ПРИМЕНЕНИЕ ИНФОРМАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ В УЧЕБНОМ ПРОЦЕССЕ

19 Sep 2012

Андаспаева А.А., Әжібекова Ж.Ж.

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

Резюме В процессе обновления содержания высшего медицинского образования одна из основных целей — формирование у студентов ключевых компетенций. В статье уточнены понятия компетенции и компетентности, а также рекомендовано, в процессе обучения студентов по информатике использовать следующие технологии: метод проектов и дебатов, игровая технология (ролевые игры),  проблемные дискуссии, технология интерактивного обучения (в парах, малых группах), сценарно-контекстная технология и технология модульного обучения.

 

Abstract  In the process of updating the content of the higher medical education one of the main objectives is creation of students’ primary competences.

The article emphasizes the concepts of competence. Moreover, the article recommends using of following techniques such as projects and debates, role-play games, discussions, working in groups and pairs on computer science classes.

Жоғары медициналық білім мазмұнын жаңарту үдерісіндегі негізгі мақсаттардың бірі — студенттердің бойында негізгі құзыреттілікті қалыптастыру. Информатика негізгі құзыреттілікті қалыптастыруда  үлкен әлеуеттікке ие. Алайда осы пәннің құзыреттілікті қалыптастыру қабілеті туралы айтқан кезде, оның өзіне тән ерекшеліктерін ескеру керек (1 кестені қараңыз).

1кесте  Оқу пәндерінің ерекшеліктері

Салыстыруға арналған сұрақтар Академиялық оқу пәндері Құзыреттілікті

оқу пәндеріБұл қандай пәндер?Тарих, биология, химия, физика, математика.Қоғамдық білім, құқық, азаматтық құқықтану, экономика, экология, технология, информатика, шет тілдері, өққ (өміртіршілік қауіпсіздігін қорғау), орыс тілі (тіл дамыту)Олардың мазмұнының негізін не құрайды?Ғылым, теориялық білімдер (білімдік мазмұнды иеленеді)Адамның практикалық қызметінің түрлері (қызметтік мазмұнды иеленеді)Құзыреттілік  амалдарын жүзеге асыру мүмкіндіктері қандай?ОрташаЖоғарыҚандай амалдар арқылы негізгі біліктілікті қалыптастыруға болады?

  1. Құзыреттілік түрлері мен оқыту әдістерін іріктеу.

2. Мазмұнның қолданбалы аспектілеріне ерекше көңіл бөлу.

  1. Құзыреттілік топтардың оқу пәндерін шоғырландыру.

1. Құзыреттілік түрлері мен оқыту әдістерін іріктеу.

 

2. Студенттер өмірінің бүгіні мен ертеңі арақатынасында мазмұнның толық шешімін таппауы (келелілігі).

3. Пәндер бойынша сабақтан тыс әлеуметтік практиканы ұйымдастыру.Оқыту нәтижелері қалай бағаланады?Емтихан немесе тест (білімдерін, біліктілігін және дағдыларын бағалау)Портфолио (жетістіктері мен қызмет өнімділігін бағалау)Білім беру үдерісінде пән топтарының жалпы рөлі қандай?Қарапайым білім негізін

қалыптастырадыБарынша күрделі құзыреттілік «құрылымын»

құрастырады

 

Сөйтіп, Информатиканың негізінде қызметтік мазмұн бар болғандықтан, ол құзыреттілікті қалыптастыратын пән болып табылатындығын кестеден көріп отырмыз.  Құзыреттіліктер туралы айтқан кезде құзырет пен құзыреттілік деген түсініктерді нақтылап алу керек.

Құзырет — нақты өмірлік жағдайларда тиімді қызмет ету үшін адамның өз білімін, біліктілігін мен дағдыларын және сыртқы ресурстарды жұмылдыруға дайындығы; айқын емес жағдайларда әрекет етуге дайындығы.

Құзыреттілік — адамның тиісті құзыреттілікті иеленуі, қожа болуы, бұған біліктілік пен қызмет пәніне оның жеке қарым-қатынасы жатады.

Құзыреттіліктің маңызды ерекшеліктері бар: әрдайым пайдалануға дайын күйде «сақталатын» білім, біліктілік пен дағдылардан айырмашылығы, құзыреттілік оны іске асыру кезінде ғана, демек, жағдайға байланысты жауап беру кезінде ғана «жиналады».

Құзыреттілік

Жұмылдыру

Өзін өзі басқару

Ресурстық десте:

Ішкі  ре-сурстар

 

Сыртқы  ресурcтар

Қалған уақытта құзыреттіліктің элементтері «бөлшектелінген» күйде сақталынады, ал құзыреттіліктің өзі тек әлеуетті  болады.

 

 

Жұмылдыруға дайындығы

Өзін өзі басқаруға дайындығы

Ішкі ресурстар

Сыртқы ресурстар

 

Негізгі құзыреттіліктер тізімі әлеуметтік тәжірибе мен жеке басының тәжірибесін, сондай-ақ студенттердің өз бетінше білімін дамытуға қолданылатын негізгі қызмет түрлерін құрылымдық жағынан таныстыру негізінде анықталады. Біліктіліктің 3 негізгі түрі енгізілген А. В. Хуторскийдің [1] классификациясын қарастырайық: 1) негізгі құзыреттіліктер: құндылық — мәнді, жалпы мәдени, оқу-танымдық, ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік-еңбектік, жеке тұлға ретінде өзін-өзі  жетілдіру құзыреттілігі, 2) жалпы пәндік құзыреттілік,  3) пәндік құзыреттілік.

Құзыреттіліктің әрқайсысы білім, біліктілік пен дағды және құндылықтардың үлкен кешенінен тұрады. Коммуникативтік және жалпы кәсіптік құзыреттілік медициналық оқу орнын  бітірушінің,  жалпы тәжірибе дәрігерінің басты құзыреттілігі  болып табылады. Оқытудың түрлі технологиялары, түрлері мен әдістері осы мамандық бойынша информатиканы оқып-үйрену кезінде басты құзыреттілікті қалыптастырудың негізгі құралы болып табылады[2]. Оқытуға негізделген тапсырмалар ғана емес, сондай-ақ өмірлік негіздегі тапсырмалар құзыреттілік тапсырмалары болып табылады және  ойлампаз студентте «Мұны біз не үшін істеп отырмыз?» деген жауапсыз қалатын сұрақ туындамайды.                             Құзыреттілігі жоқ оқытушының студенттері де құзыретсіз екендігін есте ұстаған жөн. Құзыреттілік құралдарының тізімі бәрінен бұрын студент ұстанымына да байланысты. Студенттердің құзыреттілігін қалыптастыру олардың белсенділігіне байланысты болады, яғни оқытушының «белсенділігі» студенттердің белсенділігіне ауысқан кезде ғана болады.  Студенттерді оқыту үдерісінде төменде көрсетілген технологияларды белсенді пайдалану керек: жобалар әдісі, жарыссөз әдісі, ойын технологиясы (рөлдік ойындар), кейс-стади, проблемалық  пікірталас, интерактивтік оқыту технологиясы (жұппен, шағын топтарда), сценарий-контекстік технология, модульдік оқыту технологиясы.

Жобалар әдісі, мысалы, ақпараттық, коммуникативтік, жеке тұлға ретінде өзін-өзі жетілдіру және т.б. сияқты құзыреттілікті қалыптастыруға қолданыла бастады.    I курста студенттер жеке шағын-жобаларды, кейіннен жұптық және топтық жобаларды дайындайды.

Оқу-танымдық құзыреттілікті қалыптастыру — бұл оқу іс-әрекеті мен өз қызметін талдау біліктілік дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Жүйелілік дағдылары, мысалы, сұлбалар, алгоритмдер құрастыру арқылы қалыптасады. Осы құзыреттілікті қалыптастыру үшін сабақтарда өзін-өзі бақылау және өзара бақылау белсенді түрде қолданылады.

Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру ойын технологиялары, пікірталастар, кейс-стади технологиялары көмегімен сатылай жүргізіледі.   Негізгі біліктілікті қалыптастыруда оқу-әдістемелік кешендер мен оқу құралдары маңызды рөл атқарады. Сабақ өткізу кезінде оқытушылар электрондық оқулықтар мен оқу құралдарының бірнеше түрлерін, оқытудың көзбен шолып байқау құралдарын, мультимедиялық технологияларды пайдаланады. Сонымен медбиофизика, информатика және математикалық статистика кафедрасы информатиканы оқыту  үдерісінде құзыреттіліктің амал-тәсілдерін жеткілікті дәрежеде табысты қолданаса бастады деп қорытынды жасауға болады. Бұл бағыттағы жұмыстар да жалғасын табуда. Нәтиженің өзгеруі: бітіруші тек «білімді» ғана емес, сондай-ақ «білікті» де болуы білім беруді жаңартудың барынша маңызды буыны болып табылады, сондықтан құзыреттілікті  қолдану қажеттігі еш күмән тудырмайды.

 

Әдебиеттер

  1. Хуторской А.В. «Негізгі біліктілік жеке-бағдарлы компонент ретінде» Халықтық білім – 2003.
  2. Мыңбаева А.К., Садвакасова З.М. «Оқытудың инновациялық әдістері, немесе сабақты қалай қызықты өткізуге болады»: Оқу құралы. – Алматы, 2010.

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ