3 топқа бөліп қарастырамыз: 1. Субъектінің тұлғалық деформациясы; 2. Психотравмалық жағдай; 3. Әлеуметтік–экономикалық, қоғамдық мәселелер, т.б. Жасөспірімдер арасындағы өзіне қол жұмсау әрекеттерінің  жиі себептері: 1. Отбасындағы ұрыс–керіс; 2. Жастар арасындағы тұлғааралық қарым–қатынастың бұзылуы; 3.  Жазалану алдындағы қорқыныш; 4. Махаббат проблемалары; 5. Кедейлік.

Суицидке кімдер бейім? 1. Өмірінде аяқталмаған суицидальді әрекетке барғандар; 2. Суицидальді ойлы, ашық қорқытулар жасағандар; 3. Өзін зақымдауға бейімділік (аутоагрессия); 4. Аффективті бұзылыстар (ауыр депрессия, невроз); 5. Отбасындағы суицидальді әрекеттің орын алуы; 6. Созылмалы алкоголизм, наркомания, токсикомания; 7. Созылмалы жазылмайтын, қатерлі дертпен науқастану; 8. Бір жыл көлеміндегі психотравманың болуы; 9. Отбасындағы, әлеуметтік, қоғамдық, тұрмыстық мәселелер; 10. Психикалық бұзылыстар.

Суициденттерді әдетте, амбивалентті сезімдер басқарады, яғни оларда бір мезгілде шарасыздық пен үміт және өмірден  кетуге құштарлық пен жарық дүниеге деген қимастық сезімдері болады. Мамандардың міндеті осы кезеңде суициденттерге кәсіби тұрғыда  көмек көрсетіп, оларға үміт беру, суицидальді әрекеттің алдын алу болып табылады.

ҚР заңына сәйкес, өзіне қол жұмсап, бірақ өліммен аяқталмаған науқастар «Психиатриялық көмек және оның кепілденген көлемін азаматтардың алуы туралы» заңында көрсетілгендей психиатриялық стационарға жедел түрде жатқызылып, қалпына келтіру және өмірге бейімдеу шаралары жүргізіледі.

Суицидтің диагностикасы және зерттеу әдістері: 1. Отбасылық анамнез бен диагностикалық сұхбат; 2. Личконың «ПДО» тесті (тұлғалық дисфункцияны анықтау); 3. Розенцвейгтің фрустрациялық толеранттылық тесті; 4. «Басстың тұлғалық бағыттылықты анықтау» тесті; 5. Тэммл – Дорки – Аменнің үрейді анықтау тесті. Суицидті алдын–алу шаралары: 1. Ерте анықтау (идентификация) және психикалық бұзылыстарды емдеу; 2. Сенім телефондары мен психологиялық көмек көрсету орталығы, басқа да мемлекеттік мекемелердегі психолог мамандардың жұмысы (барлық мектептер мен оқу орындарындағы).

БАҚ Саламатты өмір сүру салтын насхаттап қалыптастыру, санитарлы – ағарту жұмыстары. Суицид алды және оған талпыну әрекетінен кейінгі кезеңде науқастарға көмек көрсету. 1. Психокоррекция (стресске төтеп беруді үйрету, арнайы тренингтер, жеке жне топтық сабақтар); 2. Потенциальді суицидентке көмек көрсету: интервенция (субъектпен жеке қарым–қатынас нәтижесінде эмоциональді көмек көрсету).

Көмек кезінде не істеу керек? 1. Суицид қауіпін уақытылы анықтау (мүмкін болатын қауіп белгілерін іздеу); 2. Суицидентке тұлға ретінде қарау; 3. Қамқорлық қарым – қатынас орнату; 4. Жақсы тыңдаушы бола білу; 5. Әңгіме барысында суицидентке қарсы келмеу; 6. Сұхбат барысында сәтсіз жұбатуларға жол бермеу және мүмкіндігінше өмірге үміт ұялату; 7. Өзіне — өзі қол жұмсау қауіп деңгейін анықтау; 8. Жоғары қауіп тобындағы адамды жалғыз қалдырмау; 9. Арнайы мамандарға хабар беру.

Қорытынды: 1. Жоғарыда аталған мәліметтерге сүйене отырып, облысымыздағы суицид фактілерінің көбейгені, шын мәнінде қоғамдық және әлеуметтік проблемаға айналып отыр. 2. Осы мәселеге сәйкес, суицидальді әрекеттің алдын алу шараларына барлық мамандар мен барлық тұрғындар  қатысуы керек.

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ