Posted by & filed under Вестник КазНМУ, Казахский, Эпидемиология.

Жыныстық жолмены жұғатын вирустық инфекциялар кейінгі кезде кеңінен етек алуда. Олардың адам ағзасына келтірер зардабы орасан зор. Мақалада осы салада ізденіс жүргізген ғалымдардың клиникалық эпидемиологиялық тұрғыда жүргізген зерттеулерінен мәліметтер алынған.

 

Вирусология саласында жүргізілген көптеген зерттеулерге қарамастан, герпеcвирустық инфекция  мәселесі өзектілігін жоғалтқан жоқ, керісінше әр саладағы мамандарды осы мәселені зерттеуге өз үлестерін қосуға итермелейді. Жыныстық жолмен жұғатын вирустық инфекциялар арасында гениталды ұшық жиі кездесетін аурудың бірі. Мамандардың бірыңғай пікірі жоқтығынан диагностика, науқастарды жүргізу тактикасы, стандартталған тест жүйесі сұрақтары, сондай-ақ дәрігерлердің бұл аурудың кейбір клиникалық көріністері және немен аяқталатындығы жөнінде толық мағлұматы болмағандықтан, гениталды ұшықты бақылауға көнбейтін инфекциялар қатарына жатқызады [9]. Алынған мәліметтер көптеген деректермен дәлелденген, онда әр түрлі лабораторияларда қойылған ПТР нәтижелерінің сәйкес келмейтіндігі көрсетілген [1,13]. Бұл ПТР тест жүйесінің әртүрлі сезімталдығымен түсіндіріледі, ол қолданған праймерлерге және ДНК амплификация циклының соңына тәуелді. Осы мәліметтерді ескере отыра, клиникалық лабораторияларда қолданылатын тест жүйесін стандарттайтын әдістерді енгізу қажеттігі туындайды [5]. Гениталды ұшықтың вирусы адам ағзасының барлық мүшелері мен тіндеріне, шырышты қабыққа, тері жабындысына, ішкі ағзаларға тропты [3,14]. О.И. Киселев және В.И. Покровский [8] зерттеуі бойынша вирустық инфекциямен шақырылған өзгерістер, келесі процестердің нәтижесі болып табылады: өмірге қажетті ағзалардың қызметінің бұзылуы; виремия («вирустық жүктеме» жалпы токсикозбен сәйкес келеді); науқастың жалпы жағдайының ауырлығы, қызбаның пайда болуы, инфекциялық процесстің сипаты, ағымы және соңы, сондай-ақ бактериалық инфекцияның қосарлануы және асқынудың туындауы иммундық жүйе жұмысымен тығыз байланысты.

Аралас инфекцияда бактериалды флора вирустың репродукциясын күшейтеді, ал жүйелі процесстер вирустың организмге жасушалық және моллекулярлық деңгейдегі әсері болып табылады. Гениталды ұшықтың клиникалық көрінісі иммунжетіспеушілік жағдайда, қосарласқан вирус- вирустық жұқпада [14], бактериалды -вирусты зақымдануда өзгеруі мүмкін [3,7]. Бұл жағдайда клиникалық көрінісі өзгеріп, нақты диагнозды дер кезінде қою қиындайды және вирусқа қарсы дәрі дәрмектер дер кезінде тағайындалмайды. Кез келген мамандықтағы дәрігер вирустық патологияны өзінің күнделікті жұмысында жиі кездестіреді. Оларға вирустық емес аурулармен жиі салыстырмалы диагноз жүргізуге тура келеді (мерез, қотыр, пемфигус, Бехчет ауруы, жұмсақ шанкр т.б.).

Гениталды ұшық және мерез теріде, жыныс мүшелерінің шырышты қабығында, ауыз қуысында, жиі эрозия және жара түзілумен байқалатын аурулар. Кубанова А.А.   мәліметі бойынша вульваның эрозивті жаралы ауруларының жиілігі барлық вульваның патологиясы бар науқастардың 53,0% құрайды [10]. Гениталды ұшықтың атипті көрінісі эрозивті жаралы бөртпелермен байқалады [12]. Әдебиетте несепжыныс жолының шырышты қабығы лимфотропты Эпштейн Бар вирусымен зақымдануы, жыныс мүшелерінде эрозивті-жаралы бөртпенің пайда болуымен, гениталды ұшықтың клиникалық көрінісіне өте ұқсас көрінетін кейбір мәліметтер бар[4,5,8]. Кубанова А.А. зерттеуінде вульваның жедел жарасы диагнозы қойылған науқасты тексергенде, лабораториялық зерттеуде ұшық вирусымен қатар Эпштейн Бар вирусы анықталған клиникалық оқиға сипатталған. Бұл науқаста герпесвирусты инфекцияның бар екеніне күмән тумағанда, клиникалық, диагностикалық лабораториялық зерттеу әдістері кезегімен толық қолданылып, эрозивті жараның этиологиясын толық анықтаумен аяқталады және ары қарай науқасты жүргізу стратегиснын және емінің тактикасын анықтауға мүмкіндік туады[7,4].

Герпесвирусты инфекцияның симптомсыз (субклиникалық) ағымы науқастың жыныстық серігіне ауруды жұқтыру қаупін тудырады. Герпесвирусты инфекцияның репликациясы процессінде жыныс жасушаларын зақымдап, сперматогенезді бұзады, соңында генетикалық аппараттың бұзылуына әкеледі. Сондай-ақ вирустың ДНК-сы генетикалық аппараттың гаметінің құрамына тіркелуі мүмкін[2]. Герпесвирусты инфекцияның субклиникалық түріне және клиникасы атипті көрініс бергенде диагноз қою үшін тек лабораториялық әдіске жүгіну қажет[10].

Кенеттен түсік тастау және уақытына жетпей босану, эмбрио және органогенездің бұзылуы, нәрестенің туа біткен патологияның этиологиясында басты рөлді Herpesviridae туыстығына жатқызады.  Эпштейн Бар вирусын, жай ұшық вирустарының  1 және 2 түрімен, цитомегаловируспен бірге жиі TORCH-инфекция қоздырғыштарының қатарына жатқызады. Эксперимент мәліметтері негізінде плацентаның, эмбрионның трансплацентарлы және ұрықтың зақымдалуы жүктіліктің кез келген мерзімінде байқалатындығы анықталған[4]. Әйел ағзасының иммунокомпетенттігінің жетіспеушілігі ұрықтың жатырішілік зақымдануының бірдебір себебі болып табылады. Белгілі герпесвирустардың арасында аса қауіп төндіретіні цитомегаловирус және жай ұшық вирустарының  1 және 2 түрі. Тәжірибеде  акушерлік гинекологиялық патологияда Эпштейн Бар созылмалы вирусық инфекциясының рөлі туралы ақпарат өте аз, сондықтан дәрігерлердің басым көпшілігінде герпесвирустарды инфекциялық мононуклеозбен ассоцияциялау жиі кездеседі.

2009 жылы Киев қаласында әр түрлі жатырішілік патологиясы бар 126 нәрестенің қанына ПТР мониторингі жүргізілгенде инфицирленген балалар саны 23% құрады. Жатырішілік патологияның дамуында этиологиясының басым бөлігін герпесвирустың вертикалды жолмен берілуі 89,7% құрады, соның ішінде Эпштейн Бар вирусы 62,1% , жай ұшық вирусы тек 6,9% [13].

А.М.Охотников және оның соавт. [11] мәліметі бойынша, кездесу жиілігі бойынша екінші орын туа біткен цитомегаловирустық инфекцияның еншісіне тиеді. Цитомегалия вирусының вертикалды жолмен берілуі табиғатта бұл вирустың папуляциясының сақталуының тек жалғыз ғана жолы болып саналады. Оның негізгі берілу жолы трансплацентарлы. Соныменен қатар, вирустың интранаталды және ана сүтімен берілу қаупі жоғары. Әдеби мәліметтер бойынша, цитомегалия вирусының әйелдерде жүктілік кезінде цервиканалды каналда 3-28%, ал емізетін әйелдердің сүтінде 10-50% кездесетіндігі айтылған.

Вертикалды жұғу жолы герпесвирустардың  басқа тобынада тән. Жай ұшық, желшешек  немесе белдемелі ұшық вирусы вертикалды жолмен анасынан баласына постнаталды анасының сүті арқылы, жарақаттанған шышышты қабық және тері арқылы, сондайақ интранаталды егер анасының жыныс жолында ұшықтың клиникалық көрінісі болған болса.  Жай ұшық вирусының 1 және 2 түрін нәресте зәрінің тұнбасындағы жасушадан туғаннан кейін алғашқы күнінде анықталуы инфекцияның антенаталды жұққандығын көрсетеді. Вирустың бір түрі зәр тұнбасындағы жасушада қатарынан 2-3 рет анықталуы тексерушінің ағзасында бұл вирустың үздіксіз персистенциясын ғана емес, иесінің ағзасында бұл вирустың үздіксіз репродукциясы және қанына үнемі түсіп және зәріменен бөлініп тұруы. Педиатрия ғылыми зерттеу институты мәліметі бойынша әртүрлі вирустық инфекцияның анықталу жиілігі түсік тастаған әйелдердін 60% цитомегаловирус құрайды, 57,5% жай ұшық вирустары, түсік тастаған әйелдердің  анамінезінде 40,6% цитомегаловирус және 26,6% жай ұшық вирустары.

Қазіргі кезде қатерлі ісіктің этиологиясын зерттеу бойынша халықаралық агентстваның эксперттері адамға онкогенді әсері бар герпесвирустардың келесі түрлері қарастырылады:

1. Эпштейн Бар вирусы бір қатар қатерлі ісіктің дамуына қатысады. Эпштейн Бар вирусының ерекшелігі жасушаларды бұзбайды, зақымдаған лимфоциттердің пролиферациясын жылдамдату арқылы өсін және апоптозды потенциялы жасушалардың ара қатынасын өзгертеді[4]. Бұл феномен лимфопролиферативті ауруларда іске асады деп ойлауға болады.

2. Адам герпесвирусының 8 түрі. Қазіргі кезде бұл вирустың Капоши саркомасының пайда болу этиологиясында рөлі бар екендігін дәлелдеген [6], соныменен қатар дене қуыстарының лимфомасы, Кастельман ауыруының этиологиясындада. Адам герпесвирусының 8 түрінің геномында бір қатар гендердің өнімі жасуша ақуызымен (жасушаның көбейуін және тіршілігін реттейтін) құрылымы жағынан жоғары дәрежеде ұқсас; ол олардың белсенділігінің жоғарылауы ісіктің дамуына әкеліп соқтырады.

Герпесвирустардың жалпы қасиеті, олардың иесінің жасушасында латентті түрде сақталуы. Вирустың латентті түрде болуы олардың иммундық бақылаудан тысқары қалуына және персистентті инфекцияны орнықтырады. Соныменен қатар латентті инфекция жасуша трансформациясында және қатерлі ісіктің дамуында шешуші рөль атқарады.

90 жылдардың ортасында  Эпштейн Бар вирусымен адам папилома вирусы қосарласа кездескенде  несеп-жыныс жолдарының патологиясындағы рөлі туралы жаңа мәліметтер пайда болды. Voog E. соавторларымен вульва лейкоплакиасы диагнозы қойылған әйелдерге зерттеу жүргізген. Бұл әйелдерде ПТР әдісі арқылы адам папилома вирусы 17% жағдайда, Эпштейн Бар вирусы ДНКсы 48,0% анықталған. Жатыр мойнын тексерген кезде Эпштейн Бар вирусы 38,0%, ал адам папилома вирусы 33,0% анықталған. Авторлардың айтуы бойынша бұл мәліметтер Эпштейн Бар вирусының онкогенді әсерінің барлығының айғағы.

Бұл мәліметтер қорыта келгенде герпесвирустық инфекцияның кеңінен етек алуы тұрғындар арасында замануй клинико-эпидемиологиялық тұрғыда зерттеуді талап ететіндігінің айғағы.

Қайталамалы ұшықтың рецивинің алдын-алу және емдеу қазіргі кезде этиотропты және иммунотропты әсері бар дәрілерді қолдану болып табылады [9]. Герпесвирустық инфекцияның қазіргі кездегі химиотерапиясы вирустың жеке буындарының репродукциясын іріктеу арқылы ғана тежейді, ал макроорганизм жасушасына әсер етпейді [1]. Герпесвирустық инфекцияның жиі жиі қайталануы патогенетикалық емнің қажеттігін тудырады [13]. Вирустық инфекцияда тағайындалатын жиынтықты ем науқастарда емнің клиникалық тиімділігін жоғарытылады. Осыған байланысты науқастарға жаңа емдеу әдісін ацикликалық нуклеозид және жаңа иммуномодуляцияға бағытталған заттарды енгізу қажеттігі туындайды [15].

Бірақ ацикликалық нуклеозидтердің жалпы кемшілігі ағзадан вирусты толық эллиминация жасай алмауы. Соныменен қатар, осы топтағы дәрілерге төзімділік дамуы мүмкін.

Герпесвирустық инфекциясы бар науқастарды емдеудің кейбір қиындықтары ауру патогенезінің кейбір механизмдерін түсінбеу, ағым варианттарын білмеу, сондай-ақ дәрілердің қымбаттығы.

Көптеген авторлардың ойы бойынша, дәрігердің алгоритм диагностикасы және емі вирустық инфекциясы бар науқасты емдеуде келесі кезеңдерді қамту керек:

—   Жалпы және арнайы вирусқа қарсы иммунитет көрсеткіштерін зерттеу арқылы иммунитет бұзылысын анықтау;

—   Патогенетикалық иммундық ем иммуномодуляторлардың көмегімен анықталған иммунитет бұзылысын түзету мақсатында;

—   Жүргізілген иммундық емнен кейін ем тиімділігін анықтау үшін қайта иммунологиялық тестілеу жүргізу;

Соныменен иммунологиялық критерилерді (иммундық статустың көрсеткіштерінің қалыпқа келуі) емнің тиімділігін бағалау үшін қолдану қажет.

Созылмалы және қайталамалы вирустық инфекциясы бар науқастардың емінде пациентті жүргізу тактикасына зор көңіл бөлу, науқаспен өзара сенімді психологиялық қатынас тудыру, оптималды дәрілік заттарды және емдеу үлгісін таңдау, кейінен диспансерлік бақылау жүргізу, науқасқа иммунореабилитация және психотерапиялық қолдау көрсету.

Соныменен герпесвирустық инфекциясы бар науқастарға жиынтықты ем тағайындауда, әсіресе созылмалы және қайталамалы ағымында стратегиялық бағыт орынды және дәлелді. Химиялық құрылысы және әсер ету механизмі әртүрлі дәрілерді қиыстыра қолдану оладың антивирустық тиімділігін күшейтеді [15,16]. Соныменен қатар, әсер ету механизмі әр түрлі дәрілерді үйлестіре қолдану (ациклді нуклеозидтерді интерферонмен, интерферон индукторларымен, иммуномодуляторлармен, антиоксиданттармен, жүйелі энзимдік еммен, вакцинамен) ингибиторрезистентті вирстардыңмутанттары ның пайда болу ықтималдылығын төмендетеді немесе пайда болуына жол бермейді.

Әдебиеттер

  1. Гладько О.В. Оптимизация терапии рецидивирующего генитального герпеса //    Автореф. дис. к.м.н.-Санкт-Петербург. 2003 с.22.
  2. Жулимова н.Л., Бочкарев Ю.М., Чигвинцева Е.А., Сурганова В.И. Острая язва вульвы // Клиническая дерматология и венерология. №1. 2006. С.33-35.
  3. Кузовкова Т.В. Клинико-иммунологическая характеристика больных генитальным герпесом клинической и субклинической формами. (Вопросы терапии, профилактики рецидивов) // Автореф. дис. к.м.н.-Екатеринбург. 2000 с.22.
  4. Марков И.С. и др. РС –мониторинг основных TORCH-инфекций в патологии новорожденных в г. Киеве 2002. №2. С.122-129.
  5. Меджидова М.Г. Выявления маркеров цитомегаловируса у новорожденных и детей раннего возраста. Развитие апоптоза при цитомегаловирусной инфекции. // Автореф. дис. Канд. биол. наук — Москва. 2005 С.26.
  6. Молочков А.В. Этиопатогенез, подходы к диагностике и лечению саркомы Капоши идиопатического и иммуносупрессивного типов // Герпес. Приложение к Российскому журналу кожных и венерических болезней. 2006. №2. С. 33-36.
  7. Наби-Заде К.Т. Генитальный герпес. // Инфекции, передаваемые половым путем. 2002. №5. С. 28-30.
  8. Киселев О.И., Покровский В.В., Юрин О.Г. Практическое руководство.-М: ГОУ ВУНМЦ МЗ РФ. 2002. С. 91.
  9. Самгин М.А., Халдин А.А. Простой герпес (Дерматологические аспекты).-М. МЕДпрес-информ. 2002. С.160.
  10. Кубанова А.А. Герпетическая инфекция: особенности течения, диагностика. // Вестник дерматологии. 2000. №3. С. 10-16.
  11. Охотников А.М., Агейкин А.В., Лозовская Л.С. Значение внутриутробной вирусной инфекции в органной патологии детей грудного возроста. // Вестник дерматологии. 2004. №3. С. 14-19.
  12. Чигвинцева Е.А. и др. Лабораторная идентификация различных типов семейства Herpesviridae и алгоритмы диагностического обследования при генитальном герпесе: Пособие для врачей – Екатеринбург. 2005. С. 28.
  13. Чигвинцева Е.А. Роль представителей семейства Herpesviridae в патологии урогенитального тракта. // Вестник дерматологии. 2005. №4. С. 21-28.
  14. Кицак Я.В. Вирусные инфекции беременных.- Вектор- Бест.- Кольцово. 2004. С.84.
  15. Буданов П.В. Проблемы терапии рецидивирующего герпеса. // Вопросы гинекологии, акушерства и перинатологии. 2004. Т.3. №4. С. 94-97.
  16. Гладко О.В. оптимизация терапии рецидивирующего генитального герпеса. Автореф. дис. к.м.н.-Санкт-Петербург. 2003 с.22.

 

Epidemiology, diagnostics and therapy of viral infections transmitting via genital tracts

(literature review)

L. K. Sagidoldina

Herpes viruses are one of the most common viruses, which cause various diseases. The paper presents the summarized data available in the literature concerning the clinical and epidemiological aspects of herpes viruses induced diseases in the world.

 

Эпидемиология, диагностика и актуальные проблемы лечении вирусных инфекции передаваемых половым путем

(обзор литературы)

Л.К. Сагидолдина

В статье описан рост вирусных инфекций передавающихся половым путем по результатам клинико-эпидемиологических исследований, приведен обзор методов лечения.

Жыныстық жолмены жұғатын вирустық инфекциялардың эпидемиологиясы, диагностикасы және емінің өзекті мәселелері (әдеби шолу)

Л.К. Сагидолдина

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті

Поисковые слова:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *