Posted by & filed under Вестник КазНМУ, Казахский, Эпидемиология.

Зерттелген елді мекендерде бүргелердің күрт көбейіп кету себебі,  осы аталған ауылдарда олардың  өсіп-өнуіне,  көбеюіне қолайлы жағдайлар,  яғни  жауын-шашынның мөлшерден  көп   болуымен қатар.  Сырдария өзенінің арнасынан асып-тасуы және  уақытылы  залалсыздандыру  жұмыстарының жүрмеуі, ауыл тұрғындарының санитарлық — әлеуметтік  жағдайларының  төмен  болуы.

 

Оба  ауруының негізгі тасымалдаушысы ретінде бүргелердің маңызы өте жоғары екендігі белгілі.  Олар оба ауруын  табиғатта кеміргіштер арасына таратып қана қоймай,  елді мекендегі  тұрғындарға да зор қауіп әкеледі.

Белгілі болғандай  соңғы жылдары  елді мекендерде  адамға қауіп тудыратын  Pulex  irritans  бүргесімен  қатар үй жануарларында болатын Ctenocephalides felis, Ctenocephalides canis  бүргелерінің  кездесуі [1,4-6].

Жосалы обаға қарсы күресу аумағында 2000-2009 жылдар аралығына талдау жасағанда, бүргелердің 2001-2003 жылдары үдей түскендігі байқалды.  Мысалы: 2 002 жылы   нысандардың залалдану пайызы Таң және Ақжар елді мекендерінде  100 % жетсе,  2007 жылы Аққыр елді мекенінде  50% болды.

Үй бүргелерінің  сандық көрсеткіші жайлы мәліметтер  адам тұрақтарында желім парақшалар қою  (фланель жалаушаларынан бүрге түскен жоқ.)  арқылы жүргізілді.

2000-2009 жылдардағы атқарылған паразитологиялық жұмыстар қорытындысы жинақталып, талдау жасалынды. Жоғарыдағы көрсетілген жылдары көктемгі және күзгі маусымдық тексеру  жұмыстары кезінде барлығы 28 елді мекен, 5751 нысан, жалпы көлемі 296630 ш.м. жер тексерілсе, мұның ішінде  13 елді мекеннен ( 46,4% ) ,   2840  нысаннан     (49,4 %), жалпы көлемі 191780 ш.м.  ( 70,7 % ) жердің  бүргелермен залалданғаны анықталды. Он жыл ішінде 717 дана бүрге желім парақшалардан  жиналып зерттелді. Мысалы, Таң елді мекені он жыл көлемінде  16 рет тексеріліп, соның 15-нде бүргеленсе, соңғы шаруашылықтардың  7-нен 2008-2009 жылдары бүргелер әкелінді.

 

Кесте 1-  Қызылқұм дербес оба ошағындағы бүргелермен залалданған елді мекендер  2000-2009 ж.ж .     (Желім парақшадан)

 

 

Елді мекен аты

 

Текс-н аудан  ш.м. Қанша  рет  текс-і Қанша рет бүрге-і Желім парақ. жиналған бүрге түрі мен саны Залалданған нысан % 100ш.м.  бүр-нің    Ү.И
P.      irrі  Ct.felis Ct. canis
1 Таң 51070 16 15 459 40 2 3,5 -100 0,1 -6,1
2 Ақжар 28870 15 5 81 32 6 4,0 -100 0,5 -4,8
3 Аққыр 15280 13 5 48 5 5,0 -50,0 0,1 -2,7
4 Мақпалкөл 10150 8 2 5 5 5,0 -10,0 0,1 -0,6
5 Алдашбай Ахун 2080 18 2 5 5,0 -15,0 0,2 -0,3
6 Төребай  Би 20850 19 2 1 4 4 5,0 0,2 -0,6
7 Мырзабай Ахун 7600 6 1 2 5,0 0,1
8 Жаңаталап 6200 5 1 1 5,0 0,07
9 Еңбек 10680 9 1 2 5,0 0,1
10 Жаңажол 11620 8 1 1 5,0 0,07
11 Иіркөл 8750 7 1 3 7 5,0 0,7
12 ІІІ интернацион. 12150 9 1 1 5,0 0,07
13 Бұхарбай Батыр 6480 6 1 2 1 5,0 0,6
          Барлығы: 191780 139 38 604 94 19       —        —

Бүргелермен залалданған елді мекендер, нысандар саны,тексерілген аудан көлемі, бүргелер атауы  1 кестеде көрсетілген. Нысандардың бүргелермен залалдануы 1 суретте көрсетілген.

Сурет 1. Адам тұрақтарындағы нысандардың бүргелермен залалдану пайызы 2000-2009 жылдар арасы. Елді мекендерді тексеру барысында әкелінген кеміргіштерден де 21 дана бүрге, 10 дана кене таралып алынды.

Кесте 2 Қызылқұм дербес оба ошағындағы бүргелермен залалданған елді мекендер -2009 ж.ж .      (Кеміргіштерден)

Елді мекен аты  Ауданш.м. Залал нысан % Кеміргіштер  Кемір.Ү.И. Кеміргіштен  жиналған бүрге,кене

 

түрі бүргеленге ні
P.irri. X .ger Nos. laev. Nos.  fidus Hyal
1 Таң 2000 2,5 Үй т.* 1 0,2 1
2 Мақпалкөл 2500 2,0 Ж.қ.т*. 2 0,2-5,0 5 1 4
3 Қуаңдария 1800 2,8 Үй т. 1 0,2 2
4 Ақжар 2200 9,0 Үй т. 5 0,1 1 7
5 Бұхарбай Батыр 2000 2,5 Үй т. 2 0,3 3
6 Еңбек 2000 2,5 Ж. қ.т. 1 0,2 6
7 Аққұм 2000 2,5 Үй т. 1 0,2 1
  Барлығы 14500 13 2 2 12 5 10
* — Үй тышқаны, Жыңғыл құмтышқаны

     

Үй тышқандарының жүнінен таралған,  далалық кеміргіштерде кездесетін  Xenopsylla gerbilli, Nosopsyllus laeviceps  бүргелерінің  кездесуі, үй тышқандарының даламен байланысы бар екенін айғақтап қана қоймай, мұның өзі адам өміріне зор қауіп тудыратыны сөзсіз. Кеміргіштерден таралып алынған бүргелер сандық көрсеткіштері мен бүргелер атаулары   2  кестеде   берілген, бүргелердің үйілу индекстері  2 суретте көрсетілген.

Сурет 2. Елді мекендердегі адам тұрақтарының бүргелену көрсеткіші 2000-2009 ж.ж.

Жыл сайынғы маусымдық тексеру кезіндегі елді мекендерден кездесетін  бүргелер, саны жағынан әр жылда  түрлі деңгейді көрсеткенімен  сол бүргелердің жылжып,  қарқынды түрде елді мекендерді жайлап бара жатқандығы аса көңіл бөлуді қажет етеді.

Адам тұрақтарының бүргелермен залалдануының, елді мекендер арасында  қарқындап таралуын төмендегі жағдайлармен түсіндіруге болады.

1.  Бүгінгі күнде елді мекендердегі тұрғын үйлерді улау   жұмыстарымен айналысатын  мемлекеттік   мекеме  жоқ. Бар болған күнде де жеке кәсіпкерлердің құзырында. Ал  мұны қаражаты аз   ауыл тұрғындарының қалтасы көтермейді.

2.  Бүрге  түскен   үйлердің  санитарлық жағдайлардың өз дәрежесінде сақталмауы мен  қатар әлеуметтік жағдайлары да төмен  яғни, жұмыссыздық, тұрғын үйлердің ескі болуы мен қатар дезинсекциялық  жұмыстарының  өз дәрежесінде жүргізілмеуі [3].

Адам тұрақтарының бүргелермен залалдануы ылғалдылығы жоғары жауын-шашыны мол жылдар мен  Сырдария өзенінің арнасынан асып,  жер асты суларының көтерілуіне зор әсер етіп, бүргелердің өсіп өнуіне ылғалды ауа, жылы біркелкі  температура қолайлы жағдай туғызады  деп есептеуге болады [2].  Қорыта келе мынандай тұжырымдар жасаймыз:

1. Ылғалдылығы  жоғары  жылдарда бүргелер саны көбейетіндігі байқалды.

2. Обаға энзоотиялы Мақпалкөл, Ақжар, Бұхарбай Батыр елді мекендерінен ауланған үй тышқандары жүнінен таралған, далалық үлкен құмтышқанға тән  Xenopsylla gerbilli, Nosopsyllus laeviceps бүргелерінің кездесуі,  үй тышқандарының даламен байланысының бар екендігін  дәлелдеп қана қоймай,  елді мекендегі адам өміріне қауіп тудыратыны  сөзсіз.

3.Ауылдық жерлерде тұратын халықтың  әлеуметтік жағдайының төмен болуы   (жұмыссыздық, қаражат жетіспеушілігі, залалсыздандыруға арналған улардың  сауда нүктелерінде  сатылмауы).

4.Жекешеленіп кеткен дезстанциялардың ақылы болуына байланысты, халық тұратын елді мекендерде  уақытылы, қажеттілікке қарай дезинсекция  жұмыстарының жүрмеуінен.

Әдебиеттер

1 .  Гражданов А.К., Медзыховский Г.А.  Грызуны и блохи населенных пунктов в Зауральском степном автономном очаге чумы // Вторая Межгосудар.научно-практ.конфер. по взаймодействию государств-участников СНГ в области санитарной охраны территорий.-Алматы, 2001. — С. 108-111.

2.  Бидашко Ф.Г., Гражданов А.К., Медзыховский Г.А. и др.О некоторых итогах изучения численности блох жилья человека на очаговых по чуме территориях Западно-Казахстанской области // Карантинные и зоонозные инфекции в Казахстане.-Алматы, 2001. — Вып.4 .- С. 89-93.

3. Бурделов Л.А., Альжанова А.Г. О состоянии дезинфекционной службы в Республике Казахстан // Вторая Межгосудар.научно-практ.Конфер. по взаймодействию государств-участников СНГ в област санитарной охраны территорий. — Алматы, 2001.-С. 46-51.

4. Бурделов Л.А., Канагатова А., Кулымбет М., Утешова Р.  О росте численности блох Pulex  irritans в  населенных пунктах Кызылординской области // Роль ветерин. науки в развитии животноводства:  Матер.междунар.научно-произв.конфер., посв.75-летию КазНИВИ. — Алматы, 2000.-С. 226-228.

5.    Бурделов Л.А., Кочубей Н.Г., Грюнберг В.В. и др.  О случаях массового размножения блох кошек и

собак в г. Алматы // Проблемы охраны устойчивого использов. биоразнообразия животного мир Казахстана: Матер.междунар. науч. конфер. – Алматы, 1999. – С. 166-167.

6.    Бекенов Ж.Е., Сержан О.С., Турмагамбетова С.У. и др. Блохи населенных пунктов Актюбинской области и их роль в динамике эпидпотенциала очаговой по чуме территории //Вторая Межгосудар. научно-практ.конфер. по взаимодействию государств-участников СНГ в области санитарной охраны территорий. – Алматы, 2001. – С. 94-98.

 

Пораженность населенных пунктов блохами в Кызылкумском автономном очаге чумы в 2000-2009 годах

Д.И.Ботабаева

По материалам обследования населенных пунктов на пораженность блохами выяснено что наличие блох в жилищах человека обусловлено  благоприятными условиями для их размножения ( влажность, отсутствие полноценной дезинсекции жилищ и подворий)

 

Infestation by fleas settlements in the Kyzylkum autonomous plague focus in the years 2000-2009

D.I. Botabaeva

According to the survey materials settlements in the exposed fleas found that the presence of fleas in human dwellings due to the favorable conditions for their reproduction (humidity, lack of a full pest houses and farmsteads)

Қызылқұм дербес оба ошағындағы, елді мекендердің бүрге- лермен залалдануы, олардың 2000-2009 жылдар аралығында таралу қарқыны

Д.И.Ботабаева

Қызылорда обаға қарсы күресу станциясы, Жосалы обаға қарсы күресу бөлімшесі

Поисковые слова:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *