ШАШЫРАҢҚЫ УЛЫ ЖЕМСАУ КЕЗІНДЕ ЖАСАЛҒАН ОПЕРАЦИЯДАН КЕЙІНГІ НАУҚАСТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫ

27 Apr 2012

Түйін Шашыраңқы улы жемсауды хирургиялық жолмен емдеуден кейінгі науқастардың өмір сүру сапасы мен дені сау адамдардың өмір сүру сапасының айырмашылығы алшақ емес. Осы зерттеу негізі шашыраңқы улы жемсау кезінде операцияға ұтымды көрсеткіштерді, мезгілі мен операция көлемін анықтауға мүмкіндік береді және операциядан кейінгі түпкі нәтижелерін жақсартады. Егер осы біз ұсынып отырған сауалнама арқылы операциядан кейінгі науқастарға жүйелі мерзімді түрде тексеру жүргізіліп тұрса және жасалған зерттеулер арқылы анықталған нәтижелер ескерілсе, денсаулық саласына оң өзгерістер алып келер еді.

Негізгі сөздер өмір сүру сапасы, шашыраңқы улы жемсау, хирургия

Quality of life of patients after surgery with diffuse toxic goiter

Zh.N. Kyzhyrov, U.S. Sadykov, Slyamkazhykyzy, N. Salykbaeva

Chair of the general surgery Kazakh National Medical University named after S.D. Asfendiarov.

After surgical treatment of diffuse toxic goiter quality of life of patients did not differ from the quality of life of healthy individuals. Based on this study helps to establish the optimal indications, timing and extent of surgery for diffuse toxic goiter and improves long-term results of surgical treatment in this disease.

Keywords quality of life, diffuse toxic goiter, surgery

КачествО жизни больных после операции с диффузно-токсическим зобом

Ж.Н. Кыжыров, У.С. Садыков, К. Слямкажыкызы, Н. Салыкбаева

Кафедра общей хирургии КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова

Таким образом, после хирургического лечения диффузно-токсического зоба качества жизни больных не отличаются от качества жизни здоровых лиц. Основы этого исследования помогает установить оптимальные показания, сроков и объем операции при диффузно-токсическом зобе и улучшает отдаленные результаты хирургического лечения при этом заболевании.

Ключевые слова качество жизни, диффузно-токсический зоб, хирургия.

Тақырып өзектілігі:

Қазіргі таңда қалқанша без ауруларының кездесу жиілігі күн сайын артып отыр. Әйелдер арасындағы таралуы 83,3% құраса, ерлер арасында 16,7% құрайды. Қалқанша бездің ағзадағы маңызды рөліне қарамастан, операция жасалғаннан кейінгі науқастардың өмір сапасын анықтайтын арнайы жолдары мен қалқанша без ауруларын емдеу тәсілдерін таңдауда хирургиялық емдеудің нәтижелерінің нақты болжамдық белгілерінің болмауы.

 

Жұмыстың мақсаты:

Науқастардың өмір сүру сапасы негізінде шашыраңқы улы жемсауды хирургиялық жолмен емдеуден кейінгі түпкі нәтижелерін зерттеу.

 

Жұмыстың міндеттері:

1. Шашыраңқы улы жемсауға операция жасалғаннан кейінгі науқастардың өмір сүру сапасының түпкі нәтижелерін анықтау.

2. Операциядан кейінгі науқастардың өмір сүру сапасын анықтауға арналған арнайы сауалнаманы жетілдіріліп, өңдеп құрастыру және тәжірибеге ұсыну.

Өмірсүру сапасы дегеніміз – адамның дамуына қажетті әлеуметтік, медициналық, экономикалық, экологиялық ықпалдардыңөзара әсерлесу нәтижесі.

Операциядан кейінгі науқастардың өмір сүру сапасын бағалау — науқастардың денсаулық жағдайы мен бұзылыстарын нақты анықтап, клиникалық мәселенің негізін көрсетіп, науқастардың сұраныстарына сәйкес тиімді емдеу тәсілін таңдап қана қоймай, оның тиімділігін анықтауға мүмкіндік беретін клиникалық медицинаның болашақтағы жаңа бағыты.

Зерттеу әдістері:

  • Сауалнама жүргізу
  • Сұхбаттасу

Зерттеу нысаны:

Зерттелген науқастар саны -15, 10 әйел, 5 ер адам, 19-43 жас аралығында. Орта жас-33,5. Орташа есеппен ауруханада емделген төсек-күндері 7-9 күн.

Сауалнамаға енгізілген қосымша сауалдар:

1. Дауысыңызда өзгерістер болды ма?

2. Мойын аймағында жайсыз сезінулер болды ма?

3. Басты бұрғанда күшейетін ентігу болды ма?

4. Өңештен тамақ өтуіне шағымыңыз бар ма?

5. Операциядан кейін терлегіштік болды ма?

6. Қол, аяқтың дірілдеуі болды ма?.

7. Есте сақтау қабілетіңіз нашарлағанын байқадыңыз ба?

8. Қоршаған орта температурасына жоғары сезімталдылық (үнемі суық немесе ыстық) болды ма?

9. Тәбетіңіз жоғары болып, бірақ салмағыңыз азайғаны байқалды ма?.

10. Операциядан кейін суық тию ауруларымен ауру жиі болды ма?

11. Ерлерге қатысты: Белсіздік деңгейі өзгерді ме?

12. Әйелдерге қатысты: Етеккір келгенде өзгерістер (ауру сезімі, жүйелілігі, ұзақтығы, көлемі), репродуктивті жүйеде өзгерістер болды ма?

Әрбір сұраққа жауап “иә” немесе “жоқ” деп берілді.

Құрастырылыпәзірленген сауалнама бойынша Әділет Министрлігі зияткерлік меншік құқығы комитетінен 01 қараша 2011 жылы шығармашылыққұқыққа №1400 ИС 0007563 куәлігі алынды.

Сауалнама шәкіл бойынша 8 шартты көрсеткіштен тұрады. Осы көрсеткіштер арқылы дені сау адамдар мен шашыраңқы улы жемсау кезінде жасалғаноперациядан кейінгі науқастардың өмір сүру сапасы салыстырылды (диаграмма 1).

Диаграмма 1 – дені сау адамдар мен операциядан кейінгі науқастардың өмір сүру сапасының шартты көрсеткіщтері

Диаграммада көрсетілген сауалнама нәтижесіне сәйкес, зерттелген науқастардың операциядан кейінгі көрсеткіштері:

— Психологиялық денсаулығы (Mental Health) — 87% құрады, оның ішіне науқастардың эмоционалдық жағдайын өздерінің пікірінше бағалау кірді.

— Эмоциональдық денсаулығы (Role Emotional) яғни, науқастардың өз кәсібі мен күнделікті істерді орындауға деген эмоционалдық қабілеті — 86,6 % құрады.

— Әлеуметтік денсаулығы (Social Functioning) яғни, науқастардың өзгелермен қарым-қатынасқа түсуі эмоционалдық және физикалық қабілеті — 80% құрады. — Өмір сүру қабілеті (Vitality) яғни, науқастардың көңіл-күйі мен қуаттылығын өздерінің пікірлері тұрғысынан бағалау — 90 % құрады.

— Жалпы денсаулығы (General Health) науқастардың жалпы денсаулығын өздерінің пікірінше бағалау — 84% құрады.

— Ауру сезімінің болмауы (Pain) — 93,5 % құрады.

— Іс-қимылдық қызмет етуі (Role Рhysical) науқастардың өз кәсібі мен немесе күнделікті істерді орындауға деген физикалық қабілеті — 86,6% құрады.

— Физикалық қызмет етуі (Physical Functioning) науқастардың физикалық жүктемені көтере алуы — 81% құрады.

Жоғарыда көрсетілген сауалнама нәтижесі әр көрсеткіш бойынша науқастардың операциядан кейінгі өмір сүру сапасын салыстырмалы түрде көрсете отырып хирургиялық емнің шашыраңқы улы жемсауды емдеуде бірден бір тиімді негізгі әдіс болып қалып отырғанын нұсқайды.

Ал операциядан кейінгі науқастардың өмір сүру сапасын жеке-жеке қарастырғанда нәтиже жаман емес, тек №1 науқаста қана төмен көрсеткішті көрсетті, мұны науқастың қосымша ауруының барлығымен түсіндіруге болады (диаграмма 2).

Диаграмма 2 - науқастардың жеке-жеке өмір сүру сапасының көрсеткіші

Төмендегі диаграммада дені сау адамдар мен шашыраңқы улы жемсау кезінде жасалған операциядан кейінгі науқастардың өмір сүру сапасының салыстырмалы көрінісі бейнеленген (диаграмма 3).

Диаграммада көрсетілгендей шашыраңқы улы жемсау кезінде жасалған операциядан кейінгі науқастардың өмір сүру сапасының жалпы қорытынды көрсеткіші 100 % болмаса да, хирургиялық емдеудің нәтижелері қанағаттанарлық 83% құрады.

Диаграмма 3 – дені сау адамдар мен шашыраңқы улы жемсау кезінде жасалған операциядан кейінгі науқастардың өмір сүру сапасының салыстырмалы көрінісі

Жоғарыда көрсетілген 3 диаграмма көрсеткіштеріне сүйене отырып, жалпы өмір сүру сапасының көрсеткішін ғана емес, сонымен қатар өмір сүру сапасын құрайтын құрамдас бөліктерінің (психологиялық қызметі, эмоциональдық қызмет етуі, әлеуметтік қызметі, өмір сүру қабілеті, жалпы денсаулығы, ауру сезімі, іс-қимылдық қызмет етуі, физикалық қызмет етуі ) осал тұстарын байқап оны сәйкесінше түзетуге мүмкіндік береді.

Литература

1. Ware J., Sherbourne C. / The MOS – 36-item short form health surgery, cancep tune framework and item selection. Medical care. 1992. 30.6. 473-483.

 

 

Қыжыров Ж.Н., Садықов Ө.С., Слямқажықызы Қ., Салықбаева Н.

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің жалпы хирургия кафедрасы

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google ScholarElibrary.ruCyberleninka


О журнале

Описание журналаРедакция журналаСМИ о насРекомендуемые издания


Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ