ЗАМАНАУИ ФИТОТЕРИАПИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

28 Apr 2012

Түйін Халықтық және Шығыс медицинасындағы фитотерпияның ерекшелігі ғасырлар бойы іріктелініп алынған диагностикалау тәсілдері мен ауруды  сол аймақта өсетін дәрілік өсімдіктерді жеке таңдап, емдеуде қолдану болып табылады.

Түйінді сөздер Синтезделген дәрілік зат, дәрілік өсімдіктер;  ауруды алдын алу; иммунитетің жақсаруы; организмнің қалпына келуі

 

FEATURES OF MODERN HERBAL MEDICINE

Adidaeva G.K., Dalabai uly K., Azembayev A.A.

The Kazakh National University of name С.D.Acfendiarov

R S E “Scientific Centre for Anti-infectious Drugs”

Abstract Feature of herbal medicine in national and east medicine is the methods of diagnosing fulfilled by centuries and recipes of treatment of illnesses medicinal grasses growing on the given territory with an individual approach to a human body.

Keywords Synthetic medicine; Herbs; Preventive maintenance of diseases;  Immunity improvement; Restoration of balance of an organism.

 

ОСОБЕННОСТИ СОВРЕМЕННОЙ ФИТОТЕРАПИИ

Адибаева Г.К., Далабай улы К., Азембаев А.А.

КазНМУ им С.Д. Асфендиярова

РГП «Научный центр противоинфекционных препаратов»

Резюме Особенностью  фитотерапии в народной и восточной медицине является отработанные веками  методы диагностирования и рецепты лечения болезней  лекарственными травами произрастающих на данной территории с индивидуальным подходом к организму человека.

Ключевые слова синтетическое лекарство; лекарственные растения; профилактика заболеваний;  улучшение иммунитета; восстановление баланса организма

 

Фитотерапия – сонау ерте заманнан бастап  ауруға шөптерден ем іздеген адамзат  тарихымен  бірге дамып келе жатқан ғылым. Алғашқы адамдар өздерінің тұрғылықты  жерлерінің флорасын игере отырып көптеген емдік қасиеттері бар өсімдіктерді таба білді. Әр халықтың өзіне тән медицинасы болды. Олар өздерінің  науқастанған, соғыста немесе аң аулап жүріп жарақат алған руластарын емдеумен айналысты.  Осылайша алғашқы дәрі-дәрмектер пайда болды.

Халық медицинасы – ғасырлар бойы жинақталған тәжірибені қолдана отырып, ауруды дәрілік шөптермен  емдеу, ол, ұрапақтан ұрпаққа беріліп келе жатыр.

Цивилизацияның дамуымен байланысты дәрігерлер  химиялық препараттарға бет бұрды, өйткені, синтезделген  препарат белгілі бір мүшеге ғана әсер етеді және емдеудегі мақсатқа бірден қол жеткізуге болады. Бірақ та мұндай күшті препараттар көптеген жанама әсерлер көрсетеді. Жанама әсер көрсетпейтін бірде –бір синтездік жолмен алынған препарат жоқ. Мұндай жанама әсерлер дәрігерлерден ем тағайындау кезінде мұқият болуды талап етеді.

Бұл тұрғыдан алғанда дәрілік өсімдіктер ағзаға бейім, өйткені олардың құрамында ағзаға әсер ететін және жанама әсерлерді төмендететін биологиялық белсенді заттар бар.Синтетикалық дәрілік заттардың күштілігі мен олардың жанама әсерлерінің болуы препараттың  физиологиялық емдік қасиетінің бір ғана биологиялық белсенді затқа бағытталуында, сонымен қатар өз кезегінде жанама әсер көрсететін көптеген қосымша заттардың   болуында және олардың аз мөлшерде деп көрсететін жанама әсерлерінің есепке алынбауында. Мысалы, дәрілік препараттардың орамы капсула құрамында кездесетін магний стеаратының приондық аурулар туғызу қаупі.

Бойынша ресми медицинаға сәйкес былай деп есептелінеді,  дәрілік өсімдіктерді халықтық медицина тәсілімен қолдану химиялық және басқа да препараттарды ресим медицина тәсілімен емдеуді  ауыстырмайды. Алайда  дәрілік өсімдік және оның жиындары табиғи  және адам ағзасын аурудан жазатын  дәрі-дәрмектер болып табылады.

Дәрілік өсімдіктің емдік қасиеттері олардың құрамында кездесетін алкалоид, амин қышқылдары, антибиотиктер, дәрумендер, гликозидтер, илегіш заттар, органикалық қышқылдар, майлар, микроэлементтер, пигменттер, смолалар, фитонцидтер, эфир майларының болуына байланысты.

Кей жағжайларда көптеген өсімдіктердің толық зерттелмеуіне байланысты олардың негізгі фармакологиялық әсерін ашып көрсету мүмкін болмайды. Халық медицинасында қолданылып жүрген кейбір дәрілік өсімдіктер  көптеген ауруларды емдеуде нәтижелі қолданылуда.

Жалпылама алғанда олардың емдік қасиеттері ойдағыдай нәтиже бермегенімен, адам ағзасына әсер ете отырып,  науқастың аурудан айығуына қолайлы жағдай тудырады.

Медицинадағы фитотерапияның негізгі мақсаты – бұл аурудың алдын алу, иммунитетті жақсарту және ағзадағы жалпы тепе-теңдікті қалпына келтіру.

Халықтық және Шығыс медицинасы- бұл адамзаттың ертеден бері дамыған. Осындай білімнің аса бай арсеналдары бола тұра, адамзат химияның көмегіне жүгінеді.

Адам ағзасы оның өз қолымен жасалған химиямен соншалықты уланған, оны шығару мүмкін емес сияқты.

Табиғаттан алшақтап, табиғи дәрілік заттарды қолданбаудан, атмосфераның газдалуынан, қазіргі кезде адамдардың 70-80% созылмалы аурулардан зардап шегуде.

Тибет медицинасында ауру туралы түсінік жоқ: жалпы организм тепе-теңдікке түсіруді және  жүйке жүйесін, өмірлік қажетті  энергияны қалпына түсіруді қажет ететін патологиялық жағдайға түседі- жай сөзбен айтқанда: ауру- бұл ағзадағы ішкі энергетикалық тепе-теңдіктің бұзылуы.

Ертедегі рецептер мен емдеу тәсілдері біздің заманымыздың ғалымдары мен дәрігерлерін таңдандырады, өйткені олар өзінің тиімділігі жағынан заманауи  фармакологиялық препараттар мен емдеу процедураларынан еш қалыспайды.

Авиценна, бұл аса дарынды емші, өз тәжірибесінде мыңдаған емдік шөптерді қолданған, бірақ өкінішке орай, уақыт өте келе ұрпақтар арасында ұмытылып бара жатыр.

Емдік қасиеті бар өсімдіктер ауруды емдеу мен оның алдын алуда қолданылады. Сондықтан да олар ағзаны қолдау және денсаулықты жақсарту мақсатында  қолданылады. Дәрілік өсімдіктерді қолдану шаң-тозаң, темекі, ауаның ластануы сияқты зиянды факторларды азайтып, жүйке жүйесінің, күш түсуден болған бұлшық еттің шаршауын басады, табиғаттың әсерлерін нейтралдайды.

Атап айту керек, әрбір жеке жағдайда фитотерапияны қолдануда маманмен кеңесу қажет.

Мұның өзектілігі мынада, көптеген дәрілік өсімдіктердің жағымсыз әсерлері бар.  Мысалы, шөп шайды (оның 5 түрі бар) 2 аптадан артық қабылдауға болмайды, одан әрі ол бауырды зақымдайды. Валериана тамырларын да (оның 12 түрі бар) 2 аптадан артық қолданғанда көру процессіне кері әсер етеді және т.б.

Қазақстан медициналық тәжірибесінде дәрілік өсімдіктердің алуан түрлері қолданылады. Дәріханаларда түрлі ауруларды емдеуде мүмкіндігінше қолданылатын  дайын жиынтықтар сатылады. Соңғы жылдарда дәрілік өсімдіктерден жаңадан препараттар алу бойынша ғылыми жұмыстар жасалынуын атап кеткен жөн.

Адамзат ұшырайтын аурудың  түрі де көп, олардың шығу табиғаты да, емдеу тәсілі де әртүрлі, бірақ жазылу үшін ең бастысы – аурудан айығудағы   науқастың  өзінің ішкі сенімін күшейту. Бұл үшін фитотерапия таптырмас серік бола алады.

Қортынды:

Заманауи фитотерапияның ерекшелігіне тоқталсақ, ол ғасырлар бойы жинақталынып, екшеленіп, нәтижесінде дәрілік өсімдіктермен емдеудің түрлі әдістерінің қалыптасуы болып табылады. Науқастың ішкі сезімі мен фитотерапияны бірге қолдана отырып, ауруды емдеуде үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады.

 

Әдебиеттер:

  1. Виктор Востоков «Секреты целителей востока»беттер 6-16.
  2. Целебные вершки и корешки. — Медицина для всех. Популярно о здоровье и красоте, полезное и интересное. — infoMedic.ru © 2007
  3. Алтымашев А.А. Природные целебные средства. М., 1991.
  4. Барнаулов О.Д.Введение в фитотерапию. — Спб, 1999.
  5. Азембаев А.А., Кусниева А.Е., Адибаева Г. К. «Лекарственные  травы  в  традиционной восточной медицине»

С.Ж. Асфендияров атындағы Қаз ҰМУ Жаршысы №2 2011 беттер 193-195.

Адибаева Г.К., Далабай улы К., Азембаев А.А.

С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ

РМК «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы»

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ