Біз әскер қатарына шақырылғанға дейінгі 2433 жасөспірімдердегі денсаулықтарына келетін негізгі

факторларды игердік. Тұқым қуалаушылық бейімділігі, сыртқы орта жағдайы, адамның салауатты өмір салты негізгі факторлар ішінде 50% құрайды.

 

Жастардың денсаулықтарының жағдайы ұлттық масштабқа байланысты медико — әлеуметтік маңызды мәселелердің бірі. Соңғы уақытта бұл жағдай әскер қатарына шақырылған жастардың денсаулықтарының төмендеуіне байланысты, «әскер қатарына жарамды» көрсеткіштері азайды. [1].

Жасырын емес, Қарулы күштер қатарына және басқа да Қазақстан Республикасының әскер түзудегі қызметіне жасөспірімдерді жинау біздің қауымның бірден бір мәселесі болып табылады. Жастардың Отанды қорғау бойынша өздерінің заңды парыздарын орындауға мүмкіншіліктері жоқ, бірақ өз кезегінде дендерінің саулықтары бұған дайын емес, сондықтан Қазақстан Республикасы Қарулы күштер резерві шектеулі. Статистика бойынша Қазақстан Республикасының әскерге шақырылғандардың 40 пайызы созылмалы аурулармен ауырады [2,3].

Әскер қатарына шақырылатын контингенттердің сапалы құрамын жақсартуда, олардың ауруын төмендету мақсатында алдын алу іс шаралары жүргізілуі тиіс.

Біздің зерттеулеріміздің мақсаты қазіргі таңдағы әлеуметті – экономикалық жағдайда олардың аурушаңдығына әлеуметті- гигиеналық қауіп факторлар есебімен әскер қатарына шақырылғандарға емдік – алдын алу көмегін жетілдіру бойынша ғылыми негізделген нұсқауларды өңдеу.

Жалпы жинақталған анализдер негізіне жасөспірімдік бөлмедегі дәрігердің әскер қатарына шақырылғандарға арналған емханалық карталарымен статистикалық есеп мәліметтерін игеруге арналып қарастырылған. Зерттеуге 2007 -2009 жылдар аралығында Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінің емханасындағы профилактикалық қараудан өткен 1990/1991/1992 жылдары туылған (15-17 жас аралығы) әскер қатарына шақырылған 2433 жастар алынды. Зерттеу 3 жыл көлемінде жүргізілді, сол уақытта тексерушілердің дендерінің саулығы және жасөспірімдер туралы мәліметтер тіркеліп, диспансерлік есепке алынды.

Біз жүргізген зерттеулер негізінде төмендегідей негізгі факторлар анықталды: тұқым қуалаушылық бейімділігі, сыртқы орта жағдайы, адамның салауатты өмір салты. Соңғы фактор 50 пайызды құрайды. Біздің бақылаулардың нәтижесінде 52 пайыз жастар қалыпты дене салмақтары төмендеген, бірақ 62 пайызы түрлі секцияларға қатысатыны анықталды, бұл көрсеткіштер жақсы нәтиже бермейді. Шылым шегетіндер 45 пайызды, ал алкогольді ішімдіктер қолданатындар 20 пайызды құрады. Жоғарғы оқу орындарына 68 пайызы түсуді жоспарлауда, 15 пайызы 18 жастағы жастар отанды қорғауға жиналды. Біздің зерттеулеріміз кезінде қан жаса ушы және қан мүшелерінің аурулары, көбіне 30 пайызы темір жетіспейшілік анемиясын құраса, ал қабыну ауруларының ішінде тамақ-құлақ аурулары 14 пайызды, 12 пайыз гастрит және дуоденит аурулары байқалды.

Әскер қатарына шақырылғанға дейінгі жасөспірімдерді тексеру кезінде көбіне клиникалық белгілердің ішінде бас ауруы жиі кездесті. Оның жиілігі 86 пайызды құрады. 20 пайыз жасөспірімдерде алғашқы бас ауруы 10 жасына дейін пайда болған. Созылмалы бас ауруының құрылымы бірдей емес. Көбіне күштемелі бас ауруы жиі кездесті. (75 пайыздан жоғары).

Сондықтан да жүргізілген зерттеуде анықталғандай негізгі ауруды талдауда әскер қатарына шақырылғанға дейінгі жастарда дендерінің саулығы туралы, яғни емханалық деңгейде медико — әлеуметтік сферадағы міндеттер мен жастар ішіндегі емдік – алдын алу көмегін жоғарлату қажет.

Әдебиеттер:

  1. М.М. Цветкова. Факторы риска и прогнозирование развития респираторных патологий у юношей – подростков: м.ғ.к. ғылыми іздену дәрежесіне арналған диссертация авторефераты., Хабаровск. 2007ж., 28б.
  2. Н.К. Тузельбаев, Т.О. Нускабаев. Жасөспірімдік шақтың әлеуметтік – психологиялық сипаттамасы. Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Хабаршысы. №1, 2006ж., 74 -78б.
  3. В.Б. Хасин. Формирование здоровья молодежи допризывного возраста. Астана. 2009ж.

 

Проблема головной боли у юношей допризывного возраста

Ж.Е. Куттыгулова

Нами изучены основные факторы здоровья у 2433 подростков допризывного возраста. Установлено, что основными факторами риска в 50% являются наследственная предрасположенность, условия окружающей среды, образ жизни человека.

 

The problem of headache in young pre-conscription age
ZH.E. Kuttygulova

By us learned main factors of health at 2433 teenagers till fit for military ages. Determined, that mainly factors of the risk in 50% is hereditarily predispositions, condition of rounded people, image of humans life.

Әскер қатарына шақырылғанға дейінгі жастарда кездесетін бас ауру мәселелері

Ж.Е. Куттыгулова

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармациялық академиясы, Шымкент қ.

Поисковые слова: